Байланысты: 5.2. Адамның иондаушы сәулеленуге ұшырауының биологиялық эффектілері және салдары.
Детерминделген эффектілерден айырмашылығы, стохастикалық (ықтималдық, кездейсоқтық) эффектілердің доза табалдырықтығы жоқ.
Халықаралық қауымдастық қабылдаған консервативті радиобиологиялық болжамға сәйкес, сәулеленуге шалдығудың деңгейі қанша аз болғанмен де, әсерінен алыс уақыттардағы стохастикалық медициналық салдарының - ең алдымен, канцерогенді, генетикалық және тератогенді эффектілерінің, пайда болу қауіп-қатеріне себепші болады.
Алайда, сәулеленуге ұшыраудан алатын дозасы неғұрлым төмен болса, олардың пайда болу ықтималдығы да, соғұрлым аз болады.
Сәулелену әсерінен пайда болатын стохастикалық эффектілерінің 2 түрінің бар екені дәлелденген. Біріншісі соматикалық жасушаларда пайда болады және сәулеленуге ұшыраған ағзада қатерлі ісік ауруының (кеш пайда болатын соматикалық-стохастикалық әсер салдары) дамуына себеп болуы мүмкін. Екінші түрі, жыныс бездерінің ұрықтық тіндерінде пайда болады, ол сәулеленуге шалдыққан адамдардың ұрпақтарында тұқым қуалайтын (тұқым қуалайтын генетикалық эффектілері) бұзылыстарға әкеп соғуы мүмкін.
Генетикалық эффектілер дәстүрлі түрде 3 санатқа бөлінеді: гендік мутациялар, хромосомдық абберациялар және көп факторлы бұзылыстар.
Радиобиологтардың пікірінше, адамда мутациялардың пайда болу ықтималдығы, ата-аналарының өздері ұрық болып қалыптасқаннан бастап, оларға бала бітуіне дейін жиналған жиынтық дозамен анықталады. Радиобелсінділіктен пайда болған мутациялардың, сапа жағынан спонтандық мутациялардан айырмашылығы жоқ.
Мутагендік эффектісі бойынша доза табалдырығы жоқ. Генетикалық өзгерістер келесі ұрпақтарда білінуі мүмкін, себебі тұқым қуалау арқылы берілетін мутациялар морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық өзгерістермен байланысты болуы мүмкін. Неғұрлым адамның көп саны сәулеленудің әсеріне ұшырайтын болса, соғұрлым халықты тұтас алғанда мутацияның туындау қаупі жоғары болады.
ХРҚК ата-аналарының 1 Зв дозада сәулеленуге ұшырауынан барлық ұрпақтарында тұқым қуалау арқылы берілетін ауыр көріністерінің пайда болу ықтималдығын 1·10-2 мөлшерінде бағалуды ұсынды, бұл халықты радиациядан қорғауда жалпы келтіретін зиянын бағалау үшін қолданылуы мүмкін. Бірінші ұрпағындағы балада эффектілерінің біліну ықтималдығы бірнеше рет төмен болады.
Соматикалық жасушалардағы хромосомдық абберациялар санының көбеюі, мамандығы сәулеленуге ұшыраумен байланысты адамдарда, әсіресе апатты жағдайларда байқалған. Радиоактивті сәулеленуге жыныс жасушалары ең сезімтал болып табылады. Мысалы, 2000 мЗв - 4000 мЗв доза аналық бездің жасушаларының жойылуына әкеледі, ал аталық безге 6000 мЗв доза әсер еткенде, толық ұрықсыздық пайда болады. Бұл кезде жыныс гормондарын өндіретін жасушалар тіршілікке қабілеттілігін сақтап қалады. Демек, жыныс мүшелерінің сәулеленуге ұшырауы кастрацияға емес, бедеулікке әкеп соғады.
Жоғарыда ағзаның негізінен сыртқы иондаушы сәулеленуге ұшырауының зардаптары туралы айтылған. Алайда, белсенді заттармен тікелей контактыда болған кезде – ағзаның сыртына жұққан және ішіне түскен кезде пайда болатын зақымданулардың үлкен маңызы бар.
Радиоактивті заттардың жұғуымен байланысты биологиялық эффектілері «радиациялық токсикологияда» қарастырылады.
Іс жүзінде ағзаға иондаушы сәулеленудің және этиологиясы сәулелік емес зақымдаушы факторлардың (термиялық әсер, механикалық жарақаттар, ауыр металдардың улындыратын әсері және басқалар) бір уақытта немесе ізбелесіп әсер етуі мүмкін. Мұндай әсерлерді аралас радиациялық зақымдану (АРЗ) деп атайды.
Сонымен қатар, қабаттасқан радиациялық зақымданулар да болуы мүмкін, олар ағзаға сыртқы сәулеленудің, радионуклидтердің теріге және шырышты қабықтарға аппликациясының, тыныс алу және ас-қорыту жолдары, сондай-ақ, жарақаттанған және күйген жерлері арқылы түскен радионуклидтердің бір уақытта немесе ізбелесіп әсер етуі кезінде дамиды.
Радиацияның әсері халықтың денсаулық жағдайындағы әр түрлі спецификалық емес көріністердің себебі болып табылады. Ол көптеген зерттеулермен талассыз дәлелденген.
Иондаушы сәулеленудің ағзаның иммунобиологиялық резистенттілігіне әсер ететіні туралы мәліметтер бар. Лимфоциттердің көп бөлігінің радиацияға сезімталдығы жоғары болатыны және олардың жойылуынан пайда болатын эффектілері сыртқы және ішкі сәулелену әсеріне ұшыраудын (Sr-90, Cs-137 радонуклидтерімен) 0,5 Гр – 10,0 Гр дозасы кезінде- ақ байқалатыны анықталды.
Ағзаның табиғи да, және жасанды да иммунитеті әлсірейді. Семей ядролық сынақ полигоны (СЯСП) аймағында тұратын 2425 тұрғынның иммундық статусын зерттеу, оларда екіншілік иммундық жетіспеушіліктің қалыптасуы, бақылау тобына қарағанда, шын мәнінде жоғары болғанын анықтады. Иммундық жүйенің біркелкі супрессияланған түрі, бұл тұрғындарда жұқпалы аурулардың және бактериялар мен вирустар тудыратын тыныс мүшелері ауруларының жоғары жиілігінің себепшісі екені көрсетілді.
Тоцк полигонында ядролық жарылыстың ізінің әсеріне ұшыраған балалардың арасында респираторлық инфекцияның персистенциясымен жүретін иммундық жүйедегі ауытқулары шын мәнінде жиі байқалды (0,48% - бақылау тобының, 0,48%, көрсеткішіне қарағанда, 2,26 – 5,26% болды). Ал СЯСП аймағындағы жергілікті тұрғындардың балаларында (Павлодар облысы бойынша) жұқпалы аурулардың созылмалы ағымға бейімділігі байқалады, бұл жағдайда, егер балалардың ата-аналары полигонның жанында мекендесе, олардың балаларында вирустық респираторлық инфекцияларға бейімділігі жоғары (бақылаудағы топтың 1015% салыстырғанда, 4013%,) болды.
Сәулеленумен контакты бар жұмысшыларда тұмау, тыныс жолдарының жедел аурулары, пневмония, бронхит және т.б. сияқты аурулардың ағымы ұзаққа созылады және ауырлайды. Ағзасының белгілі бір аурулардың қозғырдырғыштарына тұрақты жасанды иммунитет қуруға қабілетсіз болуы спецификалық инфекцияларды (тырысқақ, іш сүзегі, полиомиелит, туберкулез) жұқтырып алуға дайын халық топтарының пайда болуына себепші болады.
Кейбір мәліметтер бойынша, сәулелену әсеріне жоғары дәрежеде ұшырайтын зонада өлім себептерінің ішінде жұқпалы аурулар үшінші орында тұр, ал бірінші орында – қан айналым жүйесінің аурулары, екінші орында - қатерлі ісіктер тұр.
Радиацияның аз дозалары әсер еткен кезде, қатерлі ісіктер мен қан ауруларынан кейін, эндокриндік жүйенің аурулары да индикаторлық аурулар болып есептеледі. Қарағанды облысының СЯСП әсер ететін зонасында жалпы аурушаңдықтың құрылымындағы эндокриндік жүйенің аурулары алтыншы орын алады, оның ішінде диффузды зоб - 74,3%, сусамыр – 14,3%, зат алмасуының бұзылыстары – 11,4% құрайды.
Радионуклидтермен ластанған елді мекендердің тұрғындары арасында жүректің ишемия ауруы, артериялық қан қысымының жоғарылауы және жүрек соғуы ырғағының бұзылыстары, сонымен қатар жүрек-қан тамыр жүйесінің басқа да аурулары кең таралғаны анықталды. Бұл белсенді заттардың әсерінен фибринолиз белсенділігі төмендеуінің және тромбогенділік жағына қарай тамыр қабырғаларының функционалдық жағдайы бұзылуының, тығыздығы жоғары липидтердің концентрациясы төмендеуінің салдары болуы мүмкін.
Павлодар облысы Мамыр ауданының тұрғындарында темір тапшылық анемия таралуына (зерттелгендердің 1/3) радиациялық факторлардың әсер ететіні анықталған.
Бірқатар зерттеулер, бақылау үшін алынған аудандарымен салыстырғанда, радиациялық ластанған зоналарда асқорыту мүшелерінің, (атрофиялық түрі басым созылмалы гастриттер) сүйек-бұлшықет жүйесінің (остеохондроз, артриттер және басқалар), несеп-жыныс жүйесінің, тері және теріасты шел майы аурулары, жүктіліктің және туудың асқынулары, жүйке жүйесінің аурулары сияқты нозологиялардың басым екенін көрсетеді.