5 І – бөлім. Физикалық география


§ 4 АТМОСФЕРА - АУА ҚАБЫҒЫ



бет2/8
Дата28.01.2018
өлшемі1,25 Mb.
#34981
1   2   3   4   5   6   7   8
§ 4 АТМОСФЕРА - АУА ҚАБЫҒЫ

  • Атмосфераның құрамы: азот – 78%, оттегі – 21%, көмір қышқыл газы – 0, 03% , инертті газдар, су булары, шаңдар, микроорганизмдерден тұрады.

  • Атмосфера төмендегідей қабаттардан тұрады;

  • 7- 18 км – тропосфера . Ол - атмосфераның ең төменгі ең тығыз қабаты. Торопосфера қалыңдығы полюстерде 9 км, қоңыржайда 10 – 12 км, экваторда 15 – 17 км- ге тең;

  • 50 км – стротосфера; 85 км - мезосфера, 300 км - термосфера; 600 – 1000 км - энзосфера, 50 км - озоносфера қабаты.


Ауадағы су буы : Булану кезінде ауа су буын шексіз сақтай

алмайды. Оның шегі температураға байланысты. Мысалы, 200С

температурада 1 м 3 ауа 17 г суды ғана сақтай алады .


  • Одан әрі су буын сақтай алмайтын ауаны сондықтан қаныққан ауа д.а.

  • Ауадағы су буының мөлшеріне қарай ылғалдылық -салыстырмалы ылғалдылық, абсолют ылғалдылықпен анықталады.

  • Абсолют ылғалдылық дегеніміз - 1м3 – ауадағы су буының мөлшері ,

  • Салыстырмалы ылғалдылық - 1м3 ауадағы ылғал мөлшерінің оның осы температурада сақтай алатын ылғалының мөлшеріне қатынасы; ол % - бен өлшенді. Ауадағы су буын - шаш гигрометрімен өлшейді. Ауаның жер бетіне жақын қабатындағы су булары су тамшыларына айналғанда - тұман түседі

  • Бұлттар түрі: Егер бұлт – үйіліп жатқан мақта сияқты түйдектеліп жатса – будақ бұлт д.а

  • 2 км биіктікке дейін қалыптасып, тұманға ұқсасбірсыдырғы сұрғылт қабат құрайтын бұлт – Қабат бұлт – д.а

6 км биіктікте майда мұз кристалдардан түзілетін бұлтты

«Шарбы бұлт» д.а

- Аспандағы бұлттылық дәрежесін 0 – 10 ға дейінгі балмен өлшейді



  • Күн радиациясының жиынтық, шашыранды, тура, жұтылған, шағылысқан деген түрлері болады

  • Жер бетінің күнді кері шағылыстыруын альбедо д.а

Изотерма сызықтары – картадағы бірдей ауа температурасын қосатын сызықтар

Изобара – атмосфералық қысымды көрсететін шама



  • Қалыпты атмосфералық қысым – 760 мм ге тең. Атмосфералық қысымды Барометр – Анероидпен өлшейді

- Ауа қысымын мбар бойынша есептейді.

  • Атмосфералық қысым мөлшеріне қарай төменгі қысым, жоғарғы қысым деп екіге бөлінеді.

  • Қысым ошақтары :

Циклон – төменгі қысымнан яғни жел шетінен орталыққа қарай бағытталады.

Антициклон – Жоғарғы қысымнан пайда болады да ол керісінше орталықтан шетке қарай ұйытқиды.

- Циклонның жергілікті атауы – ураган д.а Сары теңіз бен Филиппин аралығындағы циклондарды – тайфун д.а Аустралияның солт. батыс жағалауы мен Какос аралдарында пайда болатын циклондарды Вили – вили д.а

  • Әртүрлі физикалық қасиеттері бар ауа массаларының жіңішке өтпелі зонасы - Атмосфералық фронт д. а

  • Ауа массаларының қозғалуынан жел пайда болады .

  • Жел жылдамдығы мен бағытын анықтайтын құрал – Флюгер

  • Тәулік ішіндегі ең жоғарғы , ең төменгі температура айырмасын тәуліктік амплетуда дейді.

  • Ауа ағындарының маусым бойынша бағытын өзгертіп отыруын муссондар деп атайды.

  • Экваторлық және тропиктік ендіктердегі тұрақты желдер немесе 30 0 ендіктерден экваторға қарай үнемі соғып тұратын желдер - пассаттар д. а

  • Бір тәулікте бағытын екі рет өзгертетін желдерді бриздер д.а Бриз 2 ге бөлінеді күндізгі бриз – теңізден құрлыққа, түнгі бриз – құрлықтан теңізге қарай соғады.

  • Атмосфераның төменгі қабатының белгілі бір уақыттағы , белгілі бір жердегі , белгілі бір мерзімдегі жай – күйін немесе тәулік ішіндегі ауа құбылысын – ауа райы деп атайды

  • Ауа райының міне осындай белгілі бір жерге тән көп жылдық орташа жай – күйін климат деп атайды.

  • Ең ірі , ең суық ағыс – Батыс желдері ағысы

  • Тропосфераның қасиеті жөнінен ерекшелік жасайтын үлкен бөліктерін – Ауа массалары д.а




  • Ауа массалары ендіктерге қарай 4 ке бөлінеді:




Жер шарында 5 жылу



белдеуі бар

2 қоңыржай белдеу



1 ыстық белдеу

2 суық белдеу


Солтүстік тропиктен солт. Поляр шеңберіне дейін солт. Қоңыржай Оңт . тропиктен оңт. Поляр шеңберіне дейін оңт. қоңырж. белдеулері жатады





Поляр шеңберінен полюстерге дейін солт және оңт. Суық белдеулер жатады

Оңтүстік, солтүстік,

Тропиктер аралығы жатады


Жер шарындағы климаттық белдеулерді

Алисов 7 негізгі, 6 қосымша белдеуге топтастырған







Климаттық белдеулер

Ерекшеліктері

Негізгі

Экваторлық белдеу

Төменгі қысым, экваторлық ауа массалары, жыл бойы ауа температурасы жоғары болады. Жауын – шашынның мол түсуі, ауа райы ыстық, ылғалды, қапырық

Тропиктік белдеу

Троп.құрғақ Ауа массаларының ықпалынан температура өте жоғары (ыстық), жыл бойы ыстық, жоғарғы қысым , ауа массалары өте құрғақ, жауын – шашын аз түседі, үнемі ыстық, бұл бөлікте жаңбыр тек құрлықта ғана емес мұхит үстінде де аз түседі.

Қоңыржай белдеу

Қоңыржай ауа массалары мен батыс желдері басым, төрт жыл мезгілі айқын байқалады. Жауын шашын біршама мол бірақ материкте әркелкі таралған

Арктикалық белдеу

Жыл бойы суық, тұрақты солт. Шығыс желдерінң ықпалында болады. Мардымсыз жауын – шашын қар күйінде түседі.

Өтпелі

Субэкваторлық

Жазы экваторлық белдеуге, қысы тропиктік белдеуге ұқсас

Субтропиктік

Жазы тропиктік белдеуге, қысы қоңыржай белдеуге ұқсас

Субарктикалық

Қыста арктикалық , жазда қоңыржай белдеуге ұқсас.



Климат қалыптастырушы факторлар


Геогра -

фиялық ендік

Ауа массалары-ның қозғалысы

Жер бедерінің сипаты

Мұхиттардың ықпалы

§ 5 ГИДРОСФЕРА – СУ ҚАБЫҒЫ

Гидросфераның жалпы көлемі шамамен 1,4 млрд км3 . Осының тұщы су қоры – 2,5 % .

Дүние жүзілік мұхит суының айдыны 70,8 % құрайды. Теңіз суының 1л – де грамм мөлшерінде болатын тұз ерітіндісінің мөлшері су промиллемен ( ) өлшенеді. Мұхит суының орташа

тұздылығы- 35 .

Әлемде ең тұзды су – Қызыл теңіз. Оның тұздылығы – 42 тең .

Мұхит суы 20С қатады, Жәй су 00С қатады.



  • Материк – барлық жағынан мұхиттар мен теңіздер қоршаған құрлықтың аса ірі аймағы.

  • Арал – құрлықтың барлық жағынан су қоршаған шағын бөлігі. Аралдар пайда болуына қарай; Материктік, тектоникалық,вулкандық, маржандық

  • Түбек - құрлықтың су кеңістігіне терең сұғынып тұрған бөлігі

  • Шығанақ - мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан шағын бөлігі

  • Бұғаз – екі жағынан материктердің немесе аралдардың жағалары шектеп тұрған су айдыны.

  • Цунами – жер қойнауының ішкі процестер әсерінен туатын алып толқындар

  • Тайфун – сұрапыл дауыл түрінде соғатын жел

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ

  • Жалпы жер шарының ауданы – 510,2 мм км 2

- Осындағы мұхит ауданы - 361,1 млн км 2

Мұхит суының басты қасиеті – температурасы мен тұздылығы

Мұхит суының орташа тұздылығы - 35 промилле ( %0)

- Материктің мұхитқа өтпелі бөлігі – қайраң деп аталады.

Д.ж.ең үлкен қайраң – Солт. Мұзды мұхитында

- Материктік қайраңнан мұхит түбіне ауысатын бөлігін материктік беткей дейді

Мұхиттың белгілі бір бөліктерін алып жатқан зор көлемді су – Су массасы деп атайды

Су массалары: экваторлық, тропиктік, қоңыржай, полярлық болып бөлінеді.

Мұхиттық ірі ағыстар:

Жылы ағыстар

Суық ағыстар

Оңтүстік пассат ағысы, Гольфстрим , Солт. Атлант ағысы, Бразилия ағысы, Курасио



Солт. Пассат ағысы, Канар, Батыс желдері ағысы, Бенгел ағысы, Калифорния

Мұхиттағы тіршілік:

Ағыстар әсерінен еркін қозғалатындар – Планктондар

Мұхит суының беткі бөлігінде еркін қозғалатын – Нектондар

Мұхит түбіне бекініп өмір сүретін – Бентостар деп аталады.



Тынық мұхиты

Бұл мұхитта 13 теңіз бар. Ең терең мұхит. Ең терең жері Мариана шұңғымасы (11 022 м). Мұнда 10 мыңнан аса арал бар. Орташа тереңдігі 4000 м. Бұл мұхитты Магеллан мен С.Элькано ашты. Су бетінің жылдық орташа температурасы -10 С, +290 С.

Орташа ж – ш 2000 мм. Көлемі жөнініен 1- орында.

Атлант мұхиты

Бұл мұхитта 9 теңіз бар. Көлемінен 2 орында, Орташа тереңдігі – 3600м . Максимальды тереңдігі – 9207м (Пуэрто – Рико шұңғымасы), Жылдық орташа температура 16,50 С тең. Орташа ж-ш -1040мм



Үнді мұхиты

Бұл мұхитта 5 теңіз бар. Мұхиттың ең терең жері 7450м , орташа тереңдігі - 5700 м. Мұхиттық қайраң аз. Тау жоталары арасында қазан шұңқырлар көп. Орташа температура +170С. Жылдық жауын – шашын 3000мм –ге тең. Бұл барлық аумағы осы оңтүстік жарты шарда ғана орналасқан бірден – бір мұхит.



Солтүстік мұзды мұхиты

Жердегі мұхиттардың ең кішісі. Мұхитта 9 теңіз бар. Мұхиттың 1\ 3 бөлігін қайраң алып жатыр. Орташа температура қыста 400С, Жазда 00 С, Орташа жауын – шашын 100 – 200мм.

Солт. Мұзды мұхиттың негізгі бөлігі орналасқан климаттық белдеу- Арктикалық климаттық белдеу.

Жер бетіндегі өзендер


  • Өзен – Табиғи арнамен ағып өтетін су ағыны

  • Көлдер – жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстар

  • Дүние жүзіндегі ең терең көл – Байкал (1620м)

  • Қазақстан көлдерінің ең ірілері – Каспий ,Арал, Балқаш

  • Көлдер екіге бөлінеді – 1) Ағынды көлдер, 2) Ағынсыз көлдер

  • Өзен құламасы – деп оның бастауының сағасынан метр есебімен көрсетілген биіктікті атайды.

  • Өзен бастауы деп - өзеннің басталатын жерін айтады

  • Өзеннің барып құятын жері - өзен сағасы – деп аталады

  • Өзеннен а ағып шығатын немесе өзенге келіп құятын бөлікті - өзен саласы деп атайды

  • Таудағы жыл бой қардың еріп үлгермей жинақтала беретін , биіктігін белгілейтін шартты сызықты – қар жиегі немесе шекарасы – деп атайды

  • Өзен арнасы бойында қалыптасып, суға шайылмайтын қатты тау жыныстары кездесетін жерлерде судың тік кемерден құлап ағуын – сарқырама – деп атайды

  • Әлемдегі ең биік сарқырама - АНХЕЛЬ ( Оңт. Амер.1054м - ден) , екінші сарқырама Тугела (Афр. 947,8 м)

§ 6 БИОСФЕРА – ТІРШІЛІК ҚАБАТЫ

Тіршілік қабатын – биосфера деп атайды

Өсімдіктер мен жануарлардың ең көп тіршілік ететін аймағы – жер беті.

Әлемдегі ең биік ағаш эвкалиптінің тамырының ұзындығы 100м жетеді.

Тірі организмдерді фауна (жануарлар) және флора (өсімдіктер)

деп екіге бөлеміз.



  • Бейорганикалық заттардан органикалық заттарды түзушілерді, яғни өсімдіктер – продуценттер (өндірушілер) д. а

  • Түзілген органикалық заттармен қоректенетіндер (жануарлар, саңырауқұлақтар) – консументтер (пайдаланушылар)

  • Осыған дейін түзілген өнімдерді бейорганикалық заттарға ыдырататын микроорганизмдерді – редуценттер (қалпына келтірушілер)

  • Әлемдегі ең жасы ұзақ ағаш - Секвоя д. а (жасы 3 – 4 мың)

  • Әлемдегі ең алып сүт қоректі – ол көк кит оның салмағы 160 тонна

  • Мұхиттағы өмір сүру деңгейіне сай мұхиттағы тіршілік планктондар (қалқыма) беткі жақта қалқып жүретіндер, нектон (жүзгіш) – мысалы балықтар, бентос (тереңдік) өте тереңдегі тіршілік деген мағынаны білдіреді.

  • Жапырағының ауданы 2– 3 метрден асатын өсімдіктің аты – Виктория – Араукария д.а

Табиғат зоналары және биіктік белдеулік туралы

Климаттық белдеулер сияқты Табиғат зоналары да Күн сәулесінің түсу бұрышының азаюы мен көбеюіне сай экватордан полюстерге қараай ендік бойынша өзгеріп отырады. Осы заңдылықты ендік зоналылылық немесе табиғат зонасы д. а. Мысалы, мұны біз Еуразияның ТЗ негізінде қарастыруға болады.



Еуразияның табиғат зонасы

ТЗ

Табиғат жағдайы

Жануарлары мен өсімдіктері


Топырағы

Арктикал-ық шөл

Жазы өте суық, әрі қысқа

-400С



Мүк, қына,балдыр, ақ аю, ақ түлкі

Мәңгі тоң

Тундра мен Орманды тундра

Ж – ш өте аз, температура төмен, климаты қатал, күшті жел, қарлы боран жиі болады


Мүк, қына, бұталар, бұғы, бұлан, қоңыр аю,көген, құр

Көпжыл-дық тоң

Тайга

Қысы қатал, жазы салыстырмалы түрде біршама жылы және ұзақ. Тек қана қылқан жапырақты ағаштар өседі. Топырағы күлгін, батпақты.

Ағаш текті өсімдіктер, қылқан жапырақтылар: қарағай, шырша, май қарағай самырсын, балқарағай

Зубр,бұлан, марал, елік, қоңыр аюқабан, уссури жолбарысы



Күлгін, батпақты

Аралас және жалпақ жапырақ-ты орман

Тайга мен мен жалпақ жапырақты ормандар арасында жатыр.

Қылқанды, ұсақ және жалпақ жапырақты орман; жөке амур барқыт ағаш, лиана, корей самырсыны.

Зубр, аю, непра



Шымды күлгін

Орманды дала және дала

Шығыс Еуропа мен Батыс Сібір жазықтарының оңтүстігінен Алтайға дейін

Жалпақ жапырақты ағаштар: емен, үйеңкі, қайың, көктерек, шөптесіннен; селеу, боз.

Қасқыр, қарсақ, түлкі, тышқан



Құнарлы қара топырақ, орманның сұр топырағы

Шөлейт және Шөл



Каспий маңы ойпатынан басталады

Жусан, селеу, бетеге, бұйырған, ксерофиттер, сексеуіл, қызғалдақ қаңбақ

Күрең (каштан), сұр – қоңыр топырақ

Қатты жапы-рақты мәңгі жасыл орман-дар мен бұталар

Жазы құрғақ, ыстық, қысы жылы

Емен, лавр, грек жаңғағы, зәйтүн, кипарис, цитрус

Құнарлы қоңыр топырақ

Субтро-пиктік дала, шөлейт және шөл

Жазы өте ыстық

Цитрус,анар, жүзім, жер жаңғағы

Сұр топырақ

Субтро-пиктік ауыспалы ылғалды муссон орманы


Жазы ылғалды, қысы біршама құрғақ

Магнолия, камфора, бамбук

Сусымалы құмдардан тұрады

Тропик-тік шөлдер

Ең ыстық ең құрғақ

Құрма палмасы

Тас пен құм

Саванна мен сирек орман-дар

Ж – ш әртүрлі түседі.

Тик, пальма, сандал ағашы, тик,майлы ағаш

Қызыл, қызыл қоңыр

Субэква-торлық ауыспалы ылғалды орман

Аса құрғақ емес жауын саваннадан көбірек жауады.

Піл, маймыл

Қызыл және қоңыр қызыл

Эква-торлық белдеуде-гі ылғал-ды орман-дар

Жауын – шашын мол, температура тұрақты

Пальма, лиана, архидея, мүйізтұмсық

Қызыл сары жақсы жетілген топырақ

Ал бұл табиғат зонасы әр материкте оның тұрған белдеуіне сай өзгеріп отырады.



Сізге сұрақ; Дәл осы Еуразияның ТЗ – на қай материктің ТЗ ұқсас болуы мүмкін., ал ТЗ – сы Африкада, Аустралияда қандай болуы мүмкін.

Биіктік белдеуліктер туралы

Табиғаттағы зоналылық тек жазықтарда ғана емес тауларда да болады. Таулардағы табиғат кешені тау етегіне басына қарай өзгереді. Олар белгілі бір биіктікке сай көмкеріле таралған сондықтан биіктікке байланысты табиғат кешенінің өзгеруін - Биіктік белдеуліктер деп аталады



Гималайдағы биіктік белдеулікте

Қар мен мұздық немесе



глиациалды зона

4500 м
Субальпілік биік шөпті, аласа шөпті

шалғын

3500 м



Қылқан жапырақты орман

2500 м

Жалпақ жапырақты орман



2000 м

Мәңгі жасыл субтропиктік

орман

1000 м



Субэкваторлық ылғалды орман етегіндегі терая

Тау
Альпінің биіктік белдеуліктері


Қар белдеу мен мұздықтар

2700 м

Таудағы тақыр жерлер, алып

шалғындар, бұлар, биік шөптер


1800 м Қылқан жапырақты орман,

аралас орман, емен, шамшат




1000 м

Бақтар, жүзімдіктер, егістер,

қатты жапырақты орманды

бұталар


Экваторл ық Анд тауларындағы биіктік белдеуліктер


Қар мұздықтар


5000 м

Жалаңаш жартастар


Тасты тақыр жерлер, биік тау

шалғындары (парамос)

4000 м

Бұталар
Аласа ағаштар

3000м

Биік тау ормандары

2000 м

Ағаш тәрізді папортниктер

1000 м

Ылғалды экваторлық орман
ІІ БӨЛІМ МАТЕРИКТЕР ГЕОГРАФИЯСЫ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет