Қорытынды (бақылаулық) тексеру жүктіліктің (30)-32-(33) апта мерзімінде.
-Бұл қараудың мақсаты – нəресте өсуін айғақтау, бұл үшін жатыр түбінің тұрған биіктігі өлшенеді.
-Нəресте мөлшерін бағалау (жоғары қара).
-Нəрестенің алда жатуын анықтау (бөксемен жатуы мүмкін).
-Ерекше қауіп факторы бар жүктілерде жүктіліктің 33-35 апта мерзімінде нəрестенің қимылдау белсенділігін бақылау ұсынылады (алдыңғы жүктілікте нəресе өлуі, жүктілердің бауыр ішілік холестазы, сусамыр немесе глюкозаға төмен төзімділік). Нəрестенің өздігінен қимылдауын жүктіліктің 41 аптасынан ерте санау ұсынылмайды, себебі бақылаудағы тексерулерде олардың мəліметі расталмайды.
-Нəрестенің қимылын санау.
1. Қимыл ұйықтар алдында бір сағат бойы саналады. Норма болып нəрестенің 1 сағат ішінде ең кемі 10 қимыл жасауы саналады. Егер нəресте қимылы 10-нан кем болса, санау тағы 1 сағат жалғастырылады, нəрестенің 10 айқын қимылы білінбесе, жүктіні тікелей əйелдер консультациясына жіберу керек.
2. Нəрестенің қимылын күні бойы да санауға болады.
3. Жүктіні өлшеу, АҚ өлшеу, зəрінде белокты анықтау.
Жүктіліктің (35) – 36 – (37) апта мерзімінде өткізілетін медициналық тексеру. Тексеру мақсаты – нəрестенің бөксемен жату ықтималдығын анықтау,нəрестенің өсуін айғақтау, жыныс ағзаларының ұшықтық инфекциясын ашу.
2 Қышудың болуы жүктілердің бауыр ішілік холестазын меңзеуі мүмкін; бұл жағдайда аш қарында қан сарысуында АЛТ жəне өт қышқылының болуын анықтайды.
3. Акушерлік тексеру;
4. Жатыр көлемі (орташа мəннен 2 см.артық емес ауытқу рұқсат етіледі );
5. Сыртқы жыныс мүшелері (ұшықтық жұқпадан қауіпенгенде, яғни күлдіреу немесе жаралар болса, жүктіге ол туралы ескертіп, тиісті зерттеу үшін материал алу);
6. Жатыр мойны сыртқы аңқасының жағдайы;
7. Нəрестенің алда жатуы (бөксемен жатуы);
8. Нəрестенің мөлшері (жоғары қара);
-Қан анализі (36 аптада);
-Зəр анализі;
-RW (36 аптада);
-Іншектің тазалық дəрежесін анықтау үшін жағынды 36 аптада