Байланысты: 5.2. Адамның иондаушы сәулеленуге ұшырауының биологиялық эффектілері және салдары.
Детерминделген әсері – бұл, нақты патология, мысалы, жедел сәуле ауруы (ЖСА) немесе созылмалы сәуле ауруы (ССА), сәуле күйіктері (терінің және шырышты қабықтарының сәуледен жергілікті зақымданулары), көз бұршағының катарактасы, гемопоэздің өзгерістері, уақытша немесе тұрақты ұрықсыздық және т.б. түріндегі клиникалық маңызды эффектілер.
Гуськова А.К. (2001) бойынша, ЖСА - бұл бірқатар тіндер мен мүшелердің зақымдануларының жиынтығымен сипатталатын, нозологиялық түр болып табылады. Тіндер мен мүшелердің зақымдануларының нәтижесінде, аурудың негізгі клиникалық синдромдары - сүйек кемігі, ішек және церебралдык синдромдар, сондай-ақ, олардың бірінің біріне ұласуы және олардың қатар жүретін түрлері қалыптасады.
Сыртқы сәулеленудің әсерінен ЖСА, ағзаның барлық мүшелері мен тіндеріне немесе олардың көп бөлігіне қысқа уақыт ішінде (тез немесе тәулігіне бірнеше сағат) 1Гр (1Зв) асатын гамма және/немесе нейтрондық сәулеленулер әсер етуі нәтижесінде туындайды, яғни детерминделген эффектісінің табалдырығы бар және олар радиацияның үлкен дозалары қысқа уақыт ішінде әсер етуі кезінде пайда болады. Детерминделген эффектілерінің ауырлығы сәулеленуге ұшыраудан сіңірілген дозаға тікелей байланысты: доза жоғары болған сайын, зақымдану да ауыр болады. 1-ден 10 Гр-ге дейінгі дозада сәулеленуге ұшырау кезінде, ЖСА сүйек кемігі түрі (типтілік түрі), 10-20 Гр-де – ішектік түрі, 20-50 Гр-де уытты түрі (іш жүзенде барлық паренхималы мүшелердің жаппай зақымдануы), 50-ден жоғары болғанда – ОЖЖ-нің зақымдануы (ЖСА-нің церебральдық түрі) пайда болады.
Созылмалы сәуле ауруы (ССА) – бұл, иондаушы сәулелердің кәсіби мамандарға арналған рұқсат етілген деңгейінен едәуір жоғары дозаларында (10 есе және одан да көп) ағзаға ұзақ уақыт бойы (айлар, жылдар) әсер етуі нәтижесінде дамитын сәулелік патологияның түрі. А.К. Гуськованың (2001) мәліметтері бойынша, ССА дамуы үшін, дозалардың деңгейі жылына 0,1 Гр-ден асуы және жиынтық мөлшері 0,7-1,5 Гр-ден төмен болмауы қажет. ССА-ның даму мерзімі 1-2 жылдан 5-10 жылға дейінгі аралықта аутқиды.
Детерминделген эффектілері әсерінен алыс уақыттарда, яғни, сәулеленуге ұшырағаннан кейін ұзақ мерзім өткеннен соң, дамуы мүмкін. Бұл салдарына, мысалы, әр түрлі мүшелердегі гипопластикалық, дистрофиялық және склероздық өзгерістер, эндокринді бұзылыстар, нефросклероз, жүрек, қан тамырларының соның ішінде, қылтамырлардың зақымданулары, сәулелік катаракта және басқалар да жатады. Сәулеленуге ұшыраудың соматикалық түріндегі әсерінен алыс уақыттардағы эффектісіне созылмалы сәуле ауруы жатады, ол адамның ұзақ уақыт бойына сәулеленудің рұқсат етілген мөлшерінен асатын аз дозаларында сәулеленуге ұшырауы кезінде пайда болады.
Халықтын техногендік көздерден сәулеленуге ұшыраудан алған дозасы, басым көпшілік жағдайларда аз дозалардың санатына жатады. Қуаты жылына 0,1 Зв және одан да кем болатын 0,1 Зв және одан да аз дозаларды аз дозалар деп есептеуге болады.
Созылмалы сәуле ауруымен қатар, сәуле әсерінің соматикалық түріндегі әсерінен алыс уақыттардағы салдарына, сондай - ақ, қатерлі ісік аурулары, көз бұршағы катарактасы дамуының жоғары ықтималдығы және өмір сүруінің қысқаруы жатады. Иондаушы сәулелердің әсеріне ұшыраған адамдардың арасында, жалпы халықпен салыстырғанда, лейкемия жиі кездеседі.
Мысалы, Хиросима тұрғындарында лейкемия, сәулелену әсеріне ұшырамаған халыққа қарағанда, 8 есе жиі дамыған. Әдебиеттерде белсенді сәулеленулермен контакт тоқтағаннан кейін 20-25 жыл өткеннен соң дененің әр түрлі жерлерінде орналасқан қатерлі ісіктердің пайда болған жағдайлары жазылған. Рентгенологтардың қол терісінің обыры, қорғасын кеніштеріндегі шахталарда белсенді газдардың әсеріне ұшыраған шахтерларда өкпе обыры, өндірісте белсенді фосформен қатынаста болған жұмыcшы әйелдерде остеосаркома пайда болған жағдайлары келтірілген.
Дегенмен, әсерінен алыс уақыттардағы салдарын тудыратын минималды дозалар туралы әзірге бірыңғай көзқарас жоқ. Сәулену әсерінің эффектісі талдауға және мөлшері жағынан есепке алуға қиын соғатын көптеген факторлармен анықталады. Алайда, көпшілік радиологтардың пікірі бойынша, адамның бүкіл денесінің сәулеленуге ұшырауы кезіндегі өмірінің қысқаруы 10 мЗв дозаға 1-15 күнді құрайды, бұл едәуір мөлшерде ағзаның қартаюының жылдамдауымен және инфекцияларға табиғи резистенттілігінің төмендеуімен байланысты.