ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
|
Жаратылыстану және география
институты кеңесінде бекітілді
№ 5 хаттама 23 қаңтар 2015 ж. профессор____________Жанбеков Х.Н.
|
«6D011300 – БИОЛОГИЯ» мамандығы бойынша
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Алматы, 2015
Қабылдау емтиханының бағдарламасы:
Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы № 261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға қатысты «Қазақстан Республикасындағы жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 109 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі;
ҚР БжҒМ 2013 ж. 10 сәуіріндегі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 158 бұйрығымен бекітілген «6D011300 – БИОЛОГИЯ» мамандығының үлгілік оқу жоспары негізінде даярланды.
Құрастырушылар: п.ғ.д.,проф. Шілдебаев Ж.Б., б.ғ.д, п.ғ.д, проф, Бакирова К.Ш.
Жаратылыстану мамандықтары кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қабылданды:№ __5 хаттама, «_23__» __01___ 2015 ж.
Кафедра меңгерушісі:
|
___________
|
Сабденалиева Г.М.
|
ЖГИ директорының ЖОО кейінгі білім беру ісі жөніндегі орынбасары
|
___________
|
З.Д.Абдықадырова
|
Қабылдау емтиханының бағдарламасы институтының Ғылыми кеңесінде бекітілді: № 5_ хаттама, «__23_» _01____2015ж.
6Д011300 – Биология мамандығына докторантураға қабылдау емтиханының бағдарламасы.
Түсінік хаты
6Д011300 – Биология мамандығына докторантураға қабылдау емтиханының міндеті:
жоғары кәсіби білім берудің 6Д011300 – биология бакалаврын дайындау мемлекеттік стандартына емтихан тапсырушының дайындық деңгейі мен сапасының сәйкестігін анықтау;
әрі оның 6Д011300 – биология бағытындағы негізгі бағдарлама бойынша арнайы магистрлық білім алуды жалғастыруға дайындығын бағалау.
Қабылдау емтиханының мақсаттары:
тірі жүйелердің дамуы мен функциясының негізгі заңдары мен заңдылықтары туралы кешенді жүйелі білімінің қалыптасу дәрежесін, түсініктер және категориялар аппаратын биологиялық білімді өз бетінше қабылдау, ойлау және қорыту үшін еркін пайдалану дәрежесін анықтау;
биологияның жалпы және жеке мәселелерін байланыстыру мүмкіндігін дамыту, биологияның барлық салаларынан қажетті мысалдарды еркін қолдануды үйрету;
биологиялық білімін өндірістің қазіргі жеке салаларында, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануда және экология негізіне ғылыми негіз ретінде практикада қолдануды терең түсінуін анықтау.
Бағдарлама 2010 жылғы 6Д011300 – биология мамандығын дайындау бағытындағы МЖМБС сәйкес құрастырылған
Қабылдау емтиханы бағдарламасының мазмұнының бірінші тарауында – «Биология» - тірі табиғат туралы жеке арнайы кешенді ғылым ретінде ерекшеленеді. Биологияның басты қарайтын мәселелері – Жер бетіндегі тіршіліктің ерекше көріністерін, оның әртүрлілігін зерттеу, организмдердің құрылысының және функциясының арнайы жақтарын, олардың таралуын, шығуы мен дамуын, өз ара және қоршаған жансыз табиғатпен арақатынасын тексеру.
«Биологиядан» қабылдау емтиханы тапсырушының биологиялық мынадай пәндерден: цитология, генетика, эмбриология, адам анатомиясы мен физиологиясы; экология мен эволюциялық теориядан, сол сияқты арнайы биологиялық пәндерден де: микробиология және вирусология негіздері, зоология, ботаника, өсімдіктер физиологиясы мен биохимиясы, және т.б. сияқты, биологиялық білімнің негізін құрайтындардан, білімінің деңгейі мен оны қорыту дәрежесін тексереді.
Қабылдау емтиханының мазмұнындағы маңызды бөлім «Биологияны оқыту мен технологиясы» тарауы емтихан тапсырушы білімінің, қолынан келетінінің және биологияны орта мектепте оқыту негіздерінің педагогикалық, әдістемелік және технологиялық жақтарынан дағдысының қалыптасу дәрежесін анықтауға бағытталған.
Биологиядан қабылдау емтиханы бағдарламасының мазмұны
Кіріспе.
Қазіргі биологияның негізгі даму бағыттары. Биологиялы ғылымдар жүйесі және жіктелуі. Тіршіліктің негізі туралы қазіргі түсініктер.Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы мәселелердің бүгінгі жағдайы. Химиялық эволюцияның негізгі этаптары. Клетканың қалыптасуы - биологиялық эволюцияның басы.
Эволюциялық биология
1 – тақырып:Макроэволюциялық негізгі заңдылықтар
Органикалық дүниенің эволюциялық дәлелдемелері. Макроэволюция. Макроэволюция мен микроэволюция байланысы.
2 – тақырып:Табиғи ғылыми негіздегі Дарвинизмнің пайда болуының алғышарттары
Ж.Б.Ламарктың эволюциялық теориясы. Негізгі эволюциялық түсініктердің қалыптасуы
3 – тақырып:Ч.Дарвиннің эволюциялық теориялық негізгі жағдайлары
Дарвинизмнің логикалық құрылымы. Ч.Дарвин теориясының жалпы биологиядағы маңызы. Тіршілік үшін күрес формалары. Дарвинше өзгергіштік формалары. Адаптация және олардың классификациясы
4 – тақырып:Табиғи сұрыптау
Табиғи сұрыптау концепциялары. Табиғи сұрыптаудың негізгі формалары. Табиғи сұрыптаудың жоғары формалары. Қазіргі кездегі сұрыптаудың проблемалары
Клетканың биологиясы.
Клетка - тіршіліктің структуралық және функциялық бірлігі.Клетканы зерттеу тарихы және әдістері. Клетка теориясы және оның маңызы. Прокариот және эукариот клеткалары, олардың ерекшеліктері мен бір-бірінен айырмашылықтары. Клетканың химиялық құрамы. Су және басқа неорганикалық заттар, олардың клетка құрылысы мен тіршілігіндегі рөлі.Органикалық заттар: көмірсутектер, майлар, белоктар, нуклеин қышқылдары, АҮФ,олардың клеткадағы рөлі. Клетка құрылысы мен функциясы. Клетканың структуралық компоненттері. Цитоплазма және оның органеллалары. Клетка ядросы – белок синтезінің генетикалық анықтаушылары және реттеушілері. Клетка ядросының құрылысы мен химиялық құрамы. Өсімдік және жануар клеткалары құрылысының салыстырмалы морфофункциялық сипаты. Клетка мембранасының құрылыс туралы қазіргі түсініктер. Гликокаликстің құрылысы мен функциясы. Плазмалық мембрананың молекулалық құрылымы мен функциялары, оның маңызы. Заттардың клеткаға кіру және шығу жолдары: сыртқы мембрананың таңдамалы өткізгіштігі, экзоцитоз бен эндоцитоз (пиноцитоз және фагоцитоз), белсенді тасымалдау және олардың биологиялық рөлі. Клетка органеллаларының ультраструктуралық құрылымы.Аэробты және анаэробты тыныс кезіндегі энергия айналуының тиімділігі. Хлоропластар мен митохондриялардың құрылысы мен функциялары. Өсімдік клеткаларындағы фотосинтез, оның негізгі сатыларының сипаттамасы. Фотосинтездің жарық және жарықсыз сатылары. Фотосинтезге әсер етуші факторлар. Жер бетіндегі фотосинтез үрдісінің ғарыштық маңызы. Клетка қозғалысы. Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың қозғалу белсенділігінің структуралық – функциялық құрылымы мен механизмдері. Белоктардың клетка тіршілігіндегі рөлі және олардың химиялық құрылымы. Белок молекулаларының структурасы. Белоктардың түрлері мен арнайылылығы. Ферменттер, коферменттер, структурасы, қасиеттері, жіктелуі. Ферменттер әсерлерінің механизмдері, олардың белсенділіктерін реттеу, қолданылатын жерлері.Клеткалардағы лизосомалардың пайда болуы мен биологиялық рөлі. Эндоплазмалық ретикулум, Гольджи аппараты және лизосомалардың өз ара байланысы. Секреторлық үрдістердің структуралық құрылымы, биологиялық рөлі және реттелуі. Нуклеин қышқылдары, клеткадағы олардың функциясы. ДНҚ мен РНҚ молекулаларының құрылысы, нуклеотидтердің типтері, олардың клеткадағы реті. РНҚ типтері және олардың биологиялық рөлі. Матрицалық үрдістер, олардың клетка тіршілігіндегі рөлі мен маңызы. Репликация, оның түрлері.Транскрипция және трансляция - белок биосинтезінің этаптары. ДНҚ биосинтезінің (репликациясының) механизмі. РНҚ биосинтезі (транскрипциясы). Генетикалық кодтың негізгі қасиеттері, оның әмбебаптығы. Тіршіліктің үзіліссіздігінің негізі – клетка циклі. Оның фазаларының сипаты. Клетка ядроларының бөліну типтері. Митоз – соматикалық клеткалардың бөлінуі. Мейоз эукариоттардың жыныстық клеткаларының пайда болу жолы.Клеткалардың дифференцировкасы.Ткандерді анықтау. Ткань туралы ілім. Ткань құрылымдары және олардыңкомпоненттері.Ткандердің филогенез бен онтогенездегі дамуы. Көпклеткалы жануарлар эволюциясындағы құрылымдардың ткандық деңгейінің маңызы. Ткандердің жіктелуі және олардың қалыптасуының жалпы заңдылықтары.
Биологиялық көптүрлілік туралы ғылым.
Прокариоттар.Бактерия клеткасының құрылысы, өсуі және көбеюі. Бактериялардың табиғатта таралуы және көп түрлілігі. Метаболизм. Цианейлер: морфологиясы, құрылысы, пигменттері және азық қоры, көбеюі. Прокариоттар және қоршаған орта. Заттың айналымына қатысы. Клеткаға тән емес тіршілік формалары. Вирустар, жалпы сипаттама. Вирустардың структуралық құрылымы, химиялық құрамы және көбеюі. Клетканың инфекциялану этаптары. Клетканың қартаюы және өлімі. Микроорганизмдер және эволюция үрдісі. Эукариоттар, құрылысы және негізгі өкілдері. Өсімдіктердің жалпы сипаты. Анатомиялық – морфологиялық ерекшеліктері, әртүрлілігі, экологиясы және табиғаттағы мен адам өміріндегі маңызы. Структуралық құрылымының негізгі компоненттері:клеткалар, ткандер, органдар, организмдер. Өсімдік клеткаларының жалпы құрылымы: қабығы, протопласты, органеллалары, кірінділері. Өсімдік ткандерін жіктеу принциптері. Олардың өмір сүру ортасы мен эволюциясына байланысты құрылымдарының түрлері. Фототрофты өсімдіктердің морфологиялық эволюциясының ерекшеліктері. Көпклеткалықтың пайда болуы және денесінің дифференциациясы. Қозғалыстың жоғалуы. Мерисистемалардың ұзақ өсуі мен пайда болуы. Остер жүйесінің пайда болуы мен тармақталуы - дене массасының өсу әдісі.Құрылыққа шығуына байланысты жоғары сатыдағы өсімдіктердегі органдары мен ткандерінің пайда болуы. Өсімдік органдарының жүйесі және олардың өз ара байланысы (тамыр мен тамырлар жүйесі; сабаы мен сабақтар жүйесі; гүл шоғыры сабақтар жүйесінің арнайы бөлігі). Өсімдіктің өсуі, дамуы және көбеюі. Вегетативтік табиғи мен қолдан көбеютудің әдістері. Тұқым арқылы көбею және оның биологиялық маңызы. Споралық және гүлді өсімдіктердің өзінен ұрық қалдыру циклдері. Өсімдіктердің жіктелуі. Өсімдіктердің тіршілік формалары: ксерофиттер, мезофиттер, гигрофиттер, гидрофиттер, галофиттер. Раункиер боынша тіршілік формаларының жүйесі. Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер, қабықты және сабақты өсімдіктер, құрылыстарының ерекшеліктері. Өсімдіктер систематикасы туралы түсінік. Негізгі бөлімдері. Эволюцияның шығу тегі мен басты бағыттары. Фитоценология. Түр тіршілігінің формасы - популяция. Фитоценоз – биоценоздың элемені, оның структурасы мен құрылысы. Биогеоценоз және биосфера. Өсімдіктер әлемінің қазіргі қалі. Адам өмірі мен табиғаттағы өсімдіктердің рөлі. Жасыл өсімдіктердің планеталық рөлі.Өсімдік әлемін тиімді пайдалану мен қорғау. Сирек және қорғаудағы өсімдік түрлері. Ботаника - өсімдіктер туралы ғылым. Жануарлар патшалығының ерекше қасиеттері. Жануарлар биосфераның қажетті компоненті және олардың табиғаттаы маңызы. Жануарлардың табиғат экосистемасындағы орны (консументтер, редуценттер). Жануарлардың адам өміріндегі рөлі: өндірістік, үйге үйрету, зақымдаушылар, ауру жұқтырушылар мен тасымалдаушылар. Жануарлар санына және түрлілігіне адамның әсері. Жануарлар әлемін қорғау. Қызыл кітаптар.Жануарлардың суға, жер бетіне және ұшуға бейімделуі. Жануарлар әртүрлілігі – эволюция жемісі. Табиғаттағы жануарлардың өз ара байланысы: симбиоз, комменсализм, паразитизм, жыртқыштық. Жануарлар систематикасының негіздері, бір- және көпклеткалыларға, омыртқалы және омыртқасыздарға, негізгі типтер мен класстарға бөлу. Омыртқасыздардың негізгі типтерінің биологиясы мен экологиясының ерекшеліктері: саркомастигофорлар, инфузориялар, ішекқуыстылар, жалпақ, домалақ және тік құрттар, аяқмүшелілер, моллюскалар. Хордалылар типі морфологиясының, биологиясының және экологиясының жалпы сипаттамасы. Алғашқы су омыртқалылары – балықтардың құрылымдық ерекшеліктері. Жер беті омыртқалыларының биологиясы мен экологиясының ерекшеліктері: қосмекенділердің, рептилийлердің, құстар мен сүтқоректілердің. Жануарлардың ірі таксономиялық топтарының шығу және филогенездік байланыстары. Көпклеткалы жануарлардың пайда болуы туралы гипотезалар. Көпклеткалы омыртқасыз жануарлардың филогенездік дамуының негізгі сатылары: қосқабаттылар, үшқабаттылар, алғашқы ауызқуыстылар, екінші ауызқуыстылар, ассиметриялылар, радиалдылар, симметриялылар. Омыртқалы жануарлардың негізгі класстарының филогенездік байланыстары: сүйекті балықтар, қосмекенділер, рептилий, құстар, сүтқоректілер. Зоология жануарлар туралы ғылымдар жүйесі және оның тарихи дамуының басты кезеңдері. Адам денесінің құрылысы. Органдар мен органдар жүйелері, олардың функциялары. Адам организмі – біртұтас.Оның структуралары, функциялары және субклеткалық үрдістерінің өз ара байланысы. Адам мен жануарлар организмдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Адамның биологиялық және әлеуметтік мәні. Адам және оның биосферадағы орны. Адам табиғаттың бөлігі. Қоршаған ортаның адам саулығына әсері.
Теориялық биология.
Генетиканың негізгі ұғымдары. Ген. Ген туралы қазіргі ойлар. Хромосома, хроматин, ДНҚ. Гендік инженерия. Генотип – гендердің жиынтығы, фенотип – белгілердің жиынтығы. Генотип пен қоршаған ортаның фенотипке әсері. Тұқым қуалау заңдары. Г.Мендель тәжірибелері.Тұқым қуалау заңдарының ашылуы. Популяциядағы генетикалық үрдістер. Адам генетикасы. Адам хромосомасының қалпы және патологиясы. Тұқым қуалайтын аурулар жәнепайда болу себептері. Радиация мен химиялық мутагендердің адам тұқым қуалау қасиеттеріне қауіпі. Жаратылыстану дамуындағы эволюциялық идеялар тарихының рөлі. Ч.Дарвин эволюциялық теориясының негізгі қағидалары. Эволюцияның қозғаушы күштері: тұқым қуалау, өзгергіштік, тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыптау. Табиғи сұрыптау эволюцияның басты факторы.Табиғи сұрыптаудың формалары туралы қазіргі пікірлер. Қолдан сұрыптау. Оның үй жануарлары мен мәдени өсімдіктер сорттарын алудағы рөлі. Инбридинг және аутбридинг. «Микроэволяция» анықтамасы.Түр. Түр туралы түсінік, оның критерийлері. Түрдің пайда болуы. Макроэволюция, оның микроэволюциямен байланысы. Эволюциядағы прогресс пен регресс. Эволюциялық үрдістің бағытты түрде болуы. Антропогенез. Адамның қалыптасу сатылары. Биологиялық пен әлеуметтік факторлардың адам эволюциясындағы рөлі. Эволюциялық үрдіс жүрісіне антропогендік әсер. Орта және экологиялық факторлар. Популяцияның экологиясы. Популяцияның саны, оның өзгеруі. Популяцияның санының өзгеру себептері, оны реттеу. Биогеоценоздар, биоценоздар, экосистемалар туралы түсініктер. Тамақтанудың тізбектері. Трофтық деңгейлері. Экологиялық пирамидалар. Экосистемалардағы энергия ағымы. Тамақтану тізбектеріндегі энергия тасымалдаудың ерекшеліктері. Экосистеманың абиотикалық компоненті.Биосфера, оның структурасы, қасиеттері және заңдылықтары. В.И. Вернадскийдің биосфера ілімі. Биосферадағы тірі заттың функциялары. Зат пен энергия айналымы биосфераның тұрақтылық шарты.Адамның биосфераға әсері күшеюінің қауіпі және қоршаған ортаны сауықтырудың перспективасы.
Әдебиеттер:
1.Афанасьев В.Г.Мир живого:системность,эволюция и управление.-М.,1986г
2.Георгиевский А.Б.Дарвинизм.-М.,1985 г
3.Гронт Т.Эволюционный процесс:критический обзор эволюционной теории.-М.,1991г
4.Заводский К.М. Развитие эволюционной теория после Дарвина.-Л.,1973г
5.Иорданский Н.Н.Эволюция жизни.-М.,1972г
6.Меттлер Л,Грег Т.Генетика популяций и эволюций.-М.,1986г
7.Опарин А.Н.Возникновение и начальное развитие жизни.-М.,1966г
8.Популяционная биология.-М.,1987г
9.Северцов А.Н.Главное направление эволюционного процесса.-М.,1967г
10.Шварц С.С.Экологические закономерности эволюции.-М.,1980г
11.Яблоков А.В,Юсупов А.Г.Эволюционное учение.-М.,1989г
6Д060700 –Биология бағытына қабылдау емтиханына дайындалу сұрақтары.
Хромосомалар, олардың морфологиясы, структурасы, химиялық құрамы
Көпклеткалылардың пайда болуы эволюцияның сатысы. Көпклеткалылардың шығу тегі туралы колониялық теориясы
Жыныстық көбеюі. Мейоз және генетикалық маңызы.
Хромосомалар, олардың морфологиясы, структурасы, химиялық құрамы.
Көпклеткалылардың пайда болуы эволюцияның сатысы. Көпклеткалылардың шығу тегі туралы колониялық теориясы.
Жыныстық көбеюі. Мейоз және генетикалық маңызы.
Жануарлар әлемінің бейімделу эволюциясындағы шартты байланыстың маңызы.
Экосистеманың негізгі компоненттері. Тамақтану тізбегі. Экологиялық пирамидалар.
Эволюциядағы прогресс пен регресс.Биологиялық прогрестің критерийлері.
Иммунитет туралы түсінік. Организмнің иммунологиялық реактивтілігі және оның физиологиялық механизмдері.
Эволюцияның элементарлық факторлары (мутациялық үрдіс, популяциялық толқындар, миграция және т.б.)
Автотрофты және гетеротрофты организмдер. Тамақтанудың негізгі типтері мен оларға сәйкес бейімделулер.
Моногибридті шағылысу кезіндегі тұқым қуалау. Мендельдің I және II заңдары.
Түр. Түр критерийлері (морфологиялық, генетикалық , экологиялық).
Модификациялыө өзгергіштік, оның адаптациялық және эволюциялық маңызы.
Аналогиялық және гомологиялық органдар.Органдардың филогенездік өзгеру принциптері ( жануарлар мен өсімдіктер органдарының мысалдарынан).
Функциялардың нервтік реттелуі, оның маңызы (оның механизмдерін нақтылы мысалдармен түсіндіру).
Гоминидтердің филогенетикалық байланыстары. Адамның шығу тегінің негізгі этаптары (іскер адам, ертедегі адамдар, қазіргі адамның пайда болуы).
Органикалық әлемнің қазіргі системасы. Бірклеткалылар филогенезінің этаптары прокариоттар мен эукариоттар. Клеткалар құрылымының негізгі ерекшеліктері.
Клеткалар тіршілігіндегі белоктрадың рөлі. Белоктың химиялық құрылымы, белок молекуласының структурасы.
Эволюциялық түр өзгерістерінің көбеюі. Адаптациялық радиация (плаценталы сүтқоректілер мысалында).
Н.Н.Северцов пен И.И.шмальгаузен бойынша биологиялық прогрестің негізгі жолдары.
Функциялардың гуморалдық реттелуі, оның маңызы (нақтылы иысалдар келтіру).
Витаминдер, олардың биологиялық маңызы.
Цитоплазмалық тұқым қуалау. Пластидтер мен митохондриялар арқылы тұқым қуалау.
Химиялық және биологиялық эволюцияның негізгі этаптары.
Жыныс анықтаудың хромосомдық теориясы. Жыныс хромосомаларының генетикалық және цитологиялық ерекшеліктері.
Клетканың басты структуралық компоненттері, олардың құрылысы мен функциясы.
Қанның формалы элементтері.
Эволюциядағы дараланудың маңызы. Даралану түрлері (кеңістіктегі, экологиялық, уақыт бойыеша және т.б.).
Екінші сигналды жүйенің пайда болуы және оның маңызы. И.П.Павловтың екі сигналды жүйелер туралы ілімі.
Биосфераның эволюциясы.
Нервтік пен гуморалдық реттеулердің өзара байланысы (жеке органдар немесе жүйелер реттелулері бойынша нақтылы мысалдармен түсіндіру).
Папортниктәрізділердің жалпы морфо-анатомиялық сипаты, олардың пайда болуы, табиғат пен адам шаруашылық әрекетіндегі маңызы.
Филогенездің негізгі жолдары. Конвергенция, дивергенция, паралелизм (жануарлар мысалдарымен).
Клетка ішіне заттың ену жолдары: сыртқы мембрананың өткізгіштігі, фаго- мен пиноцитоздар және олардың биологиялық рөлі.
Молекулалық генетика жетістіктерінің практикалық қолданылуы. Гендік инженерия.
Қолдан сұрыптау. Оның үй жануарлары мен мәдени өсімдіктердің шығу тегіндегі рөлі.
Прокариоттар мен эукариоттар – бірклеткалылардың филогенезінің этапы.
Гомеостаз, оның маңызы мен механизмдері.
Селекцияның генетикалық негіздері. Жеке генетиканың өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясындағы маңызы.
Тыныстың негізгі типтері. Тыныс аэробты үрдістерінің механизмдері.Клеткадағы АҮФ синтезі.
Омыртқасыз жануарлар құрылымының ерекшеліктері.
Омыртқалы жануарлар құрылымының ерекшеліктері.
Гендердің өзара әрекеттесуі кезіндегі тұқым қуалау ерекшеліктері (комплементарлық, эпистаз, полимерия).
Табиғи сұрыптау – эволюцияның басты факторы. Табиғм сұрыптаудың формалары туралы қазіргі пікірлер.
Адамның тұқым қуалайтын аурулары және олардың пайда болу себептері. Радиация мен химиялық мутагендердің адам тұқым қуалауындағы кауіптіліктері.
Жануарлар мен өсімдіктер популяцияларының жасқа сай структурасы, оның жануарлар мен өсімдіктер санын болжаудағы маңызы.
Анализаторлар адаптациясы, манызы мен механизмдері.
Әртүрлі омыртқасыздар типтерінің эволюциялық байланыстары. Хордалылардың эволюциялық тармағы.
Өзгергіштік, оның себептері мен жіктелуі.
Клеткалар қозғалысы. Қозғалыс органеллалары, олардың морфо-функциялық құрылымы.
Ферменттер туралы түсінік. Ферменттердің қасиеттері және әсер ету механизмдері. Ферменттер активтілігіне әсер ететін факторлар.
Өсімдіктер эволюциясындағы құрылымдық деңгейлер. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі топтарының филогенездік байланыстары.
Митоз, оның генетикалық маңызы. Жыныссыз көбею барысындағы тұқым қуалау.
Макроэволюция және оның заңдылықтары. Макро- және микроэволюция үрдістерінің үлестік қатынасы.
Омыртқасыз жануарлардың дене қуысының эволюциясы.
Белок биосинтезі және оның биологиялық маңызы.
Қан топтары. Резус – фактор. Олардың практикалық маңызы.
Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі болжамдар.
Екіншіауызды жануарлар.
Жабықтұқымдылардың жалпы морфо-анатомиялық сипаты. Пайда болуы. Олардың морфологиялық эволюциясының негізгі бағыттары. Кластарғы бөлінуі.
В.И.Вернадскийдің биосфера ілімі. Биосферадағы тірі заттың функциялары.
Мутациялық өзгергіштік және оның жіктелуі.
Рефлекс және оның адам мен жануарлар мінез-қылықтарының тұтастығын
қалыптастырудағы рөлі.
63.Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының пайда болуына себепші шарттар, XIX ғасырдың бірінші жартысындағы жаратылыстану ғылымдарының даму деңгейі.
64.Рефлекторлық теорияның пайда болуындағы И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың енгізген үлестері.
65.Жеке жұп белгілердің тәуелсіз тұқым қуалауы, Мендельдің III заңы.
66.Популяция, оның генетикалық структурасы. Хард – Вайнберг заңы.
67.Онтогенез эволюциясының жолдары. Онтогенездің сыртқы ортаға тәуелсіздігінің өсуі ( мысалы, гаметофиттер, папотниктер, тұқымды өсімдіктер).
68.Антропогенездегі биологиялық және әлеуметтік факторлардың рөлі.
69.Бүйрек үсті және қарын асты бездері гормондары және олардың функциялар реттеудегі рөлі.
70.Фотосинтез. Оның негізгі этаптарына сипаттама.
71.Топтық ұйымдар формалары және жануарлар топтарындағы доминанттық жүйелер.
72.Алғашқыауызды жануарлар.
Достарыңызбен бөлісу: |