5-апта күрделі нәруыздар алмасуы №1 билет Бауырдың атқаратын қызметтері (атап өту)



бет10/20
Дата28.02.2022
өлшемі1,49 Mb.
#133647
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
5 апта бх билеттер

Маңызды функциялары
-Реттеуші гомеостатикалық
-Пластикалық
-Қор жинаушы
-Энергетикалық
-Қорғаныштық
-Секреторлық,экскреторлық
2.Аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне, вирусты гепатит ауруына күдігі бар ,науқас жеткізілген. Науқаста тері мен шырышты қабаты ашық сарғыш түсті,қанның құрамында коньюгацияланған және коньюгацияланбаған билирубиннің мөлшері жоғары ,зәрде тікелей билирубин анықталды, өт пигменттерінің зәрде және нәжісте мөлшері төмен.Осы науқастағы сарғыштанудың түрін анықтаңыз. Билирубиннің түзілу схемасын жазыңыз. Осы патология кезінде қанның құрамында қандай ферменттердің белсенділігі артады,осы ферменттердің қалыпты функциясына қажет витаминдерді атаңыз.
Жауабы:Науқастағы сарғыштану түрі:паренхиматоздық яғни, бауырлық сарғыштану.Бауыр жасушаларының вирустармен және бауыр үшін улы болатын препараттармен зақымданғанда пайда болады.Бауыр жасушалары зақымданғандықтан бос билирубин залалсызданбайды.Бауыр жасушасының зақымдану нәтижесінде қанда тікелей билирубиннің де,тікелей емес билирубиннің де мөлшері артады.Зәрдің түсі тікелей билирубиннің болуына байланысты:қоңыр,уробилин болуы да мүмкін.Нәжіс солғын,әлсіз түсті болады,бұл бауыр жасушаларының зақымдану дәрежесіне тәуелді.


  • Осы патология кезінде қан құрамында қандай ферменттердің белсенділігі артады,осы ферменттердің қалыпты функциясына қажет витаминдер.

АЛТ және АСТ-ішкі ағзалардың жай күйін көрсететін адамның биохимиялық қандағы маңызды көрсеткіштері болып табылады.Қалыпты жағдайдан асып кету жүрек,бауыр,бүйрек сияқты өмірлік маңызды органдардың болатын патолагиялық процесстерді көрсетеді.
Зертханада анықталған гепатит үшін АЛТ және АЕТ көрсеткіштері маңызды болып табылады.
Аминотрансферазалар- трансаминация реакцияларын жеңілдететін жасуша ішілік ферменттік құрылымдар.
Трансаминация реакциясы-амин тобының (NH2) амин қышқылынан май алмасу өнімі-кето қышқылына ауысуы. Нәтижесінде адам ағзасында тікелей синтездеген жаңа амин қышқылы және алфа-кето қышқылы пайда болады. В6 дәрумені бұл процесті белсендіреді.
Трансамилаза адам денесінің әр жасушасында болады жасуша құрылымының тутастығы бұзылған кезде бұл ферменттер қанға енеді.
Аспартатаминотрасфераза (АСТ) Гольджи кешенде және митохандряда локалазацияланған, алмастырылатын амин қышқыл- аспаргиннің ыдырауыны амид- тобының гидролизі арқылы қатысып, Кребс циклінде қатысатын оксолоцетат түзетін фермент.
Бұл аминотрансфераза миокард жасушаларында, бауырда- гепатациттерде, ОЖЖ басым болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет