Элювиал фациялар – негізгі рельефтердің биік жайларында су айырғыштарда (водораздел) тура келеді. Осындай фациарда топырақтың пайда болуы, өсімдіктердің өмірі, заттардың фацияға кіріп келуі атмосфера арқылы болып, жер астындағы сулардың әсеріне байланысты болмайды. Заттардың фациядан шығып кетуі атмосферадан түсіп жатқан жауын-шашынның парлануымен, сіңілуімен және ағым пайда етуі арқылы болады. Осының нәтижесінде фацияда заттың кіріп келуінен шығып кетуі көбірек болады, заттар алмасуында теріс (отрицательный) баланс жүзеге келеді.
Супераквал фацияларға негізгі жер асты сулары жер бетіне жақын жайғасқан тегістіктерде пайда болады. Осындай фацияларда заттардың фацияға кіріп келуі тек қана атмосферамен ғана емес, жер асты сулары және жоғары томпешіктерден ағып келіп жатқан сулар арқылы болуы мүмкін. Сол себепті супераквал фацияларда заттардың шығып кетуінен кіріп келуі және топтануы жоғары болады.
Субаквал фациялар негізгі рельефтің төменгі жайларында судың топтанып қалу нәтижесінде пайда болған үлкенді-кішілі су көлшіктерінің астында жүзеге келеді. Осындай фацияда заттардың келуі кетуінен жоғары болады.
Ландшафттың морфологик бөліктерінің бірі болып урочища саналады. Урочища бір мезорельефтегі жайласқан табиғи бірікпе болып, генетикалық және динамикалық жағынан өмірбақи байланысқан фацияның қатарынан тұрады.
Урочищадан кейінгі ландшафттың бір бөлігі түрге бөлінеді. (вид). Түрлер негізінен урочищаны кемейтіріп шығарады. Ландшафттың морфологик бөліктерінің ішінде ең үлкені қоныс деп аталады. Қоныс деп белгілі ландшафтқа тиісті болған урочищалардың жиындысына айтылады.
Ландшафттың өзара байланысы Жоғарыда біз ландшафттардың құрамы – компоненттер мен және морфологик бөлшектерден түзілгенін көрдік. Ал, енді ландшафттың ішкі түзілісін үйренгенде бізге олардың компоненттері мен морфологик бөліктерін жайлану тәртібін ғана үйренбей, олардың арасында болып тұратын өзара әсерін және байланысын түсінуіміз керек.
Ландшафтта өзара әсер және байланысы екеу болады:
Олардың біріншісі вертикаль (тікбағытта) жөнелістегі өзара әсер және байланыс болып, негізі ландшафттардың компоненттеры мен зат және энергия алмасу нәтижесінде жүзеге келеді.
Ландшафттағы зат пенен энергияның вертикаль алмасуына мысал етіп, су бетінен шығып жатқан парлану су парлардың конденсациясы – жауын-шашынды айтуға болады. Осы уақытта су яғни су парлары мен бірге түрлі-түрлі заттар және химиялық элементтерде бір компоненттерден екінші компонентке, одан үшіншісіне өтіп тұруы мүмкін.
Екінші болып горизонталь (көлденең) жөнелісте болып, ландшафттардың морфологик бөліктері арасында заттар мен энергия алмасу нәтижесінде пайда болады.
Горизонталь байланысқа затпенен энергияның табиғат айналып жүруі, әсіресе жылулық пен ылғалдықтың көшуін белгілеп беруші ауа массаларының қозғалуы көбірек әсер етеді.