ІІІ бөлім. «Дода»
«Ең қиыны жарыстың «Дода» келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай
Осы ойыннан көреміз ерен ерді» - дей келе, сайысымыздың бөлімі «Дода» бөліміне келіп жеттік. Енді «Дода» бөлімінде білімдеріңізді ортаға салуға мүмкіндіктеріңіз бар. Бұл бөлімде 4 тақырып беріледі. Әрбір жұп көрсетілген ұпайлар бойынша 1 тақырып таңдайды. Дұрыс жауап берсе, сол ұпай қосылады.
1
|
Қазақтың байырғы есептері
|
20
|
30
|
40
|
2
|
«Ақбота» есептері
|
20
|
30
|
40
|
3
|
«Кенгуру» есептері
|
20
|
30
|
40
|
4
|
Викториналық сұрақтар
|
20
|
30
|
40
|
Қазақтың байырғы есептері:
20-ұпай. Бұтақта қарға отыр. Бірі оңтүстікке, бірі солтүстікке қарап отыр, бірақ бірін-бірі көріп отыр. Бұл қалай? (Екеуі қарама-қарсы отыр).
30-ұпай. Он-оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап: қанша асық ұттық – дейді ол. Онша көп ұтқыза қоймаппын, сегіз асығым қалыпты, - деді.
Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, - дейді үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып,
Ең көп асықтан ұтылған мен болдым, - дейді мұңайып бірінші бала. Ойыннан кейін кімде, неше асық? (1 бала-4, 2 бала – 18, 3 бала - 8)
40-ұпай. Ұлу биіктігі 10м ағаштың басына шығуы керек. Ол күндіз 4 м. Жоғары көтеріледі, түнде 3 м. Төмен түседі. Неше күнде ұлу ағаштың басына шығады?
(7 күнде)
Достарыңызбен бөлісу: |