2016 – 2017 оқу жылы «Дарын» ҚО
5-7 сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша
қалалық олимпиадасы
Қазақ тілі және әдебиеті
5 сынып
Жұмыс уақыты - 120 минут
Барлығы - 40 ұпай
1. Оның шығармасы үздік деп танылды. (Сөйлем мүшесіне талдаңыз. «Үздік» - деген сөзге фонетикалық талдау жасаңыз).
(10 ұпай)
2. Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» өлеңі не жайында айтылған.
(10 ұпай)
3. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар мақалдың мағынасын түсіндіріңіз.
(10 ұпай)
4. «Ауылым – алтын бесігім» тақырыбында шағын эссе.
(10 ұпай)
2016 – 2017 оқу жылы «Дарын» ҚО
5-7 сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша
қалалық олимпиадасы
Қазақ тілі және әдебиеті
6 сынып
Жұмыс уақыты – 120 минут
Барлығы - 40 ұпай
1.«Еріншектің ертеңі бітпес» мақалдың мағынасын түсіндіріп, еріншектік жайында мақал-мәтелдер жазыңыз.
пай)
2.Менің балдай балалық шағым сол әсем жайлауда қалды. (Сөйлем мүшесіне және синтаксистік талдау жасаңыз).
пай)
3.Ертегілердің түрлері. Мысалдар келтіріңіз.
(10 ұпай)
4. «Барлық білім – кітапта» тақырыбында шағын эссе.
(10 ұпай)
2016 – 2017 оқу жылы «Дарын» ҚО
5-7 сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша
қалалық олимпиадасы
Қазақ тілі және әдебиеті
7 сынып
Жұмыс уақыты – 120 минут
Барлығы - 40 ұпай
1.Бауыржанды кім қазақша оқытып жүргенін Сәуле айтып берді. (Сөйлем мүшесіне және морфемалық талдау жасаңыз)
пай)
2.А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді келтіріңіз.
пай)
3.«Алтауы ала болса, ауыздағы кетеді, төртеуі түгел болса, төбедегі жетеді» мақалдың мағынасын түсіндіріңіз.
пай)
4.«Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» тақырыбында шағын эссе.
(10 ұпай)
Достарыңызбен бөлісу: |