2. Дескриптор, рубрика құрастыру. Тапсырмада қарастырылған мысалға дескрипторлар құрастырыңыз.
Бөлім бойынша жиынтық бағалау нәтижесі бойынша кері байланыс құралын – рубрика дайындаңыз.
Дескрипторлар
Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл
Білім алушы
1
2
3
4
Барлық балл саны:
«Ұлттық және отбасылық құндылықтар.Фонетика», «Әлемнің жеті кереметі. Лексикография»» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған РУБРИКА
5.4-тапсырма. Балл қою кестесін құрастыру. Берілген тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмасына балл қою қою кестесін құрастырыңыз
Тапсырма Оқылым Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Тапсырма Ертеде бір қаланың пәк әрі әділ қазысы жалғыз қызын иманды біреуге тұрмысқа бермек болады. Қызын талай байлар айттырады, бірақ олар қазының көңілінен шыға қоймайды. Бір күні қазы демалу үшін бау-бақшасына барып жайғасады. Бақша күтушісіне жүзім әкелуін өтінеді. Ол бір шоқ жүзімді жуып, қазыға ұсынады. Қазы жүзімді ауызына сала бере, артынан іле-шала жерге түкіріп тастайды да:
Неге жүзімнің тәттісін алып келмегенсің? - деп сұрайды. Сонда бағбан:
Қайсы жүзімді әкел десеңіз, соны әкелейін, ал олардың қайсысы тәтті екенін білмеймін.
Қазы таңғалып:
Екі жылдан бері жүзімдерді өсіріп, баптап келесің. Оның дәмін әлі күнге ажырата алмай жүрмісің?
Сіз мені жұмысқа аларда жүзімдерді күтесің деген едіңіз. Ал дәмін татып тұр деп айтқан жоқсыз. Сондықтан осы уақытқа дейін бір жүзімді де аузыма салып көрген емеспін, - депті.
Таңғалған қазы әйелімен ақылдасып:
Біз іздеп жүрген күйеу бала алыста емес, дәл біздің шаңырағымыздың астында екен. Қызымызды осы жігітке берейік, - деп, қыздарын адал бағбанға тұрмысқа береді.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
А. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. В. Адамгершілік қасиет – басты құндылық.
С. Өзгеге құрмет – өзіңе құрмет.
Д. Байлық – бақыттың белгісі. [1]
Мәтіндегі ақпараттарды ретімен орналастырыңыз.
Р/с
Мәтіндегі ақпараттар
Реті
1
Бағбан қазының күйеу баласы болады.
2
Қызын адамгершілігі мол жігітке күйеуге беруді шешеді.
3
Жүзімдердің қайсысы дәмді екенін білмейді.
4
Бағбан екі жыл бойы жүзімнің дәмін татпаған.
[1]
Мәтіндегі ақпарттардың қайсысы негізгі, қайсысы қосымша ақпарат екенін V белгіcін қою арқылы анықтаңыз.
Р/с
Мәтіндегі ақпараттар
Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
1
Бір күні қазы демалу үшін бау-бақшасына барып жайғасады.
2
Сондықтан осы уақытқа дейін бір жүзімді де аузыма салып көрген емеспін.
3
Біз іздеп жүрген күйеу бала алыста емес,
дәл біздің шаңырағымыздың астында екен.
4-5. Мәтінді тыңдап, мазмұны бойынша сөйлемдерді толықтырыңыз.