5 «Г» сынып оқушыларымен 2019-2020 оқу жылының І тоқсан бойынша жүргізілген тәрбие жұмысының сараптамасы



Дата27.11.2019
өлшемі30,5 Kb.
#52448
Байланысты:
І тоқсан тәрбие сараптамасы

5 «Г» сынып оқушыларымен 2019-2020 оқу жылының І тоқсан бойынша жүргізілген тәрбие жұмысының сараптамасы

5 «Г» сыныбында 22 оқушы , 10-ұл бала және 12-қыз бала бар. Сыныпта көп балалы отбасынан 5-бала бар. Толық емес отбасы 2-бала.


Сыныптағы оқушылар үлкенді құрметтейді, бір –бірімен қарым
қатынастары жақсы, әр- түрлі шараларға белсене ат салысып қатысып отырады.
І тоқсан бойынша тәрбие сағаттары жоспар бойынша толық өткізілді. Қыркүйек айында білім күніне орай «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты тәрбие сағаты өткізілді, оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін, елге, жерге деген құрметін арттыру мақсатында өлең жырларын арнады. 5 «ә» сынып оқушыларымен бірлесе отырып «Менің-Ата заңым» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оқушылар «Туғам тілімнің болашағы» атты тіл айлығына қатысты «Тіл рухани-негізіміз» атты сынып сағаты өтті. Сынып оқушыларымен «Қарттарым-қазынам» атты қарттар күнінен орай өткізілген іс шараға қасысып, қарттардың өміріне байланысты сынып сағаты өтілді.
«Отбасы-бақыт мекені» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Оқушылар отбасы жайлы және отбасның мәні туралы ойларымен бөлісіп, өлеңдерін оқыды. «Отбасы –бақыт мекені» апталығында суреттер көрмесіне белсене қатысты. Рухани жаңғыру аясында «Чапай ауылының 90 жылдық» мерекесіне қатысты. «Құқықтық тәрбие» бойынша ұлдар арасында жиналыс болып, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ата-аналардан анкеталық сұрақтар алынып, мекеп әкмшілігімен бірлесе отырып жиын өткізілді, сауалнамалар алынып, саратаптамалар жүргізілді. Сынып оқушылары «Алтын күз» мерекесіне қатысты, сынып оқушылары бас жүлдені емденді. 5-сыныптар арасында «Алтын күз» сайысына қатысып жүлделі екінші орынды иеленді. «Потриоттық әндер» байқауына қатысып біздің сынып 3-орынға ие болды. «Білім көзі-кітап», «Ұстазым менің,ұстазым», «Өз құқыңды білесің бе?», Жол жүру ережесі атты сынып сағаттары өтілді. Республикалық экосағат өкізілді. Тақырыбы: «Жердің температурасы бар» І тоқсанда 3 оқу озаты, 13 екпінді болып білім сапамыз 73 пайызды құраған. Ата-аналар жиналыстары да жоспарлы түрде өткізілді. Ата-аналарға балалардың сабақ үлгерімін уақытында күнделік КЗ жүйесі арқылы қадағалау тапсырылды. Ата-аналармен оқушыларға мектеп ережелері және қауіпсіздік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп қол қойғызылды.


Сынып жетекшісі: Дауренбекова Р.Т.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет