«жеті» санының этномәдени сипаты қайранбек Гүлнұр 5B011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет1/6
Дата01.04.2017
өлшемі1,78 Mb.
#13208
  1   2   3   4   5   6


«ЖЕТІ» САНЫНЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ СИПАТЫ

Қайранбек Гүлнұр - 5B011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»

мамандығының 4-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Бақбергенова Р.Қ.
Тіл адамзаттың жер бетіне түсірілген сәтінен бергі мыңдаған жылдар бойғы еңбегінің нәтижесінде бүгінгі кемелденген дәрежесіне жетті. Әр сөздің айтылуына қарай мың мағынасы дегендей, халқымыздың көнеден келе жатқан аталы сөздері, мақал-мәтел, қанатты сөздері, әртүрлі идиомалар, діни ұғымдағы сөздер, әдет-ғұрып, елдің дәстүрін, ескі салт-сананы айқын көрсете алатын сөздер қасиетті тақ сандар «үш», «бес», «жеті», «тоғыз», «он үш» және жұп «екі», «төрт», «алты», «сегіз», «он екі», «қырық» сандарымен байланысты.

Сан есімдер – фразеологизм жасауда көп кездесетін сөз табының бірі. Қай халықты алсақ та өзіндік ұстанған ырымы, наным-сенімі бар. Қазақ үшін сәрсенбі – сәтті күн, 7 – қасиетті сан. 7 санына байланысты толып жатқан жақсылық нышандары, айшықты атаулар бар. Әлемнің жеті кереметі, кемпірқосақ бояуының жеті түрден тұратындығы, жеті – музыкалық нота, аптаның жеті күні, жеті планета, міне, осының бәрі жеті санының әлемдік деңгейдегі құбылыстарға бай екендігін көрсетеді.

Әлемнің жеті кереметі, кемпірқосақ бояуының жеті түрден тұратындығы, жеті музыкалық нота, аптаның жеті күні, жеті планета, міне, осының бәрі жеті санының әлемдік деңгейдегі құбылыстарға бай екендігін көрсетеді. Қай халықты алсақ та өзіндік ұстанған ырымы, наным-сенімі бар . Қазақ үшін сәрсенбі – сәтті күн, 7-қасиетті сан, 7 санына байланысты толып жатқан жақсылық нышандары, айшықты атаулар бар. «Жеті ата», «Жеті жарғы», «Жеті қазына», «Жеті дәм», «Жеті амал», «Жеті ағайынды жұт» тағы да басқа осы атаулардың мағынасын ашуға тырысайық.

Тіліміздегі толып жатқан сөздер өткен өмірдің айнасы десек, ескі идеологияның, бұрынғы мифтік ұғымның ықпалынан туған деген пікірді дұрыс деп тапсақ, осы «жеті» сол пікірді толық дәлелдей алады. Алматы облысының Ұзынағаш ауданына қарасты Жеті әулие жатқан жер бар. Жеті әулиенің екеуі әулие кісі де, бесеуі батыр екен. Жетеуі бірігіп жаумен соғысып, ерлікпен қаза болған қасиетті жер. Мұнда келген кісілер бір сәтке болса да тоқтап құран бағыштап өтеді екен.

Діни ұғым, магиялық сананың «жетімен» байланысты екендігін «жеті бүзірік (мүдірік) әулие »(мұндағы «бүзірік» - зор, ірі деген мағынада) немесе «жеті шәріп» деген фразалар да көрсетіп тұр. «Жеті шәріп » деп жүргендері мыналар : 1. Меке шәріп, 2. Мәдина шәріп, 3. Бұхар шәріп, 4. Шам шәріп, 5. Қатым шәріп, 6. Құддыс(Мысыр)шәріп, 7. Кәлем шәріп. [1, 37]

Жоғарыда айтып өткеніміздей, қазақ қоғамындағы үштік қатынастың жүйесінен туындайтын туыстық сөздерден бүтін туыстық атаулар аймағы қалыптасқан. Осының негізінде «жеті» санымен байланысты идея халық арасында қалыптасып салт, заң болып кеткендігін толық дәлелдейтін бір мысал – ол «жеті атадан әрі ғана қыз алысу» заңы. Араға жеті атаны салып, құда түсу салты түрік-моңғол халықтарының бәрінде ғасырлар бойы сақталып келген. Бертін келе алыс-жақындықтың өлшемі де осы «жетімен» өлшеніп, ең болмағанда әр рудың адамы жеті атасын – бергі шежіресін білуге міндетті болды. Осыдан барып, «жеті атасын білмеген мұрт еді» деген сөз қалған болуы керек [5.15].

Адамның өз жұрты жеті ұрпаққа таратылып аталады. Сондықтан өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі. Қандастық жағынан алғанда үлгі боларлық зор қызметі мен маңызын халқымыз ерте түсінген және оны берік ұстанып келген.

«Жеті күн»: 1) Бүгін. 2) Ертең. 3) Бүрсүгіні. 4) Арғы күн. 5) Ауыр күн. 6) Соңғы күн.7) Азына.

«Жеті жұт»: 1.Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылуы). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су, сел. 7. Зілзала (жер сілкінісі). Ертеде тағы бір түрінде көк долы әйелді де жатқызған. Осы жұттың қайсысы болсын өзімен бірге екінші жұтты шақыра келеді. Сондықтан бір жұтпен байланысты басқа жұттың шығуы «жеті ағайынды» дегенді толық айқындап тұр. [1, 43]

«Жеті жоқ»: 1. Жерде өлшеуіш жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4.Тасбақада талақ жоқ. 5. Суда түс жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7.Жылқыда өт жоқ.

«Жеті ғалам» қазіргі тілімізде «дүние жүзі», «бүкіл әлем» дегенді білдіреді. Сонда жеті саны негізгі бағытты білдірген. Олар дүниенің төрт бұрышы: күншығыс, күн батыс, түстік, терістік, аспан – жоғары ғалам, жер – орта ғалам, жер асты – төменгі ғалам.

«Жеті қабат жер, жеті қабат көк» немесе «Жеті қат көк, тоғыз қат көк» жеке-жек қарайтын болсақ: Жеті қат жер: 1. Тұңғиық. 2 Жылан. 3. Су. 4. Қос балық. 5. Қара тас. 6. Көкөгіз. 7. Жер.

Жеті қабат қара жер тізесінен кіреді,

Атқанын тастан өткізсе,

Садағының бір оғын,

Жеті қабат жер астына жеткізсе,

Ол мергендікке жарасар [1, 36] – деген өлең жолдарынан осы жеті қабат жер астына байланысты айтылған ойды көреміз. Ал, «жеті қат көк» біздің қария кісілерден естіп жүргенімізге қарағанда мұндағы жеті саны «жеті жұлдызға» сәйкес келеді. Ай, Меркурий, Шолпан , Күн, Қызыл жұлдыз , Юпитер, Сатурн. Осы жеті жарық шығыс астрономиясында «жеті қат көк» деп аталады.

«Жеті қарақшы» - аспан әлеміндегі жұлдыздың аты. Қазақ тіліндегі қарақшы сөзі башқұрт, татар, ноғай тілдеріндегі «ұры» мәнін беретін «қарақ» түбіріне «-шы» жұрнағының қосылуы арқылы жасалған. Ал «Жеті» объектінің саны. Жетіқарақшы жұлдызы туралы әр түрлі аңыздар бар, солардың бірі: «Ертеде Қыран атты жігіт пен Үлпілдек атты қыз көңіл қосып, жігіт қызды алып келе жатқанда, жеті қарақшы қызды алып қашып, ешкім жете алмасын деп аспаннан орын тапқан екен. Содан бері «Жетіқарақшы» аталыпты. Осы аңыздар туралы Ш.Уәлиханов : «Бұл ерте заманнан келе жатқан аңыз болуға тиіс, өйткені моңғолдар жеті қарияның жұлдызы деп атайды. Халқымыз Жетіқарақшы жұлдызын жеті сақтаушы, күзетуші ретінде қастерлеп, дәріптеген», - деп көрсетеді. [2, 67]

Жеті қазына – бұған халқымыз ер жігіт пен асыл жарды, құмай тазы мен берен мылтықты, қыран бүркіт пен ер қанаты-жылқыны және қазанды жатқызған. Қариялар жеті қазынаға: жүйрік ат, қаққыш тазы, алғыр қыран, берен мылтық, ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білімді жатқызады.

Адамның күнделікті тіршілігіне бұлардың аса қажет екені сөзсіз. Әсіресе, ұлан-байтақ жерде мекен етіп, малының ыңғайына қарай көшіп жүрген дала қазағы үшін өте өте қажет дүниелер .

Жеті дәмге келер болсақ, олар – су, тұз, май, ет, дән (бидай, жүгері, күріш), ұннан жасалған қамыр кеспе, айран. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін кезінде Ұлыстың Ұлы күніне арналып берілетін бұл көже үнемі малы мен жанын ойлап, арып-ашып жүрген адамға әрі әл, әрі нәр беретін болған және көженің құрамын байытып, құнарын арттырады.

«Жеті нан» немесе «жеті шелпек» - құдайы беру, жеті нан тарату. «Жеті нан әрқашанда аруақ болып желеп-жебеп, бәле – жаладан қорғап жүреді» - дейді[1, 47]. Бұл «жеті» санының қасиеттілігінен туындап отырса керек.

«Жеті нан» құдайымен мәндес, төркіндес, «жеті тиын садақа», «жеті тиын нәзір» тұрақты тіркестері бар. Мағыналары: ертеде бір нәрседен қатты қорқып сескенгенде, яки сыйынғанда құдайға, аруаққа жалынып, кездескен қиындықтан өзін сақтауын тілеп, жолына мал, зат, ақша атап отырған. Оның саны жетеу болуы шарт.

«Жеті жаман». «Күншілдік деген бар, содан сақтан,

Кекшілдік деген бар, содан сақтан.

Астамшылдық деген бар, одан алыс жүр,

Сараңдық деген бар, одан қалыс жүр,

Қараулық деген бар, одан таза бол,

Бәлеқорлық деген бар, одан да ада бол,

Ынсапсыздық деген бар, содан аман бол!»

«Әлемдегі жеті керемет немесе жеті әлемет». Өнер тарихына байланысты «Әлемнің жеті кереметі» деген түсінік антикалық жазушылар шығармаларында б.з.д. ІІІ ғасырдан бастап атала бастайды. «Жеті керемет» дегеніміз мыналар: 1. Мысыр пирамидасы. 2. Галикернас сағанасы. 3. Родос алыбы. 4. Александрия шамшырағы. 5. Эфестегі Диана ғибадатханасы. 6. Олимпиадағы Зевс мүсіні. 7. Семирамиданың аспалы бағы.

«Жетелі жұрттың жеті белгісі» : Ту, елтаңба, әнұран, елұран, елтеңге, төлқұжат, ұлт жазуы.

«Жетімен» байланысты сөз тіркестері де, ертеден келе жатқан мақал- мәтелдер де кездеседі. Мәселен: «Жерден жеті қоян тапқандай қуанды» - қатты қуанды, шаттанды, мәз болды. Табан астынан, күтпеген жерден болған жақсылыққа қуанғанда айтылады. Атына міне сала, жерден жеті қоян тапқандай шауып барады(Ғ.Мұстафин). [8, 259].

Батты бұған жастықтың өр талғамы, Кете барды тістелеумен бармағы... Жерден жеті қоян тапқандай, Бала күйші мұның күйін жалғады, - деп жырлаған М.Сатыбалдиевтің «Шула, толқын» атты өлең жолдарынан да кездестіруімізге болады.

«Жеті ру» - елдің бәрі, барлық ағайын-туыс дегенді білдіреді. Жеті рудан жиналған, Жатыр отқа жалынып, Бой көтеріп алғайсың (Қ.Аманжолов, Шығ.) [6, 396].

«Жетіген» - Ұзынша жәшік тектес етіп жасалған, жеті қыл ішегі бар шертпелі музыка аспап. Мұнан өзге «алып алты, жеп жеті болмайсың», «жетімнің құрсағы жеті қабат», «кедейдің жеті қаңтаруы бар», «бала жетіге келгенше жерден таяқ жейді», «жеті тылсым», «жеті ықылым», «жеті кәміл» т.б. тіркестерде кездеседі.

Қазақта әрбір он үш жыл – бір мүшел. Оны қауіп санап, сақтанып жүрген. Кейінгі кезде әлем ғалымдары 7 санының да қауіпсіз емес екендігін айтып жүр. Мысалы 14 жасты алайық (7+7=14). Он үш жастағы алғашқы мүшелден аман-есен өткен жасөспірім 14 жасында қаперге тап келуі мүмкін дейді. 13 жасқа 12 жылдан қосып отырса, қалған мүшелдер рет-ретімен шыға береді (25, 37, 49, 61, 73, 84...). Демек, жасөспірімнің 14 жаста қауіп-қатерге тап болуы мүшелдің емес, 7 санының салдарынан болған құбылыс (7+7=14). Сол секілді, 21, 28, 35, 42, 49 т.б. сандары да мүшел секілді қауіпті. Әсіресе, 49саны. Бұл әрі мүшел, әрі жеті жетінің қосындысы (7х7=49). Халқымыз қастерлеген жеті санының қасиетімен бірге осындай қасіреті де бар көрінеді.

«Жеті» саны сонымен бірге өзге елдерде де киелі, қасиетті саналады. «Жеті қарақшы» қырғыз тілінде «жеті арқар» деп аталады. «Жеті ата» ұғымы қырғыз, татар халықтарында да бар. Татар тілінде «жеті рет өлшеп, бір рет кес» - «жиде кат үлче, бер кат кис», «маңдайы жеті қарыс» - «маңгае жиде карыш», «жеті қат терісін шығару» - «жиде кат тиресен тунау»түрінде келеді. «Жеті түн» қырғыз тілінде де қолданылады. Мысалы, «Жеті түндө мында емне қылып жүрөсүн?». Қытай халқы да қазақ халқы секілді адам дүниеден өткен соң біраз уақытқа дейін жеті күн сайын марқұмды еске алып, жоралғыларын жасап отырған. Көрші орыс халқында да «Семь мудрецов, семь чудес света; Весь окружающий нас мир строится на эдакой семиречности: семь чудес света, семь дней недели, семь нот в гамме, семь звезд большой медведицы, семь светов радуги» секілді тұрақты сөз оралымдары бар.

Қорыта айтқанда, халқымыз қасиетті санаған «жеті» саны талай-талай мағыналы, мазмұны терең мән тауып, өмірі мен тұрмысына тірек, жанына жалау болды. Жас ұрпақты тәрбиелеуде, қазақ шежіресін үйретуде бұл қасиетті санның маңызы өте зор.

Абай атамыз айпақшы, «құлақтан кіріп бойды алатын жақсы ән мен тәтті күйдің» барлығы да бар болғаны жеті әуездің комбинациясы. Адам адасқанда батыс-шығыс пен оңтүстік-солтүстікті анықтау үшін аспаннан Темірқазық жұлдызын іздейді. Себебі, ол атының өзі айтып тұрғандай солтүстікті көрсетіп тұратын қозғалмайтын әлемнің кіндігі. Бабаларымыз айтқандай: «Жеті қарақшыны таныған, жеті қараңғы түнде де адаспайды». Оның мағынасы Жеті қарақшы бейне бір аспан сағатының тіліндей сол Темірқазықты айналып отырады. Адам баласымен қоса барлық жануарлардың денесі мен ең ардақты мүшесі басын қосып тұратын мойын—омыртқа буындарының саны да жетеу. Жас туған нәрестенің кіндігі жеті күннен кейін түссе, адам өмірден озған соң, марқұмды жеті күн өткен сайын біраз уақытқа дейін еске алып, жоралғыларын жасайды. Әлемнің толып жатқан ғылымдары мен тұрмыс-тіршілігінде жеті санының орны ерекше.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ф.Р. Ахметжанова, Қ.С.Дүсіпбаева. Қасиетті сандар қатысқан қазақ ескіліктері: Ғылыми басылымы – ШҚТУ, Өскемен, 2001 – 112 бет.

  2. Уәлиханов Ш. Бес томдық шығармалар жинағы. І том, Алматы, 1961.

  3. А.Машанов. Әл-Фараби және Абай. Алматы, 1994 – 192 бет.

  4. Ақылдың кені. (Ұлағатты сөздер). Құраст. Қ.Жарықбаев. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2012. – 216 бет.

  5. Кеңесбаев І. «Жеті, үш, тоғыз, қырық»пен байланысты ұғым. // Қаз.ССР Ғылым акад.хабарлары. Филология сериясы, 1946.

3-14 б.

  1. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 7-том/ Құрас.: Б.Момынова, Б.Сүйерқұлова, А.Фазылжанова және т.б. – Алматы: «Арыс» баспасы», 2007. – 752 бет.

  2. Түбір бір түркі өркениет/ Әділ Ахметов. – Алматы, «Арыс» баспасы, 2009. – 344 бет+ 8 бет түрлі түсті суретті жапсырма.

  3. Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. – 800 бет.

  4. Уәлиев Н. Жұмбақ жетілер// Жалын, 1988. - №3. – 106-108бб.

КОММУНИКАТИВТІ МАҒЫНАНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЫМ-ИШАРАТТАР

АРҚЫЛЫ БЕРІЛУ ЖОЛДАРЫ
Мұсахан Ұлжан - 5В012100 – «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Бақбергенова Р.Қ.
Тілдік қатынас – адамдар қарым – қатынасының ерекше формасы, ой бөлісу түрі. «Тілдік қатынас сөйлеу тілі арқылы ұғынысу, түсінісу дегенді нақтылай келіп, жай ғана қарым – қатынас дегеннен гөрі тамыры тереңге кеткен, өмірде өзіндік орны бар, қоғамның даму үшін ең қажетті қоғамдық - әлеуметтік ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бір – бірімен пікір алмасу, адамдар қатынасының түп қазығы дегенді білдіреді».

Адамдар тек сөйлесу арқылы ғана қарым – қатынас жасамайды. «Жалпы адамдардың қарым – қатынасына қатысты әрекеттер екі үлкен тармақтан тұрады. Оның бірі – тілдік қатынас, екіншісі – тілсіз қатынас » . Яғни, бейвербалды қарым – қатынас болып табылады. Бейвербалды қарым – қатынсатың ұлттық сипаты ол әр халықттың ұлттық сипатына сай. Бейвербалды амалдарсыз адам өз ойын мардымды, сенімді түрде жеткізе алмайды. Бейвербалды амал адам сөзіне мағына үстеп тұратын қимыл - әрекет болып табылады. Бейвербалды амалдар – ауызекі тілдің ажырамас бөлігі.Қарым – қатынас кезінде бейвербалды амалдар тілдік амалдармен қатар қолданылып, сөйлеуді жеңілдетеді. Қазақ халқының тұрмысында біте қайнасып кеткен сан алуан бейвербалды амалдар ұлтымыздың салт-сана, тәлім-тәрбие, әдеп, үлгі-өнеге, тағылым және таным саласындағы ғасырлар бойы жинақталған, дәстүрге еніп, қалыптасқан бай қазыналарының бір тармағы. 

Бейвербалды амалдар туралы тұңғыш зерттеулер Ч. Дарвиннің «Выражение эмоций человеком и животными » (1872 ж) кітабы саналады. Ал соңғы кездердегі зерттеу нәтежиелеріне иек артсақ, адамдар арасындағы қарым – қатынастың 7 пайызы вербалды (сөздер, сөйлемдер); 33 пайызы вокалды (интонация, дауыс ырғағы, дауыс немесе дыбыс әуезділігі, екпін мен қарқын т.б) және 55 пайызы бейвербалды элементтер арқылы жүзеге асады.

Адамның дене тілі мән-мағыналы болып, қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етуіне дене мүшелерінің барлығы дерлік қатысады. Сондықтан батыс елдері мен орыс тіл білімінде адамның дене мүшелерінің қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етуіне байланысты «Язык лица», «Язык жестов» сияқты зерттеу еңбектері бар.

ХХ ғасырдың 40-жылдарында пайда болған паралингвистика саласы осы біз айтып отырған қарым-қатынастың бейвербалды элементтерін зерттеумен шұғылданады. Грек тілінен аударғанда «para» сөзі «маңайында, жанында» деген ұғымды білдіреді, яғни тілдік әрекет түрлері – жазба тілі, пантомимо тілі, ым-ишаратпен қатар пайдаланылатын құбылыстар паралингвистикалық құбылыстар болып табылады. «Паралингвистика» терминін алғаш ғылыми айналымға енгізген американдық ғалым А. Хилл. Ал психолог Дж. Трейгер бұл ғылымның зерттейтін міндеттерін айқындаған бірден-бір ғалым болды.

Ғалымдардың тұжырымдауынша, тілдік (вербалды) құралдар көмегімен дәйекті ақпарат беріледі, ал, керісінше, тілдік емес (бейвербалды) құралдар арқылы диалогке түскен тараптардың жай-күйі мен сезімі жеткізіледі. Бұған дәлел, күнделікті өмірде көріп жүргеніміздей, ым-ишарат арқылы ойды жеткізу оңай, тіпті тиімді болып келеді.

Коммуникацияның бейвербалды амалдарына (ым-ишарат, дене іс- қимылдары) қарап, адамның ұлтын, мәдени болмысын табуға болады, себебі әр ұлттың дене тілінде өзіне ғана тән спецификалық ерекшелік бар, сонымен қатар ол ерекшеліктер көп жағдайда тұрақты тіркестердің туындауына ұйытқы болады. Мәселен, қамшы боп тию, қамшы кесті шабан, қамшы үйіру деген тұрақты тіркестерде қазақ халқына ғана тән ишараттар айтылады. Мұндай ерекшеліктерді ескере білген зерттеуші И. П. Лысакова былай дейді: «В речи любого человека всегда отражаются его социально-классовая принадлежность, возраст, образование, род занятий, место жительство, пол, обстановка, форма, цель, характер общения» [1, 4 б]

Жалпы түркологиядағы ым-ишарат және дене тілі жайлы құнды пікірлерді профессор Б. Момынованың зерттеулерінен байқауға болады. Ол өз зерттеулерін академик Н. К. Дмитриевтің «Строй тюркских языков» атты еңбегі негізінде, соның ішінде «К изучению турецкой мимологии» атты тарауындағы материалдарды басшылыққа ала отырып жасаған. Бейвербалды амалдардың зерттелуі жайлы ғалым былай дейді: «Кең ауқымдағы танымдық тұрғыдан да дене тілі, ым мен ишаратты зерттеу – тілдің әлеуметтік, психологиялық лингвистика сынды салаларының фактілерін салыстыра отырып, кешенді зерттеу арқылы іске асатын, теориялық тұғыры әлі толық қалыптаса қоймаған жаңа бағыт» екенін айтады. [2, 6 б].

Коммуникацияның бейвербалды элементтеріне, яғни ым мен ишаратқа, дене қимылдарына қарап отырып, адамның қай ұлттың, қай құрлықтың өкілі екенін шамалауға болады, өйткені әрбір ұлттың дене тілінің өзіндік сипатты ерекшелігі бар және осы ерекшеліктер көбінесе фразеологизмдерге негіз болып табылады. Мысалы, қамшыны көзге шұқыды, қамшыны алдына тастады, әйел бетін шымшыды десек, қазақтарға ғана тән ишараттарды таныр едік.

Дене тілінің осы жүре – бара пайда болатын түрі табиғаты жағынан тіліміздегі интернационалдық сөздерге, кірме сөздерге аса ұқсас. Мысалы, әлденені құптау, мақұлдауды білдіретін қол көтеру ишараты – интернационалдық сөздерге ұқсас. [1, 7,8 б]

Әдебиеттанудағы бейвербалды амалдарға алғаш көңіл аударған Ж. Аймауытов саналады. «Психология» атты еңбегінде келбет ілімі, беттің ымы туралы алғаш рет сөз қозғаған. Ол мимикаға: бет құбылысын, маңдайдың қатпарларын, маңдайдағы сызықты, көз қарасын, танау,мұрынның желбіреуін, еріннің жымырылуын, т.б жатқызады. Ал ишараны ымдасу сөзімен бөліп атайды да, оған: көкірегін керу, иығын қозғау, төмен түсіру сияқты қимылдарды жатқызады. [2, 6 б]

Ал М. Жұмабаев – бейвербалды амалдар мен адам психологиясы арасында терең байланыс барын алғаш аңғарғандардың бірі. Ол: «Адамның жан сыры дене арқылы, мимика арқылы сыртқа білінеді », - дей келе, дененің жанға байлаулы болатынын, соған байланысты ішкі жан дүниенің дене қимылдарының жасалуына әсер ететінін айтады. [3, 156 б]

Тілсіз қарым қатынасқа деген қызығушылық ежелгі дәуірден бастау алған. Ұлы грек философы Платон дене қимылдарын қолдануды жоғары бағалаған. Атақты шешен Цицерон басқа шешендерге: «Барлық жан қимылы ишаралармен үстемеленуі тиіс», - деп кеңес береді.

Тілсіз қарым-қатынасты зерттейтін сала – паралингвистика (гр. «para» - жанында, қасында деген мағынаны білдіреді). Яғни ол хабарланатын ойдың, пікірдің вербалды (сөзбен білдіру) тәсілдерімен қоса, сөйлеу үстінде қолданылатын вербалды емес (тілсіз) амалдармен берілуін және сөйлеу кезінде қолданылатын вербалды емес, тәсілдердің жиынтығын зерттейді. [4]

Паралингвистка сөйленіс кезіндегі, оның ішінде ауызша қатынас кезінде қатарласа жүретін дыбыстық кодтармен шұғылданады. Бұл дыбыстық кодтар – информацияның белгілі бір мән-мағынамен баюын, бағалауыштық және мағыналық түрлі реңктердің болуын, сонымен бірге олардың тілдік қатынас кезінде өмір сүруін қамтамасыз ететін мағыналық, дыбыстық кодтар. 

Сөйлеу кезінде паралингвистикалық тәсілдер үш түрлі қызмет атқаруы мүмкін: қосымша ақпарат береді, айтылмаған сөз орнына қолданылады, сөзбен бірге, аралас қолданылады.

Қандайда бір ақпараттарды арнайы белгілер жүйесі арқылы бере аламыз. Коммуникативтік процесте қолданылатын бірнеше белгілер жүйесі бар, соған сәйкес қылып қарым-қатынас үдерісінің топтастырылуын жасауға болады. Егер коммуникацияны бөліп қарастырсақ, олардың белгілік жүйелердің әртүрлісін колдануына байланысты вербалды және вербалды емес деп бөлуге болады.

 Бейвербалды амалдардың негізгі типтері: кинесика, просодика, такесика, проксемика. Қазақ халқының тұрмыс-салтында да осы аталған бейвербалды амалдардың барлық түрі орын алған. 

Кинесика – адамдардың эмоциялық рефлекстерін бейнелейтін дене мүшелерінің қимыл-әрекеті. Кинесикаға қимыл, ым-ишара, қозғалыс, кейіп, жүріс-тұрыс жатады.

А) Жүріс-тұрыс. Бұл адамның қозғалыс стилі. Жүріс-тұрысқа адамның ырғағы, ритмі, қозғалыс барысындағы дене амплитудасы жатады. Жүріс арқылы адамның көңіл-күйін, мінезін, жас ерекшелігін білуге болады. Мәселен: 1) Оң қолын төсіне (кеудесіне) қою – үлкенді сыйлаудың, құрметтеудің және сәлемдесудің белгісі; 2) Қол жаю – құран оқып болған кезде жасайтын ишарат немесе керісінше, қолды теріс жаю - қарғыс айту, қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша теріс бата беру; 3) Екі бүйірін таяну – салт бойынша қазақ әйелдері баласы (ұлы, қызы) я болмаса ері қайтыс болғанда осылайша жоқтайды. «Бүйіріңді таянба» деген тиым қазақ халқында осыдан қалыптасқан; 4) Иілу – сәлем беру. 

Б) Дене қалпы. Адамның денесі мың түрлі қалып-күйде қозғалуы мүмкін. Дене қалпын бейвербалды амалдардың бір түрі ретінде психолог А.Шефлен көрсеткен болатын. Мәселен 1) Қос қолды кеудеге қою – сәлемдесу; 2) Желке қасу – қолдан келер қайрат, амалы жоқ жігерсіздікті, әрекетсіздікті  танытады; 3) Желкеге қолын қою – айыпталу, тұтқын болудың айғағы; 4) Басын төмен салу – ұялу, қымсыну, қысылу.

В) Қимыл-әрекет. Қимыл-әрекет тілі – қарым-катынасқа түсудің ең көне түрі. Әр дәуірде әр халык түсінісу үшін белгілі бір арнайы амал-әрекеттер жиынтығын қолданған. Қимыл-әрекеттің саны ең негізгі мәселелердің бірі. Бұл этностық, ұлттық болмысқа байланысты болады. Мәселен, 1) жағын таяну – торығу, қамығу, мұңаю белгісі. «Жағыңды таянба» деген тиым қазақ халқында осыдан қалыптасқан; 2) Басын изеу – келісу, мақұлдау.

Г) Мимика. Түрлі сезімдерді білдіретін бет бұлшықеттерінің қозғалысы. Бет-әлпет мимикасы негізгі алты түрлі эмоцияны білдіреді: ашу, қуаныш, қайғы, қорқыныш, таң қалу, жиіркену. Мәселен, 1) қасын керу – таңданысты білдіру; 2) Мұрнын тыржиту – мазақ қылу, жаратпау; 3) Қабағын шыту – біреуге күш көрсету, ренжу, қатты ашулану, көңілі толмау.

Ғ) Визуалды контакт – қарым-қатынастың негізгі элементі. Трансмиссорға карап тұру тек қызығушылыктың белгісі емес, сонымен қатар рецепиентке акпаратқа назар аударуға көмектеседі. Мәселен, 1) Көзін қадау (оқты көзін қадау)- жиіркенуді, жек көруді аңғарту; 2) Көзімен адырая (бажырая) қарау – шектен шыққан ашуды білдіру; 3) Ала көзімен қарау – көңілі толмау, жек көру; 4) Көзін төңкере қарау – сұхбаттасына қылымсу, еркелеу;

 Просодика – экстролингвистикалық амал, акустикалық және оптикалық аппарат каналдарының қатысуымен жасалатын тілдік қатынастың мағыналық бөлшектері тембр, дыбыс ырғағы, тон сияқты амалдарды жатқызамыз. Коммуниканттардың дауыс екпінін, тонын, жиілігін, ырғағын байқау олардың ойы мен сезімдерінен хабардар болу үшін маңызды. Мәселен, 1) Ішін тарту – мәз-мейрам болып қатты куану немесе таңырқау, таңдану, шошыну; 2) Таңдайын қағу – біреудің ісін жақтыртпау, кінәлау.

Такесика – коммуниканттардың арасындағы қарым-қатынас кезіндегі дене мүшелерінің түйісуін қарастырады. Оған қол беріп амандасу, арқа қағу, сүю сияқты амалдар жатады. Мәселен, 1) Құшақтасу – біреумен кездесуге қатты қуану, сүйіспеншілік белгісі. Салттық ишарат бойынша, жақыны, туысы қайтыс болған адамды жұбату, көңіл айту мақсатымен жасалады; 2) Арқасынан қағу – мақұлдау, қоштасу немесе еркелету; 3) Төс қағыстыру – амандасу;

Проксемика – адамдардың коммуникация процесіндегі ара қашықтықты (дистанция) және коммуникацияға түсушілердің бір-біріне қатысты кеңістіктегі бағдарын (ориентация) қарастырады. Мәселен, 1) Бұрыла қарау – қасындағы адамның сөзін тыңдауға, әңгімелесуге дайын, пейілді екендігін білдіру; 2) Шалқайып отыру – бәрінің айтылып болғанын, әңгіменің таусылғанын білдіру. [2, 8, 9 б]

Қорыта келсек, тілсіз қарым-қатынас – кинесикалық, просодикалық, такесикалық, проксемикалық бейвербалды амал-тәсілдер арқылы іс жүзіне асатын қарым-қатынас түрі.  Жоғарыда келтірілген мысалдардан қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы арқылы халық мінез-құлқын жақсы білетін тәжірибелі адамдар әр адамның жүріс-тұрысынан, іс-әрекетінен, қас-қабағынан оның көңіл-күйін айтпай-ақ сезіп-біліп отыратындығын байқаймыз. 

Қазақ халқының тұрмысында біте қайнасып кеткен сан алуан бейвербалды амалдар ұлтымыздың салт-сана, тәлім-тәрбие, әдеп, үлгі-өнеге, тағылым және таным саласындағы ғасырлар бойы жинақталған, дәстүрге еніп, қалыптасқан бай қазыналарының бір тармағы. 

Сөздік қолданысқа қарағанда ақпараттың жетпіс пайызы мимикалық қимылдар арқылы, яғни адамның көзі, көзқарасы, бет-әлпеті көбірек мәлімет береді. Маңдай, қас, ауыз, мұрын, иек – бұл бет-әлпеттері адамға тән басты эмоцялардың көрсеткіші. Ж. Аймауытов мимиканың зерттеу аумағын төмендегідей топтастырған:

Бет құбылысы;

Маңдайдың қатпары, сызығы;

Қастың қимылы; Танаудың желбіреуі;

Еріннің, төменгі жақ сүйегінің қозғалыстары т.б. жестке бастың, иықтың, еңсенің қозғалуын жатқызады .[9]

Қазақ мәдениетіндегі ым мен ишараттарға байланысты атқарылған жұмыстар әр түрлі ғылым салаларында кездеседі. Қазақ зиялыларының көзқарастарын саралай отырып, бейвербалды қарым – қатынастың маңыздылығын, бейвербалды амалдарсыз, ым мен ишарат, мимикасыз адам өз ойын айқын жеткізе алмайтындығы дәлел. Зерттеушілердің жасаған тағы бір түйіні бойынша, вербалды немесе тілдік құралдар арқылы нақты ақпарат берілесе, бейвербалды құралдар диалогқа қатысып отырған екі жақтың эмоциясы мен сезімін жеткізудегі таптырмас құрал. Тіпті кейбір жағдайларда, күнделікті өмірде көріп жүргеніміздей, ым мен ишараттың қатысы арқылы ойыңды жеткізу оңайға түседі, кейде тиімді болып шығады.

Қорыта келгенде, бейвербалды амалдар дегеніміз – вербалды амалдарды толықтырып, оларға қосымша мағына үстеумен бірге, коммуникативтік актіні жалғастыру қызметін атқаратын қарым – қатынастың бір түрі. Тілсіз қарым-қатынас – кинесикалық, просодикалық, такесикалық, проксемикалық бейвербалды амал-тәсілдер арқылы іс жүзіне асатын қарым-қатынас түрі.  Жоғарыда келтірілген мысалдардан қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы арқылы халық мінез-құлқын жақсы білетін тәжірибелі адамдар әр адамның жүріс-тұрысынан, іс-әрекетінен, қас-қабағынан оның көңіл-күйін айтпай-ақ сезіп-біліп отыратындығын байқаймыз. Сонымен, қарым-қатынастың коммуникативті жағы- вербалды және вербальды емес процестер арқылы адамдардың ақпарат алмасып, бірігіп әрекет етуге міндетті керек жағдай.


Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет