5. Босанудың 3-ші кезеңін белсенді жүргізудің негізгі қағидаларын талдаңыз


-6 ай аралығындағы балаларды емізудің қағидалары



бет4/20
Дата17.07.2020
өлшемі50,09 Kb.
#75305
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
акушшшш

0-6 ай аралығындағы балаларды емізудің қағидалары:

  • Бала қажет еткен жағдайларда, кем дегенде, 24 сағат ішінде 8 рет емшекпен емізу.

  • Басқа тамақ пен сұйықтықтарды бермеу (Су, шай, шырын, ботқа, жасанды қоспалар беруге болмайды)

  • Аштық белгілері байқалғанда баланы емшекпен емізу: (ұйқысыздық, саусақтарын сорып, еріндермен емізу сияқты белгілер байқағанда.

  • Баланың жылағанын күтпеңіз.

12. Ана сүті мен басқа сүт құрамын салыстырыңыз. Дұрыс емізу әдісі мен босанудан кейінгі мастит профилактикасын айқындаңыз




Ешкі сүті

Ана сүті – өмірге жаңа келген сәби үшін бірден-бір таптырмайтын қорек. Оны ешбір сүт қоспасы алмастыра алмайды. Мамандардың айтуынша, сүт қоспаларында кездеспейтін 400 түрлі қоректік зат ана сүтінде ғана кездеседі. Мысалы, сиыр сүтіне қарағанда емшек сүтінде балаға ең керекті А, Е, Д витаминдері көп. Ана сүтінің құрамына мыналар кіреді: белок, май, түрлі витаминдер, гормондар, темір, көмірсутектер, климатқа қарамастан үнемі жеткілікті су, минералды тұздар, кальций, фосфат, өмірге керекті микроэлементтер (селен, мыс, мырыш, молибден, магний, марганец), сүттің негізгі ингредиенттерін ыдырататын липаза, лактаза секілді т.б. арнайы ферменттер, патогенді бактерияларды жоятын, ішектің қалыпты микрофлорын дамытатын әрі өсіретін бифидус заттары, ауру тудыратын микрофлораларды көбейтпейтін әрі керекті темірді сүттен бала қанына тасымалдайтын лактоферрин белогы, ми ұлпалары мен көз жасушаларының түзілуінде аса керекті таурин заттары; өсу үстіндегі ағзаның ұлпалары мен жасушаларындағы май метаболизмін жандандыратын карнитин заттары, бактерияларды өлтіретін қандағы тірі жасушалар (нейтрофил, моноцит, лимфоциттер), көп тараған жұқпалы ауруларға қарсы иммуноглобулиндер және т.б.

Уыздың асыл қасиеттері

Сәбидің тіршіліктегі ең алғаш татар нәрі – шешесінің сүті. Ғалымдардың соңғы зерттеулері осы бір ана сүтінің маңызын күн сайын арттыра түсуде. Әр жаратылысқа өз рызық-несібесін келісті тағайындаған Аллаһ Тағала сәби мұрнына сүт иісін тез сезетін қасиет дарытқан. Соның арқасында жас нәресте ерніне тиген нәрсеге дереу ауыз салып, еме бастайды. Тіпті, туылғанына жарты сағат өтпей жатып оның еміп кетуі таңғаларлық. Ему кезінде баланың бүкіл ағзалары жұмыс істейді. Бастағы қан айналымы жақсарып, жақ сүйектері мен ауыз, ерін бұлшық еттері тез жетіледі. Оған ең алдымен уыз берілуі де ғажап. Өйткені, уыз құрамы сәбидің әл жинауына, тез ширауына қажетті витаминдерге өте бай. Бір қызығы, бала өскен сайын ана сүті құрамындағы қоректік заттар да қоса өзгеріп отырады. Бұл – оның ғажайыптығы. Қазақтың әлсіз, әлжуаз балаларды көргенде «уызға жарымаған» деп жатуының мәні осы.


Организмге оның құрамды бөлігінің 95-98 %-ы сіңеді. Ешкі сүтінің құрамында 13,4 % құрғақ зат тектер, 4,4% май, 3,6% ақуыз, 4,9% лактоза бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет