Демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тіліндегі мағынасы "қалалық" деген ұғымды білдіреді



Дата10.10.2023
өлшемі79,88 Kb.
#184478
Байланысты:
Даяна Баймуратова (копия) (3)


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
 Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
 

 Факультеті: «Спорт және Өнер»
 Мамандығы: «Хореография»
БӨЖ
 
Дайындаған: Даяна Баймуратова
Группа:”ӨХФ-211
Қабылдаған: Нурбол Байбахов
Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар 
1.

Урбанизация 
Урбандалу (Урбанизация) (лат. urbs - қала, urbanus - қалалық) – еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерек­шеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тіліндегі мағынасы "қалалық" деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл – қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы. 
"Урбанизация" ұғымын "урбанизациялану" ұғымынан ажыратып қарау керек. Біріншісі процесті білдіреді, екіншісі - процесс барысында қол жеткен көрсеткіш денгейі. Урбанизацияның негізгі көрсеткіші - елдегі қалалық тұрғындардың үлес салмағының арту қарқыны ("урбанизация қарқыны")

Урбанизация үрдісі осылардың арқасында жүреді: 

ауылдық елді мекендердің қала статусын алуы;
қала маңы аудандарының пайда болуы;
ауылдық жерлерден қалаға қарай миграция. 
қала халқының табиғи өсімі

Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі

Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі Қазақстан халқының саны аумағының үлкендігіне сай келмейді. Халықты біркелкі қоныстандыру және үлкен аймақты игеру мүмкін емес. Сонымен бірге халықтың қоныстануына табиғат жағдайы қолайлы жерлердің тек 1 / 3 бөлігі ғана жарайды. Сондықтан да мемлекетті модернизациялау бағдарламасында негізгі рөлді халықты аумақтық ұйымдастыруға баса назар аударады. Оның дұрыс орындалуы халықтың еңбек әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіншілік береді. Халықты аумақтық ұйымдастыруға орналасу және қоныстану жатады. 
Халықты орналастыру

халықты мемлекет, облыс көлемінде, аймақ бойынша орналастыру.

Халықтың қоныстануы 
халықты елді мекендер бойынша орналастыру.

Қалалардың қалыптасуын және дамуын урбандалу деп атаймыз (лат. urbanus - қалалық).
1) қаланың және халқының өсуі;
2) қалалық тіршіліктің өркендеуі;

3) орналасудың жаңа түрінің пайда болуы.
Урбандалу көрсеткіші 
Көрсетілген аумақтағы қалаларда өмір сүретін адамдардың аталған аумақтағы жалпы халыққа шаққандағы пайыздық қатынасы. Бұл көрсеткіш пайыздық қатынаспен беріледі. Әдетте, урбандалуды сипаттау үшін салыстырмалы көрсеткіштер (халықтың жалпы санындағы қала тұрғындарының үлесі) алынады. Мысалы, Германияда қала халқының үлесі 73%-ды, ал Үндістанда бар болғаны 28%-ды құрайды. Соған қарамастан абсолютті көрсеткіштер, қала халқының жалпы саны мүлде басқаша жағдайды: Германияда қалалықтардың жалпы саны 60 млн адам болса, Үндістанда 321 млн адам. Сонымен салыстырмалы көрсеткіштер ауқымын нақты көрсетеді.

Урбандалу кезеңдері

Урбандалудың алғашқы кезеңінде қала халқының үлесі онша жоғары болмайды; қалалар арасынан ең ірісі (әдетте, ел астанасы) басқаларын барлық көрсеткіштер бойынша басып озады. Дамыған урбандалу кезеңінде қала халқының үлесі арта түседі. Миллионер қалалардың көршілес елді мекендерді қосып алуынан қала агломерациялары, ал жақын орналасқан агломерациялардың бірігуінен мегаполистер қалыптасады. Кемелденген урбандалу тән елдерде қала маңына қалалық өмір салты қарқынды түрде ене бастаған, яғни субурбандалу (латын. sub - маңында және urbanus - қалалық) жүруде. Біртіндеп осы процесс агломерация аумағынан тыс жерлердегі елді мекендерді де қамти бастайды; урбандалудың бұл түрін рурбандалу (ағыл.rural – ауылдық және урбанизация) дейді. Субурбандалу барысында экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ауқатты адамдар қала орталығынан қала маңына қоныс аудара бастайды. АҚШ-та агломерация халқының 60%-ы қала маңында тұрады. Әлемдегі аса ірі 10 агломерация қатарына Солтүстік Америка қатарына Солтүстік Америкадан Нью-Йорк пен Лос Анджелес қана енсе, бұл тізімде Еуропаның бірде-бір өкілі жоқ. АҚШ-пен Канадада контрурбандалу, яғни қалада жұмыс істейтіндердің қалада жұмыс істейтіндердің қала агломерациясынан тыс елді мекендерге қоныс аударуы жүруде, бұл ауыл халқы санының артуына әсер етеді


2.XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды. Қазақ халқы талай «тар жол — тайғақ кешулерге» душар болды. Бұл Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі кезеңдердегі тарихи жағдайларға тікелей байланысты. Патша үкметінің Қазақстанға шаруалар мен әскери-казактарды қоныстандыру саясатының жеделдете жүзеге асырылуы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы мен Қазан төңкерісінен кейінгі «Кіші Қазан төңкерісінің» салдары, 1921-1922 жылдар, 1931-1933 жылдар аштықтары мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының зардаптары, өңдірістің ірі «алыптарын» тұрғызу мақсатында республикаға жан-жақтан мыңдаған жұмысшылар мен мамандардың әкелінуі, тың және тыңайған жерлерді игеру, «комсомолдық бауырластық жолдамалар» нәтижелері көңілді қынжылтатын демографиялық ахуалға еріксіз әкеліп тіреді. XIX ғасыр мен XX ғасыр басында жүргізілген қоныс аудару саясаты кезінен Қазақстанның кейбір аймақтарында негізгі көпшілік болып орналасқан орыс-казак келімсектерінің бұдан кейінгі кезеңдердегі өсіп-өнуі мен республика аймақтарына орналасу ерекшеліктері де бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде болып жатқан ұлтаралық қарым-қатынастағы құбылыстардың астарын түсінуге өз септігін тигізеді. XX ғасырда өткен демографиялық үрдістердің ауқымының кеңдігі мен күрделілігі Қазақстан халқының өсіп-өну тарихын зерттеудің ғылыми және қоғамдық сұранысқа ие, өзектілігі күшті екендігі еш күмән туғызбайды. 
Әлеуметтік-саяси, экономикалық үрдістер республика халқының құрамында, оның табиғи қозғалысы, көші-қон процестері, әлеуметгік құрылымы және т.б. көрсеткіштерінің өзгерістерінде демографиялық дағдарыс сипатында көрінді. Мысалы, 1937 жылы республика халқы 1926 жылғы санақпен салыстырғанда 1,3 есе, соның ішінде, қазақтар — 1,7 есе, украиндар — 1,6 есе, өзбектер — 1,9 есе, қырғыздар — 2,1 есе, басқа ұлт өкілдері — 1,6 есе кемісе, елге сырттан қоныс аудару саясатының пәрменді жүргізілуіне байланысты орыстар — 1,5 есе, немістер — 1,6 есе, татарлар — 1,1 есе көбейген. КСРО-дағы халық санының жоспарланған деңгейден 11 миллионға кемдігін көрсеткен 1937 жылғы санақ Кеңес өкіметінің 1917-1933 жылдары жүргізген саясатының демографиялық дағдарыстарға әкелгенінен хабардар етті. Сондай демографиялық дағдарыс 1939-1959 жылдар аралығында да өтті. 1939-1959 жылдардың қазақ тарихындағы ерекшелігі сонда, егер моңғол шапқыншылығы кезінде қазақ халқының шығыны нәсілдік бейнесін өзгертуге дейін жеткізіліп, жонғар шапқыншылығы кезінде 2/3-сі жойылып, ал, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық кезіңде 2,2 млн адамынан — жартысынан айырылса, 1939-1959 жылдар аралығында кеңес өкіметінің сыналап жүргізген көші-қон саясатының нәтижесінде, қазақтардың өз жеріндегі үлесі 29,8%-ға дейін төмеңдеп, Қазақстан халқының үштен бірін де құра алмаған мүшкіл жағдайды бастан кешті. 
Қазақстанның тарихи демографиясының тарихнамасы өз бастауын Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңнен алады. Қазақстанды отар ретіңде тезірек игеруде патша үкіметі бұл бағыттағы зерттеулерге белгілі дәрежеде ынталылық танытты. Сондықтан, Қазан төңкерісіне дейінгі орыс зерттеушілері көптеген құңды деректерді ғылыми айналымға тартқанымен, зерттеу барысында ұлыдержавалық мүддені бірінші кезекке қойып, соған сай қызмет етуге тырысты. Патша үкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясаты қоныстандырудың қазақ халқын күйзеліске ұшыратып, өз елінде қазақтардың үлесін азайтып келе жатқандығы XX ғасырдың басында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов М.Тынышпаев, М.Дулатов секілді Алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектерінде өткір сынға алынды. 
1920-жылдары Қазақстанда демография мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Бірақ, кеңестік биліктің жүргізген саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларының қазақ халқын демографиялық апатқа әкелгені бүркемеленіп, халық санына қатысты көптеген статистикалық материалдар мен мұрағат құжаттары зерттеушілер үшін жабық болды. Қайта құру кезіндегі жаңаша пайымдау мүмкіндігі тарихи демографиялық мәселелердің кең түрде зерттелуіне серпін берді. Қазақстандық ғалымдардың алғашқы еңбектері Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан демографиясы мәселелеріне арналды. Тарихи демографиядағы «ақтаңдақтардың» бетін ашуда да бірқатар жетістіктер болды. Демография мәселелері экономистер, географтар және философтарды да қызықтырды. Олар халықтану мәселесін еңбек ресурстарын пайдалану мүмкіндігі аспектісінде қарастыра отырып, тарихи демографияның кейбір мәселелеріне де назар аударып отырды. Республикамызда арнайы тарихшылар тобы құрылып, қазақстандық демографиялық мектеп те қалыптасып келеді. Тың облыстарының демографиялық жағдайларын зерттеуден бастаған Ақмола қаласында ірге көтерген демографтар мектебі де нәтижелі зерттеулер жүргізуде. Бұл Қазақстандық тарихи демографияның түйінді мәселелерінің бәрі шешілді деген сөз емес. Керісінше, қазақстандық демографтар алдыңдағы зерттелуге тиісті мәселелер көп. 
2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша еліміздегі халық саны 18 миллион 272 мың 400 адамға жетті. Оның ішінде қалалықтар – 10 529,1 мың (57,6 пайыз), ауылдықтар – 7 743,3 мың адам (42,4 пайыз). 2017 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда халық саны 238,1 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсіп отыр. Қаңтар-маусым айларында Қазақстанда 192,7 мың адам туған. Бұл 2017 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 1,8 пайызға артық. 
Халықтың санын көбейтудiң екi жолы бар. Бiрi – табиғи өсiм. Бұл үшiн аналарға жасалатын көмек, медициналық жәрдем және әлеуметтiк жәрдемақылар өсуi керек. Қазақстанда табиғи өсім оң бағытқа ие. 2017 жылғы деректер бойынша туудың жиынтық коэффициенті 2,73 болды. Демография ғылымында replacement level (орын басушы көрсеткіш) 2,1-ден төмен болса, «халықтың өсімі болмайды» деп есептеледі. Яғни, әр әйелде кемінде екі бала болуы керек. 
Статистикалық деректерге шолу жасағанда халық санының өсуі бірінші кезекте туу көрсеткішіне тәуелді болып отырғаны аңғарылады. Халық саны көп әрі тығыз орналасқан өңірлер – оңтүстікті туу көрсеткіші жоғары деп қабылдау дағдысы қалыптасқан. Алайда статистикалық дерекке жүгінсек, бүгіндері туу бойынша ең жоғары көрсеткіш Маңғыстау облысына тиесілі болып отыр. Әрине, Түркістан облысында да туу көрсеткіші жоғары. Еліміздегі әрбір бесінші азамат осы өңірде дүниеге келеді. Қазақстан қалаларындағы 2018 жылдың бірінші жартысында туғандардың санын өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, Алматы және Астана қалаларында туу көрсеткіші 4,4 және 4 пайызға өскен. Ақтөбе қаласында 5,3, Атырау 6,8, Орал қаласында 7,5 пайызға артты. Салыстыруға назар аударсақ, Қазақстанның батысындағы үш қала да – туу көрсеткіші бойынша алда тұр



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет