ІІ сайыс. «Шешендік »
- Бұл кезеңде мақал- мәтелдердің бірінші жолын мен өзім айтамын, соңын оқушылар толтырады.
Мақал- мәтелдер:
ІІІ сайыс. «ШЫН» немесе «ЖАЛҒАН» ойыны . Дұрыс және бұрыс сұрақтар қою арқылы оқушылардың сабақтағы білімдерін тексеру, өз ойларын дәлелдеу.
Берілген сөйлемдер:
1* Сен 1-інші мектепте оқисың. 2* Мектеп Мир көшесінде орналасқан.
3* Мектеп бес қабатты. 4* Мектепте тарих кабинеті жоқ. 5* Сен он бес жастасың. 6* Қазақ тілі кабинеті екінші қабатта. 7* Сен 4-інші сыныпта оқисың. 9* Сыныпта жиырма үш оқушы бар.
9* Сенің үйің Батыр Баян көшесінде орналасқан.
10* Бүгін қазақ тілі 1-інші сабақ. 11* Сен екінші партада отырасың.
12*Бүгін алты сабақ болады.
ІV сайыс. «Концептуалдық кесте толтыру»
Көп нүктенің орнына не мақал, не тақырыбын жазасыңдар.
|
Мақал- мәтелдер
|
Тақырыптары
|
1
|
Кітап – алтын қазына
|
.....
|
2
|
......
|
Мектеп туралы
|
3
|
Отан оттан да ыстық
|
......
|
4
|
.....
|
Білім туралы
|
5
|
Денсаулық – зор байлық
|
.....
|
6
|
......
|
Отбасы туралы
|
7
|
Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
|
.....
|
8
|
.......
|
Еңбек туралы
|
9
|
Досы көпті жау алмайды
|
........
|
10
|
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
|
.........
|
V сайыс. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.
І топ - мұражай ; ІІ топ- мұғалім; ІІІ топ – бұйымдар .
/ топтың бір оқушысы тақтада жазады/
VІ сайыс . «Кезекші» , «Отбасы» өлеңдерін немесе «Менің мектебім» мәтінін жатқа айтып беру.
VІІ сайыс. « Аудармашылар сайысы »
топқа : Жаны жоқ болса да,
Ақылды адам ісін істейді. / ***** /
топқа: Қырық екі аты бар,
Танысаңдар айтыңдар. / ****** /
топқа: Бір үйде көп бала,
Біреу - көк бала, Біреу - қара бала,
Біреу - қызыл бала, Біреу - сары бала.
/***** ***********/
VІІІ сайыс . «Айтайық, жаңылтпаштан жаңылмайық, «5»- деген бағадан да қағылмайық!» деген едік. Қане, балалар, бес алатын оқушыларды ортаға шақырамыз. Жаңылтпаш айтып жарысамыз.
1-топқа Сыныпта ақ бор бар
Көк бор бар,
Көп бор бар.
2-топқа Тақпақ жатта,
Жатқа жатта.
3-топқа Айналайын, ағалар,
Ағалардың еңбегін інілері бағалар.
ІХ сайыс. «Мектебім, аяулы мектебім» өлеңін үйрету.
Мектебім, аяулы мектебім
Өзіңсің өмірдің көктемі.
Нәр алып, қолымды созамын.
Арманға көктегі.
Мектебім, келеміз тағы да,
Күн сайын өзіңді сағына.
Сыңғырлап соғылды қоңырау,
Бар бала бағына.
Қайырмасы: Мектебім, аяулы мектебім
Бағыңда гүлдей боп көктедім.
Өзіңсің білімнің бұлағы,
Нәр алып , келемін.
Келеміз, қуанып біз дайын,
Мектебім, сен жайлы жыр дайын.
Ай қара есігін ашады,
Қарсы алып күн сайын.
Мектебім, өзіңді сүйемін,
Білімді санама түйемін.
Аяулы ұстаздар алдында,
Басымды иемін.