Негізгі және қосымша диагностикалық шаралардың тізімі
Алғашқы медико—санитарлық көмек (АМСК) деңгейінде:
— АҚөлшеу;
— жалпы несеп талдауы (нәруыз);
— жалпы қан анализы (гемоглобин, тромбоциттер).
Стационар деңгейінде:
— АҚөлшеу;
— ЭКГ;
— жалпы несеп талдауы, тәуліктік несептегі протеинурия;
— жалпы қан талдауы (гемоглобин, гематокрит, тромбоциттер, ұю уақыты);
— биохимиялыққан талдауы (жалпы нәруыз, креатинин, АлАТ, АсАТ,
мочевина, билирубин);
— коагулограмма;
— нәрестеніңКТГ-сы;
— УДЗ;
— допплерометрия.
Инструменталдық зерттеулер
АД, ЦВД өлшеу (преэклампсияның орташа және ауыр дәрежесіне күдік болса), КТГ (32 апта кейінгі гестация мерзімінде ), УДЗ + допплерометрия.
АҚ-ды өлшеу тәртібі:
• Өте дәл көрсеткішті сынаптық сфигмоманометр береді (сол бойынша барлық пайдаланылатын аппараттар калибрлары түзетілуі керек).
• Науқас денесін бос ұстауы керек, мүмкін болса демалғаннан кейін (10 минуттан кем емес).
• Қалпы -жартылай отырып немесе отырып (манжета науқастың жүрек тұсына орналасуы керек), қырынан жатып.
• Қысым өлшейтін аппараттың манжетасы науқастың иық шеңберіне сәйкес келуі керек (аз болғанша, көп болғаны жақсы).
• Бір қолдағыны өлшегені де жеткілікті.
• Систолиялық қысымның деңгейі Коротковтың I тоны бойынша бағаланады (пайда болуы), а диастолиялық - V бойынша (тоқтауы).
• Көрсеткіштер 2 мм сын. бағанасына дейінгі дәлдікпен белгіленуі керек.
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер
Орташа және ауыр дәрежедегі преэклампсияның болуы - көз дәрігері және терапевтің қарауы; ми симптоматикасы, әсіресе тырыспа мен ессіз күй (кома) болса, қосымша - невропатологтың қарауы, бүйрек жетіспеушілігінің белгілері болса - неврологтың қарауы керек.
Лабораторлық зерттеулер
Қабылдау бөлімінде (CITO):
- зәрдің жалпы анализі (белок);
- қанның клиникалық анализі (гемоглобин, тромбоциттер,қоюлану уақыты).
Стационар бөлімінде:
- зәрдің жалпы анализі (зәрдің жеке өлшеміндегі (порция) және тәуліктік мөлшердегі белокты анықтау үшін, 4 сағаттан кейін белоктың барлығын тексеретін зәрдің анализі қайта алынуы мүмкін);
- қанның биохимиялық анализі (жалпы билирубин, қалдық азот, креатинин, АЛТ, АСТ, плазманың жалпы белогі);
- коагулограмма;
- қан тобына және резус-факторға.
Достарыңызбен бөлісу: |