VI сынып
4. Бөліктер мен процентті қолдану
1.Алматтың Арыстанның асығынан 6 асығы көп. Егер Алмат Арыстанға 2 асық берсе, екеуінің асықтары 8:7 қатынасында болады. Екеуінде неше асықтан бар?
2. Ақша не 8кг қантқа , не 24кг ұнға жетеді. Екуінен бірдей мөлшерде алу үшін неше килограмнан алу керек?
3. Ақша не 8кг қантқа, не 24кг ұнға жетеді. Ұнды екі есе көп алу үшін қанша қант, қанша ұн алу керкек?
4.Алдыңғы (3) есептің шарты бойынша : ұнды 3 есе көп алу үшін қанша қант, қанша ұн алу керек?
5.Ақша не 20кг картопқа,не 12кг сәбізге жетеді. Картопты 4кг артық алу үшін оларды қаншадан алу керек?
6. Егер жинақ банкінде сақтаған ақша жылына 25 процентке өсетін болса, толық 4 жыл сақталған ақша алғашқы шамасынан неше есе өседі? Өсіміне де өсім қосылатынын ескеру керек.
7.Алдымен бағаны 20 процентке өсірді.Енді соңғы бағаны 20 прцентке кемітсе,алғашқы бағамен слыстырғанда, қазіргі бағ неше процентке артық,не кем?
8.Бірінші құбыр су қоймасының 36%-тін толтырғанда екінші құбыр іске қосылып қалғанын 4 сағата толтырады. Егер бірінші құбыр барлығы су қоймасының 60 прцентін толтырса,. Жеке толтырғанда неше сағатта толтырар еді?
Достарыңызбен бөлісу: |