5. Дәрістер кешені Тақырып №1 Дәріс 1: Бухгалтерлік есепті қалыптастыру және оны ұйымдастырудың ерекшеліктері



бет1/5
Дата02.10.2019
өлшемі124,67 Kb.
#49171
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Лекции Бухгалт іс

5. Дәрістер кешені
Тақырып № 1

Дәріс 1: Бухгалтерлік есепті қалыптастыру және оны ұйымдастырудың ерекшеліктері
Дәріс конспектілері: Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.

Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел баскару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланады.

Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін қатаң сақтаулары керек.

Шаруашылық жүргізуші субъектісі өзінің нақты жағдайына, көлеміне және қызмет түріне қарап бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асырады: бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру нысандарын дербес белгілейді; есептік саясатын қалыптастырады; қаржылық пен өндірістік есептері бойынша қызмет ету аясын белгілейді; шаруашылық операцияларына бақылау тәртібін әзірлейді, сондай-ақ бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін басқа да қажет шешімдерді жасайды.

Субъектіде бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға, шаруашылық операцияларын орындаған кезде оның заңдылығын сақтауға кәсіпорынның басшысы жауапты болып келеді.

Субъектінің құрылымдық бөлімшелерінде бухгалтерлік есепті жүзеге асыруға кәсіпорынның бас бухгалтері басшылық етеді. Егер де кәсіпорынның дербес бухгалтерлік қызметі болмаса, онда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру арнайы мамандандырылған фирмалардың немесе келісім-шарттың негізінде жұмыс істейтін мамандардың көмегімен жүзеге асырылады.

Бас бухгалтерді қызметтің босатқан кезде ол жаңадан тағайындалған бас бухгалтерге субъектінің басшысы бекіткен тәртіпке сай істерді өткізіп береді, өткізу барысында бухгалтерлік есептің жағдайына және есеп мәліметтерінің дұрыстығына тиісті актілер жасалады.

Субъект активтердің, меншік капиталының, міндеттемелердің және олармен жасалатын шаруашылық операцияларының қосарлана немесе екі жақты жазылатын жазу тәсілімен бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспарымен сәйкестендіріліп бухгалтерлік есебін жүргізеді.

Бухгалтерлік қызметтің басты мақсаты субъектіні жедел басқару үшін қажет ақпараттармен, субъектінің қаржылық нәтижесі мен шаруашылық процестері туралы дұрыс және толық ақпараттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ инвесторларға, жабдықтаушыларға, сатып алушыларға, кредиторларға, мемлекеттік органдарға, банктерге және басқа да мүдделі тұлғаларға бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес қаржылық есеп беруді жасау болып табылады.

Бухгалтерлік есепті жүргізген кезде субъекті мына жайларды қамтамасыз етуі керек:

- есеп беру кезеңінің ішінде міндеттемелер мен активтерді бағалау мен кейбір шаруашылық операцияларын көрсету кезінде қабылданған есеп саясатының өзгермейтінідігі, 1БЕС белгілеген ережесімен сәйкес келетіндігі;

- қаржылық міндеттемелерімен мүліктерді түгендеу нәтижесін және есептік кезеңде жүзеге асқан барлық шаруашылық операцияларының есепте толығымен көрініс табуы;

- тиісті есептік кезеңіне шығыс пен табьтстын дұрыс жатқызылуы ;

- әрбір айдың басына синтетикалық есеп шоттары бойынша қалдығы, аналитикалық есептің айналымымен сәйкестігі сақталуы керек.

Жасалған шаруашылық операцияларын тіркейтін алғашқы құжаттардың мәліметтері бухгалтерлік есептің регистрлеріне жазу үшін негіз болып табылады.

Бухгалтерлік құжаттарда жасалған шаруашылық операциялары мәліметтердің айғақтылығын немесе жасалған операцияға жазбаша түрінде берілген жарлығы екендігін көрсетеді және осы соңғыларды бухгалтерлік есептің шоттарында көрсету үшін ол негіз болып табылады. Кез келген шаруашылық операцияларын тиісті есеп шоттарында көрініс таппауы, олардың тиісті құжаттармен рәсімделуімен байланысты болып келеді.

Операцияларды құжаттармен рәсімдеу процесі бухгалтерлік есептін. алғашқы сатысы болып саналады, сондықтан аталған процесті құжаттау деп те аталады.

Құжаттардың арналымы мен мазмұнын дәл және толық түсіну үшін, оларды біршама белгілері бойынша жіктейді: арналымы бойынша, жасау тәсілі бойынша, мазмұны бойынша, жасау орны, сандық позициясы, толтыру тәсілі бойынша (1 сызба).

Құжаттар арналымы бойынша мына топтарға бөлінеді:

- тәртіп орнататын (басқара білетін) — жарлыктың мазмұны, шаруашылық операциясын жасауға берілген бұйрық болып танылады, бірақ ол жасалған операцияның фактісін растамайды, сондықтан операцияның ол кезеңі бухгалтерлік есепте көрініс таппайды.

Көптеген жарлық ретіндегі құжаттар, операция жасалғаннан кейін барып, ақтаушы құжаттарға айналады;

- ақтаушы (атқарушы) — жасалған шаруашылық операцияларының фактісін растайды (куәландырады), яғни жасалған операция ретінде рәсімделеді. Құжаттардың бұндай типі шаруашылық операциялары ретінде бухгалтерлік есепте көрсетуге негіз болып табылады;

- бухгалтерлік рәсімдеутәртіп орнататын және ақтаушы құжаттардың негізінде жасалатын құжаттар, бірақ олардың дербестік мағынасы болмайды;

- қиыстырылған (қарастырылған) — жоғарыда келтірілген құжаттардың бірнеше түріне тән қызметті, бір мезгілде атқаратын құжаттауларды құрастырылған құжаттау деп атайды; олардың пайдалануын жеңілдетеді, ықшамдайды және есептік құжаттауды аса көрнекті етіп көрсетеді.

Құжаттар жасау бойынша мына топтарға бөлінеді:

- бір жолғыжасалған бір немесе бірнеше шаруашылық операцияларын рәсімдеу кезінде пайдаланады;

- жинақтаушыбіртектес шаруашылық операциялары жасап біткеннен кейін, оларды рәсімдеу үшін пайдаланады. Олардың бір жолғыдан айырмашылығы құжаттарды рәсімдеу уақытын және олардың санын қысқартады. Олар есепте тек ең соңғы операциясы жасалғаннан кейін барып көрініс табады және барлық жазулар осы жерде қосылып жинақталады.

Кәсіпорын мүлкінің қандай қалыпта екенін және қандай дәрежеде пайдалынып отырғандығын анықтау үшін, нақты бір жүйеге келтіріп отыруға бухгалтерлік есепте әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Бухгалтерлік есеп пәнін зерттеп- білу үшін, оны бір тиянақты жүйеде жүргізу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер тобы, басқа ғылым бухгалтерлік есеп пәнінің әдіс-тәсілдері сияқты, диалектикаға негізделген. Бухгалтерлік есеп өзінің әдіс-тәсілін қолдануда, есеп-қисап ілімінің даму, зерттеу жолында диалектика тәсілін әр уақытта басшылыққа алады. Осы орайда, әрбір зерттеу әдіс-тәсілі кез-келген адам атының туындысы болуға тиіс емес. Ол зерттелетін пәннің негізгі мазмұнына сәйкес және сол пәннің негізгі мазмұнын дәлелді түрде бұлжытпай анықтайтын болу керек.

Әрбір пәннің әдіс-тәсілі, сол пәннің ерекшелігіне сәйкес, алдына қойылатын мақсатын орындауға, ғылыми негізін анықтауға бейімді болуы керек. Сондықтан әрбір пәннің әдіс- тәсілінің өзіндік ерекше мағына – мазмұны болуға тиіс. Оған жататындар: құжаттау, түгендеу, калькуляция, счеттар жүйесі, екі жақты жазу, бухгалтерлік баланс, есеп беру, бағалау.

Бухгалтерлдік есеп кәсіпорында күнделікті болатын шаруашылық процестерді түгелдей есепке алады. Ал ол шаруашылық процеске: сол кәсіпорындардағы барлық кәсіпорын мүлкі, қорлары және қаржыландыру қорлары қатысады. Бухгалтерлік есеп теориясында шаруашылық процесі – «шаруашылық операциясы» деп атау қалыптасқан. Жалпы айтқанда, шаруашылық процестерін есепке алу үшін нақты бір әдіс керек. Ол бухгалтерлік құжат.

Құжат дегеніміз – ол шаруашылық операцияны бірінші тіркеуге алатын бухгалтерлік әдіс. Тек құжат арқылы ғана әрбір шаруашылық операция есепке алынады. Яғни, бухгалтерлік құжатта шаруашылық операцияның мазмұны толық көрсетеледі де, ол есеп-қисаптың негізі ретінде саланады. Құжат заң талабына сай толтырылып, бухгалтерлік есептің дәлелі болуға тиіс. Барлық шаруашылықтағы құбылыстарды есепке алу үшін, сол құбылыстар орындалу кезінде құжатқа тіркеледі. Мысалы, товардың табиғи шығыны, есеп-қисапка жіберілген қателері, товардың түгелдігін анықтағанда жетпей қалғаны, тағы басқалары, сол жұмыс жүргізілген кезде тиісті құжаттарға тіркеледі.

Яғни, бухгалтерлік құжат шаруашылық құбылыстың жасбаша куәлігі және оның заңдылық құқысы болады. Сондықтанда құжаттауда бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп санайды. Жалпы есеп информациясын автоматтандыру барысында алғашқы есеп сатысын өзінше бөлек автоматтандыру жүйесі деп санайды. Соған сәйкес есеп процесі автоматтандырылған жағдайда құжаттық функциясын техникалық материалдар магнит лентасы, дискасы атқарады.

Бухгалтерлік есептің өзіндік ерекшклігі ол тек қана құжат арқылыжүргізілетіндігінде, сонымен қатар құжат кепілдік, куәлік, құқылық қызметтерін атқарады.

Құжат көрсеткіштерін реквизит – деп атайды. Шаруашылық операциялардың мазмұнына және атқаратын қызметіне сәйкес құжаттық ревизиттері әр түрлі болады. Оның ішінде міндетті реквизитке жататындар: құжаттың аты, жазылған күні және жылы, шаруашылық операция мазмұны, жауапкердің қолы т.с.с.

Қорыта келгенде, құжат арқылы ғана кәсіпорын мүлкінің түгелдігі тексеріледі, жеке адамдардың материалдық жауапкершілігі анықталады. Әрбір шаруашылық процесінің заңдылығы дәлелденеді.

Келесі бухгалтерлік есеп әдісінің бір түрі кәсіпорын мүлкінің нақты ақшалай құнын шығару. Шаруашылық процесі мейлінше жан-жақты, әр-түрлі. Олар құжатта бірнеше түрлі көрсеткіштермен, өлшемдермен жазылады. Ал бухгалтерлік есептің ерекшелігі сол, ол барлық көрсеткіштерді, бір өлшеммен ақша өлшемінде көрсетеді. Сол үшін еңбек көрсеткіштерін, заттай өлшемдегі көрсеткіштерді ақша өлшеміне аударып, кәсіпорын мүлкінің нақты ақшалай құнын анықтайды.

Кәсіпорын жұмысын басқару үшін, сол шаруашылықтағы процестердің барысын бақылап, ондағы шығынның нақты көлемін мүлтіксіз дәл анықтап біліп отыру керек. Бізге белгілі, өндіріс процесіне үш түрлі элемент қатысады, ол адам еңбегі, шикізаттар мен материалдар және негізгі қордың амортизациясы. Әрине, өндіріс процесінде көптеген қосалқы шығындар болады. Бухгалтерлік есеп сол шығындарды жеке-жеке есептеп қана қоймай, олардың қортынды есебін шығарады да, онымен қатар өндіріс өнімінің құнын немесе өзіндік бағасын анықтау үшін қолданылатын әдіс-тәсілді калькуляция деп атайды.

Халык шаруашылығы есеп-қисабының мақсаты туралы айтылғанда, оның ерекше орындайтын міндетінің бірікәсіпорын мүлкінің түгелдігін қамтамасыз ету дегенбіз. Бұл үшін бухгалтерлік есепте инвентаризация немесе түгелдеу тәсілі қолданылады.

Кәсіпорын шаруашылығында әрбір өндіріс қоры, еңбек қоры, қаржыландыру қоры түгелдей қатысады да, ал негізінде әрбір шаруашылық процесі нәтижесінде олардың әрқайсында өзгеріс болады. Осы орайда олар өзара өте тығыз байланысты. Онымен қоса кәсіпорын шаруашылығына басшылық ету жұмысын ұйымдастыру үшін, кәсіпорын мүлкінің қай уақытта қаншасы бар екенін, қанша кіріс немесе қанша шығыс болғанын білу өте қажет. Осындай құбылысты түгелдей бір жүйедегі есеп-қисапқа алу үшін, кәсіпорын мүлкін жеке-жеке, түр-түрімен бөлек еесптеу керек.

Қорыта келгенде, кәсіпорын мүлкінің және қаржыландыру қорларының шаруашылық құбылысындағы өзгерісін, тағы басқа шаруашылық операцияларды топтап, бір жүйеге келтіріп, есептеу үшін қолданылатын тәсілді счеттар жүйесі немесе бухгартерлік счет дейді.

Шаруашылық процестерді счеттар жүйесіне тіркеу үшін қолданылатын бухгалтерлік есептегі әдіс-тәсілді « екі жақты жазу» дейді. Бұл әдістің негізі сол, шаруашылық процестерді өзара байланысты екі бухгалтерлік счетқа тіркеу арқылы есепке алады.

Бухгалтерлік есептегі әдіс-тәсілдің бірі-бухгалтерлік баланс. Бухгалтерлік баланс дегеніміз, кәсіпорын мүлкін және оның қаржыландыру қорын өзара қарама-қарсы байланыстыра отырып, бір жүйеге келтіріп, қорытындылап, нақты бір күнге қандай қалыпта екенін, қандай мөлшерде екенін экономикалық топтау нұсқауында көрсететін әдістәсіл.

Отчет. Бұл тәсіл кәсіпорын шаруашылығын өткен бір мерзіміндегі қорытындасын (нәтижесін) көрсететін әдістәсіл. Негізінде кәсіпорын жұмысының қорытындысы әрбір ай сайын шығарылады. Мысалы, айлық пайда жоспарының орындалуы, тағы басқа көрсеткіштер туралы отчет жасалады.

Тақырып 2. Бухгалтерлік жұмысын ұйымдастыру
Дәріс 2, 3.
1. Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру.

2. Бухгалтерлік есеп пәні, объектілері, әдістері.

3. Түгендеу- бухгалтерлік есептің маңызды элементі.

4. Құжаттар, оларды жіктеу және оған қойылатын талаптар.

5. Синтетикалық және аналитикалық есеп шоттары.

6. Айналым ведомісінің мәні және оны құру.

7. Есеп регистрлері, олардың түрлері және ролі.

8. Бухгалтерлік есеп нысандарының мәні.

9. Бухгалтерлік есептегі қателерді анықтау және оларды түзету тәсілдері.
1. Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру.

Дәріс конспектілері: Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру – субъектінің шаруашылық іс-әрекеті туралы күмәнсіз сенімді және уақытылы ақпарат алу мен ресурстарды, дайыын өнімді тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асыру мақсатымен есеп үдерісін құрудың шарттары және элементтер жүйесі. Негізгі қосылғыштар мыналар: алғашқы есеп пен құжат айналымы, түгендеу, субъекті қаржы-шаруашылық қызметі шоттарының Бас жоспары, бухгалтерлік есеп нысандары, есеп және есептен шығару жұмысын ұйымдастыру формалары, есеп берудің көлемі мен мазмұны.

Бухгалтерлік есептің негізгі принциптері мен есептің жалпы ережелері ҚР бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру жүйесін реттейтін құқықтық- нормативтік актілермен белгіленеді. Бухгалтерлік есепті реттеу жүйесінің бес деңгейі бар:

1. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заң.

2. Заңнамалық актілер мен ҚР Үкіметінің Қаулылары.

3. Бухгалтерлік есеп стандарттары мен оларға әдістемеік ұсыныстар.

4. Шоттардың типтік жоспары мен оларды қолдануға берілген нұсқау.

5. Субъектінің есеп саясаты.

«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Қаңның 6-бабы 2- тармағына және «Қаржылық есеп беру туралы ұсыныс» 30-бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес есеп саясаты - «ұйымның талаптары мен қызмет ерекшеліктеріне сай , ҚР-ң бухгалтерлік есеп пен есеп шоттарының үлгі жоспары туралы заңдарының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасау үшін қабылданған принциптер, негіздер, шарттар, ережелер мен практика».

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру есептеу мен үздіксіз қызметтің негізгі принциптеріне, түсінікті, орынды, сенімді және салыстырмалы сапалық сипаттамаларына сәйкес атқарылуы тиіс.

2. Бухгалтерлік есеп пәні, объектілері, әдістері.

Өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік есепті қолданудың негізгі учаскелері болып табылады. Онда оны көмегімен барлық шаруашылық қызметінің үстінен қадағалау және бақылау жасау қамтамасыз етіледі. Кәсіпорындар құрылған кезде қатысушылардың салымдары есебінен қорлар жасалады. Олар өндіріс процесіне, бөлініске, айналым мен тұтынуға қызмет етеді.

Сонымен, қалыптастыру көздерімен байланыстағы шаруашылық құралдары және шаруашылық қызметі үдерісіндегі олардың айналымы бухгалтерлік есептің пәні болып табылады. Пәніне сипаттама бере келіп, бухгалтерлік есептің объектілерін айырып алу керек. Олардың құрамы халық шаруашылығының алуан түрлі салаларындағы кәсіпорындардың меншік нысандарына, ерекшеліктеріне және функцияларына байланысты.

Кәсіпорындағы есептің маңызыды объектілеріне: материалдық емес активтер, негізгі құралдар, материалдар, еңбекақы бойынша есеп айырысу, өнім өндіру, жабдықтау, өнім өндіру және сату процесіндегі шығындар, ақша қаражаттары мен есеп айырысулар, қаржы нәтижелері және т.с.с. жатады.



Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негізін әдістер мен тәсілдер жүйесі құрайды. Бухгалтерлік есеп тәсілі деп әдіс, амалдардың жиынтығы түсіндіріледі, олардың көмегімен байқау, есепке алынатын мәліметтерді жете білу мен зерттеу жүргізіледі.Бухгалтерлік есеп тәсілінің элементтері:

1. Құжаттау – шаруашылық операцияларының бастапқы тіркеу әдісі мен бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығын негіздеу. Бухгалтерлік есептегі бірде бір жазба оны тиісті рәсімдеусіз жасалмайды. Құжат – бұл белгіленген тәртіппен рәсімделген шаруашылық операциясының жасағаны туралы ақпаратты жазып қойылған түрде сақтайтын материалдық сақтаушы.

2. Түгендеу – мүліктің іс-жүзінде бар екендігі бухгалтерлік есептің мәліметтеріне сәйкестігін тексеру әдісі. Түгендеудің мақсаты – құралдың сақталуын кейіннен бақылау үшін істің нақты жағдайын айқындау, нақты есептік көрсеткіштерді қамтамасыз ету.

3. Бағалау - белгілі бір уақыт сәтіндегі кәсіпорын мүлкін ақшалай өлшеммен бейнелеу амалы. Кәсіпорын құралдарын дұрыс бағалау жанды және затқа айналған еңбекке жұмсалған шығындардың іс жүзіндегі бейнеленуін талап етеді, бұларға есеп объектілерін ақшалай өлшеу де кіреді. Тауарлы-материалдық қорларды, өндіріске жұмсалған шығындарды дұрыс бағаламау, жалақыны және өнімнің өзіндік құнына кіретін басқа да шығындарды дәлме-дәл есептемеу шаруашылық іс-әрекет нәтижелерін анықтаған кезде бұрмалаушылыққа әкеледі. Бухгалтерлік есепте кәсіпорынның құралдарын бағалау негізінде нақты өзіндік құны салынған.

Кәсіпорын мүлкінің маңызды түрлері ағымдағы есепте және баланста мынадай бағалармен бейнеленеді:

-негізгі құралдар бастапқы, баланстық немесе қалдық құнымен бағаланады;

-материалдар, отын, шикізат нақты өзіндік құны бойынша;

-дайын өнім – нақты өзіндік құны бойынша;

-әртүрлі дебиторлармен және кредиторлармен есептесулер бухгалтерлік есепте құжатта көрсетілген сомамен бейнеленеді.

4. Калькуляция - өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірлігінің өзіндік құнын ақшалай бейнелеп шығару амалы. Өнімнің өзіндік құны (ӨӨҚ) материалдық, еңбек басқаруға жұмсалған шығындардан, әлеуметтік салық аударудан құралады.

5. Шоттар – қаржы жағдайы, міндеттемелер және капитал туралы ағымдағы ақпарат жинайтын, жүйеленетін экономикалық топтастыру. Шоттардағы жазба құжаттар негізінде жасалады – бұл операцияны екінші рет тіркеу. Шаруашылық құралдарының немесе көздерінің әрбір түріне жеке шоттар ашылады.

6. Екі жақты жазу – шаруашылық операцияларын есеп объектілерінің өзара байланысын көрсететін бухгалтерлік есептің шоттарында тіркеу тәсілі.

7. Баланс – белгілі бір сәттегі субъектінің мүлкі, міндеттемелері және капиталы туралы ақпаратты жинақтап қорыту мен экономикалық топтастыру тәсілі. Бұл – объектінің қаржылық жағдайын сипаттайтын негізгі есепті форма. Баланс барлық шаруашылық құралдарын, олардың пайда болып, қалыптасу көздерін салыстыру және есеп объектісінің барлық жиынтығын бақылауды жүзеге асыру үшін қажет.

8. Есеп беру – кәсіпорынның белгілі бір кезең (ай,тоқсан, жыл) ішіндегі шаруашылық қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі.

Баланс та, есеп беру де тиісті топтастыру мен шоттарды өңдеуден кейін жасалады.

3. Түгендеу- бухгалтерлік есептің маңызды элементі.

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берудің күмәнсіз сенімділігін қамтамасыз ету үшін субъектілер кемінде жылына бір рет мүлік пен міндеттемелерге түгендеу жүргізуі тиіс, түгендеу барысында олардың бар-жоғы, жағдайы мен бағасы тексеріліп, құжатпен расталады.

Бухгалтерлік есептің бұл тәсілінің көмегімен субъектінің құралдары жайлы, олардың іс-жүзінде бар-жоқтығы жайлы есеп мәліметтері осы көрсеткіштердің сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатымен салыстырылады және реттеледі.

Шаруашылық іс-әрекет барысында бухгалтерлік есеп мәліметтерімен тауарлы-материалдық қорлардың нақты қолда бары арасында айырмашылық туындуы мүмкін:

-табиғи себептерге байланысты (кеуіп, құрғап кету, сусымалы тауарлардың тасымалдау және сақтау кезіндегі салмағының азаюы, ұнтақталу, тозаңға айналу, төгілу );

-құралдарды қабылдаған немесе босату кезіндегі жетіспеушілік (қате есептеу, қағыс өлшеу, салмақ кемдігі);

-есептеу кезіндегі қателіктер - арифметикалық қателіктер, алғашқы құжаттардағы жаңылыстар, құжаттық мәліметтерді қате көрсету;

-ұрлық, қымқыру, кем өлшеу – материалық құндылықтарды қабылдау мен босату кезіндегі, ақша және басқадай заттарды беру кезінде кем беру, есептеу, сондай-ақ құралдарды тікелей сіңіріп кету.

Айырмашылықтарды құралдардың нақты қалдықтары мен бухгалтерлік есеп мәліметтерін оқтын-оқтын салыстыру негізінде түгендеу жолымен анықтауға болады.

Түгендеуді өткізу тәртібі мен мерзімдерін субъект басшысы № 24 «Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру» бухгалтерлік есеп стандартына және оған ҚР Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп пен әдістемесі департаментінің 1998ж. 6 наурыздағы «Заңды тұлғалардың мүлік пен міндеттемелерге түгендеу жүргізудің тәртібі туралы» 47 бұйрығымен (өзгерістермен және толықтырулармен) бекітіліп, түгендеу айырмашылықтарын реттеу және түгендеу қорытындыларын рәсімдеу тәртібі белгіленген әдістемелік ұсыныстарға сәйкес анықтайды.

Мынадай түгендеулер болады:

1. Толық. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерге қатысты.Әдетте түгендеуді мынадай мерзімдірде өткізеді:



  • негізгі құралдарға – кеміне жылына бір рет (1 қарашадан ерте емес);

  • ғимараттарды, үйлерді және негізгі құралдардың тағы басқа жылжымайтын объектілерін – 2-3 жылда бір рет;

  • күрделі қаржы – жылына бір рет (1 желтоқсаннан ерте емес);

  • аяқталмаған өндіріс – 1 қаңтарға қарай;

  • күрделі жөндеудің, алдағы кезеңдердің шығындарын – тоқсанында бір реттен кем емес;

  • мұнай өнімдерін- айына бір реттен кем емес;

  • банкпен есеп айырысуларды – жеке шоттары бойынша көшірме алу шарасына орай;

  • қаржылық органдармен есептесулерді – тоқсан сайын;

  • ақшалай қаражат пен қатаң есептегі құжаттарды айына бір реттен кем емес;

  • балансаралық есептер (еншілестермен, тәуелділермен, заңды тұлғалармен, бірлесіп бақыланатындармен) - әрбір айдың бірінші күнінде;

  • басқадай дебиторлармен, кредиторлармен есеп айырысуларды - жылына екі рет;

  • баланстың басқа баптарын – келесі есепті жылдың 1 қаңтарына.

2.Жекелеген. Қаражаттардың бір түрін ( кассадағы ақшалай қаражат) қамтиды. Жыл бойы материалдық – құндылықтарды сақтау мақсатымен жүйелі түрде жүргізіледі.

3. Жоспарлы. Жоспар бойынша белгіленген мерзімде өткізіледі.

4.Кенеттен - Материалдық-жауапкершілікті тұлғалар ауысқанда басшының өнімі тергеу органдарының талабы бойынша.

5. Жоспардан тыс- стихиялық апаттан ( өрттен және т.б.) кейін, сондай-ақ қаражатты ай сайын түгендеу.

Сонымен қатар, түгендеу шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есебі мен балансының шынайылығын қамтамасыз ету үшін өткізіледі. Бұл мақсат үшін құрамында субъект басшысы ( комиссия төрағасы), бас бухгалтер, құрылымдық бөлімше басшысы, қызметтің бас мамандары бар тұрақты түгендеу комиссиясы құрылады.

Ол құндылықтарды сақтауды амтамасыз ету жөніндегі алдын – ала жұмысты жүргізеді; түгендеу өткізуді ұйымдастырады және жұмысшы комиссия мүшелеріне нұсқау беруді іске асырады; түгендеу барысында тұрақты бақылау жүргізіледі, тауарлы – материалдық қорларға түгендеу жүргізудің дұрыстығына бақылау жасайтын тексерушілерді ұйымдастырады;қоймалық есеп жүргізу мен түгендеу аралық кезеңдерде құндылықтарды сақтаудың дұрыстығын, түгендеудің қортындысын ( артық шығу, кем шығу) тексеруі; қажет жағдайда қайтадан толық түгендеу өткізіледі; жетіспеушілікке немесе құндылықты бүлдіруге жол берген адамдардан алынған түсініктемелерді, сонымен қатар басқа да бұрмалаушылықтарды қарайдыжәне жетіспеушілікті, құндылықты бүлдіру салдарынан болған жоғалтуларды реттеу тәртібі туралы ұсыныстар енгізіледі.

Түгендеуді тікелей өткізу үшін субъект басшысының бұйрығымен құрамында комиссия төрағасы мен комиссия мүшелері ( мамандар мен бухгалтерия қызметкерлері) бар жұмысшы комиссиясы құрылады.

Комиссия құрамына түгендеу жүргізу құндылықтарды, бағаларды және бастапқы есепті жақсы білетін тәжірибелі қызметкерлер кіреді. Жұмысшы түгендеу комиссиясының қызметкерлері түгендеудің уақытылы жүргізілуін және тәртіпті сақтау үшін, тізімдеме (опись) құрудың толықтылығы мен дәлдігі, оларды бухгалтерияға ұсыну үшін жауапкершілікті алады.

Түгендеуді материалды – жауапты тұлғалар ауысқанда, аудиторлық тексерулерде, тергеу органдарының талаптары бойынша және т.б. жағдайларда өткізіледі.

Түгендеу қортындылары ( артық шығу, кем шығу, қайта сұрыптау) түгендеу қортындыларының салыстыру ведомосіне жазылады. Оларға тек есептік мәліметтерден ауытқуы анықталған құндылықтар ғана кіреді.

Орталық түгендеу комиссиясы салыстыру ведомосін жасаудың дұрыстығын тексеруі тиіс және түгендеу аяқталғаннан кейін 10 күннен кеш емес мерзімде субъект басшысы бекіткен хаттамада өзінің шешімін айқындап жазып қояды.

Артық шыққын негізгі құралдар, тауарлы – материалдық құндылықтар ақшалай қаражаттар кіріспе алынуға тиісті. Құндылықтардың белгіленген шекте жетпей қалуы шығындарға жатқызылып, есептен шығарылады.

Тауарлық – материалды құндылықтардың табиғи кему нормасынан артып, кем шығуын сондай –ақ құнды затты бүлдіру салдарынан жоғалтуды кінәлі адамдар есебіне жатқызады. Түгендеу кезінде айқындалған мүліктің шын мәнінде қолда барының бухгалтерлік есеп мәліметтерімен айырмашылығы былайша танылады:

-артық шығу – кіріс болып және негізгі емес қызметтен түскен табыс ретінде кіріске алынуға тиіс.

-кем шығу – шығындар.

-нақты санының жетпеуі мен оның табиғи кему нормасы шегінде бүлінуі ҚР СК 92-бабының 2 тармағына сәйкес шығындарға жатқызылады;

-мүлік санының жетпеуі мен оның нормадан тыс бүлінуі кінәлі адамдар есебіне жатқызылады. Егер кінәлі адамдар айқындалмаса және сот өндіріп алуға қарсылық етсе, материалдық қорлардың жетпей қалуы мен бүлінуін субъект шығындарға жатқызады.

Табиғи кему нормалары азық – түлік тауарлары мен шыны ыдыстарға ғана қатысты болғандықтан, табиғи кему нормалары жоқ субъектілер оларды жоғалту ретінде қарастыруы керек, олар кінәлі адамдар табылмаса немесе сот олардан шығынды өндіріп алуға қарсылық білдірсе олар шығындар есебіне жатқызылады және де олар субъектінің таза пайдасы есебінен жабылса, мұндайда салық салу мақсаттары үшін шегерімге жатқызылмайды.

4. Құжаттар, оларды жіктеу және оған қойылатын талаптар.

Бухгалтерлік құжаттар шаруашылық операциясы жасалған сәтте жасалады. Олар шаруашылық операциясының фактісі мен сипатын немесе оны жасау құқын куәландырады. Мұндай құжаттар бастапқы бухгалтерлік құжаттар деп аталады, ал олардан бастау алатын экономикалық ақпарат бастапқы бухгалтерлік есеп болып саналады.

Құжат – бұл шаруашылық операциясының жасалғаны туралы немесе оны жасауға арналған құқық туралы жазбаша куәлік.

Бастапқы құжат – бұл шаруашылық операциясы орындалған сәтте жасалатын және болған фактілерді алғаш куәландыратын бухгалтерлік құжат. Ол жүргізілген шаруашылық операциясының заңдық күшін растайды.Ол жекелеген орындаушылардың операцияларын орындаудағы жауапкершілігін белгілейді.

Кәсіпорын жұмысында құжаттардың маңызы зор.

Біріншіден, құжаттар есептік жазулардың негізі және растаушысы болып табылады.

Екіншіден, құжаттар шаруашылыққа басшылық етуге пайдаланылады.

Үшіншіден, құжаттар меншіктің сақталуына бақылау жасауды қамтамасыз етеді.

Төртіншіден, құ`1 жаттардың дәледеуші заңдық күштері бар.

Құжаттар – кәсіпорындар мен адамдар арасындағы даулар кезіндегі жазбаша дәлелдеме. Олар сот органдары мен төрелік сотта әр түрлі шаруашылық шығындарын шешуге, шарттар мен өзге де міндеттемелерді орындауға негіз болады.

Кәсіпорындарда пайдаланылатын құжаттар әдетте типтік бланкілерде, қажетті деректемелері бар, бекітілген тиісті нысандарда жасалады.

Деректемелер – бұл құжаттарда келтірілетін көрсеткіштер. Оны жасалған операциялар деректерінің негізінде толтыру қажет. Әр бір есептік құжатта деректемелер болуы тиіс. Мұның кез-келген құжатта болуы – міндетті. Мұндай деректемелерге жататындар: құжаттың атауы; құжаттың жасалған күні мен орны; шаруашылық операциясының мазмұны; шаруашылық операциясының өлшеуіштері, шаруашылық операциясын жасауға және құжаттарды рәсімдеуге жауапты адамдардың қойған қолдары.

Шаруашылық операциясын рәсімдеу үшін нысаны мен мазмұны бойынша әр түрлі құжаттар пайдаланылады, мұның өзі оларды жіктеу қажеттігін туғызады. Есептік құжаттар сыртқы және ішкі болып бөлінеді.

Сыртқы құжаттар кәсіпорынға мемлекеттік органдардан, жоғары тұрған ұйымдардан, салық инспекциясынан, банктерден, құрылтайшылардан, жеткізушілерден, сатып алушылардан және т.с.с. келіп түседі.

Ішкі құжаттар тікелей кәсіпорында жасалады. Оған кіріс және шығыс касса ордерлері, жүкқұжаттар, талаптар және т.б. жатады.

Өкімдік – бұл өкім жасайтын, тапсырыс беретін немесе шаруашылық операциясын жасауға құқық беретін құжаттар. Мұндай құжаттарға шаруашылық операциясын жасауға кәсіпорын басшысының және ол өкілеттік берген адамның өкімі жатады.

Ақтаушы – құжаттар шаруашылық операциясының жасалу фактісін, оның орындалуын тіркейді. Оған жататындар: кіріс ордерлері, жүкқұжаттар, негізгі құралдарды қабылдау-шығару актілері.Шаруашылық операциясының орындалуына және оның құжаттарда дұрыс рәсімделуіне жауапты адамдар ақтаушы құжаттарға қол қояды. Мысалы: цех басшысы, қойма меңгерушілері, шеберлер және т.б. Кәсіпорынның бухгалтериясына келіп түскен ақтаушы құжаттар тексеріледі, ал содан соң есепке қабылданады.

Аралас- құжатта тек өкім ғана емес, сондай-ақ осы өкімнің орындалу фактісі де болады. Оған жататындар: кіріс және шығыс касса ордерлері, есеп айырысу- төлем ведомостері, есеп беретін адамдардың аванстық есебі және басқалар.

Есептік ақпаратты жинақтау дәрежесі немесе мазмұнның көлемі бойынша құжаттар бастапқы және жинақтаушы болып бөлінеді.

Бастапқы құжаттар қашан да шаруашылық операциялары жасалған сәтте жасалады және қайсібір шаруашылық операциясының жасалғанына дәлел болып табылады.

Оған материалдардың кәсіпорынға келіп түсуі және олардың кәсіпорын қоймаларынан цехтарға босатылуытуралы; өнімдердің сатып алушыларға жөнелтілуі туралы; есептелген жалақы туралы құжаттар; жүкқұжаттар; банктен ақша алуға арналған чек; негізгі құралдарды есептен шығару туралы акт және т.с.с. жатады.

Жинақтаушы құжаттар бастапқы құжаттарда тіркелген есептік ақпараттарды жалпылау үшін пайдаланылады. Жинақтаушы құжаттар бастапы ақпаратты жинақтаудың, топтастырудың және жүйелеудің құралы ретінде пайдаланылады. Оған аванстық есептемелер, кассирдің есептемесі, есеп айырысу- төлем ведомостері жатады.

Операцияны қамту және пайдалану жиілігіне қарай құжаттар біржолғы және жиынтықтаушы болып бөлінеді.

Біржолғы құжаттар – бір мезгілде жасалатын және құжаттар тіркелетін, бір немесе бірнеше біртектес шаруашылық операцияларын көрсету үшін пайдаланылады. Мысалы: касса ордерлері, талаптар, жүкқұжаттар, төлем тапсырмасы және т.б.

Жиынтықтаушы құжаттар - әр түрлі уақыттарда және белгілі бір кезең ішінде жасалған біртектес шаруашылық операцияларын тіркеу және жиынтықтау үшін пайдаланылады. Жұмысқа екі апталық, айлық нарядтар, кәсіпорын қоймасынан материалдарды босатуға арналған шектеу карталары және т.б. жиынтықтаушы құжаттарға мысал бола алады.

Есеп жазуларының саны бойынша қжаттар бір жолдық және көп жолдық болып бөлінеді.Бір жолдық құжатта бір ғана позиция (материалдың бір түрі, бір өнім) болады.Көп жолдық құжатта бірнеше атаулар, позициялар көрсетіледі. Құжат түрлері бойынша хаттамалар, бұйрықтар, есептемелер, актілер және т.б. болып бөлінеді. Құжаттар нысаны бойынша бірегей және арнайы құжаттар болуы мүмкін.Бірегей құжаттар – бұл халық шаруашылығының жекелеген салаларында қолданылатын құжаттар. Арнайы құжаттар – бұл халық шаруашылығының жекелеген салаларында қолданылатын құжаттар. Оған атқарылған жұмыстарды қабылдау актісі, жолдама қағаздар және т.б. жатады. Қайта шығарылуы бойынша құжаттар түпнұсқа, көшірме және үзінді болып бөлінеді. Түпнұсқа құжаттар тиісті жолмен түпкілікті редакцияда рәсімделген және қол қойылған құжаттар.Көшірмелер құжаттың барлық деректемелерін қайта шығару.Үзінді құжат бөлімінің көшірмесі.Құжаттың рәсімделуі мен мазмұнына қатаң талаптар қойылады. Құжаттар рәсімделетін шаруашылық операцияларына сипаттама беретін барлық көрсеткіштерді көрсетуге тиіс. Бухгалтерлік құжаттама мынадай негізгі талаптарға жауап беруі тиіс: дәл болу, яғни олардың сипаты, сандық және ақшалай көрсеткіштері бойынша нақты жүргізілген шаруашылық операциясына сәйкес келу, қарапайым және айқын, есеп аппаратының қызметкерлеріне ғана емес , сондай-ақ пайдаланушыларға түсінікті болуы керек. Мерзімінде рәсімделген және есеп процесін автоматтандыру жағдайында өңделуге бағытталған болуы қажет. Есеп құжаттарында көрініс тапқан бухгалтерлік ақпарат сапалы және тиімді болуға, яғни еңбек пен уақыттың аз шығынымен қалыптасуға тиіс.



5. Синтетикалық және аналитикалық есеп шоттары.

Бухгалтерлік есепте шоттардың екі: синтетикалық және аналитикалық түрлері егжей-тегжейлі, тәптіштелу, жинақталып қорытылу дәрежесі әртүрлі ақпарат пен көрсеткіштерді алу үшін қолданылады.

Синтетикалық шоттарда шаруашылық құралдары мен олардың қозғалысы туралы жинақтап қорытылған көрсеткіштер болады. Олар тек қана ақшалай түрде көрсетіледі.

Аналитикалық шоттар – есептің тиісті объектілеріне түгел, толық сипаттама береді, олар синтетикалық шоттардың дамуына орай ашылады. Материалдық құндылықтарды бейнелеп көрсететін аналитикалық шоттар тек қана ақшалай емес, заттай түрде де жүргізіледі. Синтетикалық және аналитикалық есеп шоттарындағы жазбалар сол бір құжаттар негізінде жасалады.

Синтетикалық шоттың дебеті мен кредиті бойынша айналымдар аналитикалық шоттарды біріктіретін айналымның жалпы сомасына тиісінше тең болуы тиіс.

Мысалы «Қызметкерлердің және басқа адамдардың берешегі» 333 шоты шоттарды біріктіретін шот болып табылады, оған қызметкерлердің аты-жөні бойынша аналитикалық шоттар ашуға болады,мысалы аналитикалық шот – Байманов және т.б.

Іс жүзінде синтетикалық және аналитикалық шоттардан басқа ішкі шоттар (субшоттар), яғни синтетикалық және аналитикалық шоттар арасындағы аралық буын қолданылады, олардың көмегімен осы синтетикалық шот ішіндегі жекелеген объектілер қорытындыланған мәліметтерді алу үшін аналитикалық шот мәліметтерін қосымша топтастыру іске асады.

Мысалы, 203 (1312) «Отын» шоты. Бұған, 203/1 «Бензин», 203/2 «Дизельді отын», 203/3 «Мазут», 203/4 «Басқалар» ішкі шоттар ашуға болады.



6. Айналым ведомісінің мәні және оны құру.

Субъектінің өндірістік – шаруашылық іс-әрекетін басқару және бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін тексері үшін қаражаттың кейбір түрлері, шығу көздері мен процестері жөнінде жинақтап қорытылған мәліметтер қажет. Мұндай мәліметтерді әр айдың соңында шоттардан алады, алайда әрбір шотта есеп объектісінің бірін ғана сипаттайтын көрсеткіштер болады. Есеп объектілерінің жалпы сипаттамасы жекелеген көрсеткіштерді бір жерге топтау жолымен алуға болады. Бұл үшін шоттардағы айлық қалдықтар мен айналымның жиынтық сомасы көрсетілетін айналымдық ведомостері

Ерекшеліктері:


  • бухгалтерлік есеп дұрыс ұйымдастырылған кезде бағаналардағы жиынтық сомалар екі-екіден жұптасып теңесуі тиіс;

  • дебеттік бастапқы сальдоның жиыны кредиттік бастапқы сальдоның жиынына тең болуы тиіс;

  • жиынтық дебет айналымы жиынтық кредит айналымына теңесуі тиіс;

  • дебет пен кредит бойынша түпкілікті сальдоның қорытындысы да тең болуы тиіс.

Шахматтық айналымдық ведомость. Синтетикалық есепшоттары бойынша айналым ведомосі пайдалану мүмкіндіктері едәуір шектеулі. Оларда көрсетілген айналымдар сол немесе басқа шоттағы жинақ соманы білдіреді. Мұндай мәліметтер негізінде құндылықтардың қайдан келіп, қайда кеткенін білу мүмкін емес. Дегенмен мұндай мәліметтер керек.

7. Есеп регистрлері, олардың түрлері және ролі.

Бухгалтерияға келіп түсетін бастапқы құжаттар арифметикалық есептеулердің дұрыстығы бөлігінде, онда рәсімделген шаруашылық операцияларының заңға сәйкестігі мен мақсаттылығы тексеріледі. Одан кейін бухгалтерлік есептің жинақтамалы және талдамалы шоттары жүйесіндегі деректерді тіркеу жүзеге асырылады. Мүліктердің қалдығы, шаруашылық қорлары және олардың қалыптасу көздері туралы мәліметтер, сондай-ақ бастапқы немесе жинақтаушы құжаттардан алынған шаруашылық операциялары туралы деректер есеп регистрлеріне (тіркелімдеріне) жазылады.

Есеп регистрлері – бұл мүліктер мен олардың пайда болу көздері туралы деректерді экономикалық топтастыруға сәйкес құрылған, белгілі бір нысандағы кесте. Есеп регистрлері шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетуге қызмет етеді. Есеп регистрлері құрылуына қарай хронологиялық және жүйелілік болып бөлінеді.

Хронологиялық регистрлерде – шаруашылық операциялары туралы ақпараттар олардың жасалу кезектілігіне қарай жазылады.

Жүйелілік есеп регистрлерінде – шаруашылық операциялары анықталған белгілері бойынша топтастырылады.

Есеп регистрлері кітап, журнал, ведомость, карточка, машинограмма, жекелеген парақ және т.б. түрде жүргізіледі.

Жинақтамалы шоттар бойынша жазулар журнал-ордерлерде, Бас кітапта немесе оны алмастыратын машинограмма- ведомостерде, ал талдамалы шоттар бойынша – кітаптарда, машинограмма - ведомостерде немесе карточкаларда жүргізіледі.

Есеп регистрлері мұқият, түзетусіз және тазартусыз жүргізілуі тиіс. Жіберілген қателер қате соманы жұқа сызықпен сызып тастау жолымен түзетіледі және жасалған түзету туралы ескерту жазылады.



8. Бухгалтерлік есеп нысандарының мәні.

Бухгалтерлік есептің нысаны дегеніміз шаруашылық операцияларын тиісті жазу әдістерімен белгілі бір кезектілікпен топтастыруға, көрсетуге арналған есеп регистрлерінің жиыны. ҚР-да есептің мемориалдық-ордерлік, журнал-ордерлік және автоматтандырылған нысандары кеңінен тараған.

1. Мемориалдық-ордерлік есеп формасы алғашқы және жинақтаушы құжаттар мәліметтері негізінде жүргізіледі. Операцияларды жазу- тіркеу журналында, соңынан Бас журналда жүргізіледі. Аналитикалық есеп алғашқы немесе жиынтық құжаттар негізінде жазылатын карточкаларда болады. Ай біткен соң синтетикалық және аналитикалық шоттардың мәліметтері бойынша өзара салыстырылатын айналым ведомостілері жасалады. Бұл формадағы есеп дәйекті ізбен іске асады, алайда бұл көп еңбекті талап етеді, өйткені бір жазба бірнеше рет қайта-қайта (мемориалдық ордерде, тіркеу журналында, синтетикалық және аналитикалық регистрлерде) жазылады. Аналитикалық есеп тым көп, әрі синтетикалық есептен бөлек жүргізіледі, шаруашылық іс-әрекетті бақылау, талдау және есеп беруді жасау үшін қажетті көрсеткіштерді жинау өте қиын.

2. Есептің журнал-ордерлік формасы. Негізгі ерекшеліктері:



  • шаруашылық операцияларын есептеу үшін кредиттік белгісі бойынша сызықтық- позициялау тәсілімен жазба жүргізілетін және жол-жол сызудың шахматтық формасы бар журнал-ордерлер қолданылады;

  • бірқатар журнал-ордерлерде синтетикалық және аналитикалық есеп қатар орындалады;

  • жүйелі және хронологиялық жазбалар біріктіріледі;

  • бақылау мен есепті жүргізу үшін қажетті көрсеткіштер көлеміндегі операциялар бейнеленеді;

  • журнал-ордерлерді және Бас кітапты тиімді құрудың арқасында жазулар саны азаяды.

Журнал-ордерлер дегеніміз едәуір деректемелері бар бос парақтар. Белгілі бір синтетикалық шот пен шоттар тоына ашылады. Ай ішіндегі мәліметтер алғашқы құжаттардың негізінде күн сайын жинақталады. Ай соңында қорытынды есептеліп, Бас кітапқа көшіріледі. Бас кітаптың негізінде баланс пен есеп беру жасалады.

Есеп-қисаптың журнал-ордерлік формасын қолдану есептің көп еңбек сіңіру қажеттілігін едәуір азайтуға мүмкіндік береді, оның бақылаушылық мәнін арттырып, есеп құруды жеңілдетуге жол ашады.

Алайда бұл форманың да кемшіліктері бар, бұлар- мәліметтерді қолмен толтыруға бейімделген және есепті механикаландыруды қиындататын журнал-ордерлерді түзетудің күрделілігі мен қолайсыз толдығы.

Есептің автоматтандырылған формасында жоғарыда айтылған кемшіліктер кездеспейді.

Компьютерді пайдалануды салыстырмалы түрде қарастырсақ, қарапайым, оларды өолдануды механикаландыруды, көбіне есеп-қисап үдерісін автоматтандыруды; мәліметтердің өте дәлдігін; есептің ширақтығын; есеп қызметкерлерінің еңбек өнімділігін арттыруды; оларды қарапайым, жай техникалық іс-қызмет аясын атқарудан босатуды және есептің барлық түрлері мен жоспарлауды үйлестіруді қамтамасыз етеді.

4. Есептің қарапайымдандырылған формасы – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған, әрі небәрі екі регистрді көздейді; шаруашылық операциялары есебі кәтібы (синтетикалық есеп регистрі) және аналитикалық есеп регистрлері болып табылады. Бұл форманы жүргізу «Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің есебі » мен есеп берудің 23 бухгалтерлік есеп стандартымен және оған берілетін әдістемелік ұсыныстармен реттеледі.

Бухгалтерлік есеп формаларын таңдау құқы субъектілердің өздеріне берілген. Ұсынылатын формалар негізінде олар өздерінің формаларын жасайды, есеп регистрін жетілдіреді және апаратты өңдеудің жалпы әдістемелік принциптері мен технологиясын сақтай отырып, мәліметтерді тіркеу мен өңдеу бағдарламаларын жасауға болады.

9. Бухгалтерлік есептегі қателерді анықтау және оларды түзету тәсілдері.

Қате жазуларды түзету тәсілдері:



1. Корректуралық әдіс қате шоттар корреспонденциясына қатысты болмған жағдайда немесе тез жабылса және есеп жазбалары қорытындыларына әсер етпеген жағдайда қолданылады. Қате жазу жазылғаны көріну үшін жіңішке сызықпен сызылады, жанына дұрыс жауабы жазылады. Түзету осы құжатты жасау үшін жауапты адамның қолымен расталады

2. Қызыл сторно түзетпе тәсілі – кері сандар тәсілі. Есеп жазбаларында шот корреспонденциялары қате көрсетілгенде қолданылады. Қате жазулар сол шот корреспонденциясында қайталанады, бірақ қызыл сиямен жазылады. Қорытынды есептегенде, түзетпе жазба есепке алынып, шегеріледі.Осылайша қате жазу жойылады. Содан соң шоттардың дұрыс корреспонденциясымен жаңа проводка жасалады және кәдімгі сиясен жазылады.

3. Қосымша проводка тәсілі есеп регистрлерінде шоттардың дұрыс корреспонденциясы көрсетілсе, бірақ операция сомасы қате жазылып кеткен кезде қолданылады. Бұл жағдайда айырма сомасына сол шоттар корреспонденциясы бойынша қосымша проводка беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет