5-9 сыныптарға арналған математика пәнінен гимназия сағаттары, факультатив және гимназия үйірмелерінің бағдарламаларының жинағы



бет15/52
Дата30.01.2022
өлшемі2,36 Mb.
#116377
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52
V бөлім. «Жорға»

«Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену жалықпау»- дей отырып, ойынымыздың «Жорға» V бөлімінде әрбір жұптасқан ойыншыларға жеке-жеке сұрақтар қойылады, жылдам, тез жауап беруі қажет. (Әр дұрыс жауап 10 ұпай)


  1. Шеңбер бойындағы кез – келген нүктені центрмен қосатын кесінді. ----- (радиус)

  2. Ортақ бөлгіші 1-ге тең сан. (өзара жай сан)

  3. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек. (бұрыс бөлшек)

  4. Нәрселерді санағанда қолданылатын сан. (натурал сан)

  5. 369 саны 3-ке бөліне ме? (иә)

  6. Қабырғасы 1-ге тең квадраттың ауданы неге тең? (1)

  7. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны қалай аталады? (шеңбер)

  8. Екіден көп бөлгіштері бар натурал сандарды қандай сандар деп аталады?(құрама)

  9. Тең бөліктерді қалай атайды? (үлестер)

  10. Үш тақ санның қосындысы қандай сан? (тақ)

  1. Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді. (диаметр)

  2. Көбейтіндісі 1-ге тең бөлшектер қандай сандар деп аталады? (өзара кері)

  3. 640 саны 5-ке бөліне ме? (иә)

  4. Алымы бөлімінен кіші бөлшек. (дұрыс бөлшек)

  5. Натурал сандар нешеден басталады? (1-ден)

  6. Айырмасы 2-ге тең екі жай санды қалай атайды? (егіз)

  7. Бір тәулікте қанша минут бар? (24*60)

  8. Екі тақ санның қосындысы қандай сан? (жұп)

  9. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын санның атауы?(аралас)

  10. Ауданы 9 см2 квадраттың қабырғасы неге тең? (3см)

Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз.

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз.

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз -дей отырып, жеңімпаз жұпты анықтау үшін әділқазы мүшелерге сөз кезегін берейік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет