5-апта күрделі нәруыздар алмасуы №1 билет Бауырдың атқаратын қызметтері (атап өту)


Бауырдың антитоксикалық қызметін коньюгация реакциясын мысалға алып көрсетіңіз, маңызы



бет17/20
Дата28.02.2022
өлшемі1,49 Mb.
#133647
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
5 апта бх билеттер

1.Бауырдың антитоксикалық қызметін коньюгация реакциясын мысалға алып көрсетіңіз, маңызы.
Бауырдың антитоксикалық қызметі-токсикалық заттарды зарарсыздандыру, оларға дәрілерді қосқанның өзінде,бауырда тотығу,қалпына келу , метилдену , адетилдену , коньюгациялық процесстерімен байланысты жүреді.Оған гидролиздік ыдырау да жатады . Коньюгация процесі дегеніміз токсикалық заттардың глюкорон немесе күкірт қышқылымен өзара әсерлесуін айтады , одан глюкороноидтар және сульфаттар жасалады . Осы жолмен негізінен тирозин - фенол және крезол , триптофан - индол және скатол алмасуынан пайда болған улы заттар зарарсызданады.Ацетилдену және басқа детоксикациялық реакцияларының қабілеті тек қоршаған ортаға ғана тәуелді емес , сонымен бірге тұқымдық қасиетке байланысты .Маңызы қанмен келген бөгде заттарды залалсыздандырады немесе улылығы аз не бейтарап заттарға айналдырып,организмді уланудан сақтайды.
2.Пируваткиназа гликолиздің негізгі ферметінің генетикалық ақауы кезінде науқаста эритроциттердің гемолизі байқалады. Пируваткиназаның қатысатын метаболиттік жолға эритроциттер үшін маңызы қандай? Метаболиттік жолға қатысатын пируваткиназаның схемасын жазыңыз. Эритроциттердің гемолизінің жылдамдығы неге артады? Сарғыштанудың қандай түрі? Қанда билирубиннің қандай түрі анықталады? Нәжіс пен зәрдің түсі қалай өзгереді?
Пируваткиназа - бұл фосфоенолпируваттың пируватқа айналуын катализдейтін және осылайша АТФ түзілуінің гликолитикалық реакциясына қатысатын фермент. Оның жетіспеушілігімен эритроциттердің тұрақсыздығы дамиды, бұл ақырында анемияға әкеледі.

Бұл жерде гемолиздік немесе бауыр үстi сарғыштану болады. Гемолиздік сарғыштану себебі эритроциттердің тым артық ыдырауы болып есептеледі. Эритроциттердің ыдырауының артуы химияльк заттармен, биологиялык уланғанда, резус-фактор сәйкес келмеген қанды құйғанда,гемолиздік анемияда, ауыр дәрежедегі жұкпалы ауруларда кездеседі.Бұл жағдайда қанда бос билирубиннің көбеюінен жалпы билирубиннің мөлшеpі артады.Тікелей билирубин синтезделінеді.Нәжістің түсі қатты қоңыр түсті болады.Зәрдің түсі өзгермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет