5 І. Блог деген не? Блоггер деген кім?



бет1/2
Дата11.02.2018
өлшемі0,62 Mb.
  1   2


Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................................4

Зерттеу бөлімі............................................................................................5

І. Блог деген не? Блоггер деген кім?..............................................................5

ІІ. Жеке блогымның мақсаты....................................................................7

Қорытынды...............................................................................................9

Қолданылған әдебиеттер тізімі ...................................................................10



Кіріспе
қазіргі біздің өмір сүріп жатқан уақытымыз ақпараттық кеңістіктің өте үлкен көлемде, өте үлкен жылдамдықпен дамып жатқандығын көрсетеді. Бұл дегеніміз ақпараттық кеңістіктегі кез-келген жаңалықты тез игеріп, дамыта білу арқылы алға қарай өзіңді дамыту. Осы бағытта қазіргі таңда өте үлкен жылдамдықпен дамып келе жатқан жеке блог, блоггер бағыты деп айтсам болады.
Мақсаты: Менің жеке парақша ашуыма себеп болған, интернет желісі арқылы іздеген кез-келген ақпаратымен видео арқылы түсініктеме берушілердің әртүрлі бағытта жұмыс істеуі. Мен осы салаға қатты қызыққаным соншалықта өзім жеке блогер болып, осы жұмыстың қаншалықты нәтиже беретінін көруім.

Блог деген не?


Дәл осы сұрақ — Блоггинг (қаз. «блог жазу», «блогпен айналысу», «блог жүргізу» ұғымдарына саяды) әлеміне енді енген Жанның көкейінде тұратын сұрақтардың ең алғашқысы болса керек...

Бұл жазбамды — "Қазақша Блоггинг Әлеміне" жаңадан тіркеліп, оған қызығушылық танытып, шын мәнісінде ондағы болып жатқан жайттардың не екенін түсінбесе де осы «шығармашылық әлемге» жоғары оптимизммен және интузиазммен қарайтын барша жарандарға арнаймын. Қолымнан (блогымнан) келгенше осыларды түсіндіріп берейін...


Бірден айта кетейін, блоггинг — ол тұнып тұрған креатив. Сіз онда өзіңізге жағымды, ұнамды, ынтықтыратын дүниелер жазып, жаныңызды еркін әрі жақсы сезінуге мәжбүрлейсіз.
«Объективті/субъективті пікір алмасу», «сан салада жеке тәжірибемен бөлісу», «жаңа достар табу», «танымалдылыққа ие болу», «ақпаратты жылдам тарату», «публиканың реакциясын бақылау» — мұның бәрі блоггингтің ерекшеліктері мен Сізге берер мүмкіншіліктері.Көп адамдар мұнымен жәй ғана ермек үшін, тағы біреулер тұрақты күнделік өмірін жазу үшін айналысады, ал басқалар оны — бизнес көзі ретінде де қарастырады.

Сөздің этимологиясынан бастасақ, блог — ол ағылшынның «web log» яғни «желі журналы» сөзінен пайда болған.
Блог — онлайн жүргізілетін автордың жеке көзқарасымен жазылған ой, шағын әңгіме не күнделік.
Блог сөзі — ғаламтор беттерінде нақты бір тақырыптарда не белгілі категорияда информация тарататын түрлі әлеуметтік желілерде және сайттарда қолданылып жүр.
Қарапайым сөздермен, БЛОГ дегеніміз:
• хронологиялық тәртіппен жазылып, үнемі жаңартылып отырылатын «желі журналы» немесе «онлайн күнделік»;
• құрамы: қысқаша жазба, түсініктеме, мағлұматтар, видео/суреттер, сілтемелер, комменттер және т.б. тұратын жазба;
• қоғамда, айналаңызда болып жатқан кез келген жәйтқа жеткізген ойыңыздың, сезіміңіздің формасы;
• не істегеніңіз, не істемегеніңіз және бірдеңе істеп жатқандағы қалауыңыз;
• журналистиканың жаңа онлайн не азаматтық түрі — блоггингттің негізгі тірегі, өнімі

БЛОГГЕР ДЕГЕН КІМ?


блог жүргізетін адам;
• өзінің өмірін, көзқарасын, ойын ғаламтордағы миллиардтың назарына ұсынатын жанкешті (десе де болатындай);
• қаламына "өзі қожа, өзі би", ешкімге бағынышты емес, ақпарат кеңістігінде еркін ой ақтаратын белді сыншы, блогты қалай, қай форматта жүргізгісі келсе, солай жүргізуге құқықты, шектеуді білмейтін «недотілші», «пережазушы»;
• нақты түр-сипаты (жасы, жынысы, бойының үзындығы. телефонының маркасы, шашының түсі, салауатты өмір салтын қаншалықты ұстанатындығы) анықталмаған, яғни, алуан түрлі бағытта күй кешетін тіршілік иесі. Әдетте, Ол, бұл «атауды» еріксіз иеленіп жатады;
• болған болатын жайттарға өзінің мазмұнды, жеке объективті пікірін білдіре алатын, дара тіл таба білу өнері бар, қоғамға көзқарасы бөлектеу тұлға.

ІІ. Жеке блогымның мақсаты

Менің алғышқы блогымның аты «Крутой қазақ», бұл бетте мен өзіме қызықты видеолармен, плейлист, талқылауларды жүргізем, бөлісем. Негізгі мақсатым қызықты оқиғалармен бөлісу. 2013 жылдан бастаған блогымның бүгінгі күнге дейін 16817 жазылушыларды қамтиды. Блогер болу мен үшін өте қызықты яғни көптеген ақпараттарды игердім деп айтуға болады. Сонымен қатар бұл менің жеке кіріс көзіме айналды десем артық болмайды. Яғни блог ашу арқылы, жазылушыларды жинау арқылы менің жүктеген ақпаратымның қызықтылығы мен көркемдігіне байланысты сайт маған жалақы төлейді. Бұл мені өте қатты ынталандырды, сол арқылы мен қосымша бағдарламалармен жұмыс істеуге бағыттады. Яғни мен өзімнің блогыма қосымша анимацияларды өңдеу арқылы, анимациялық құттықтаулар, видео монтаж жасау арқылы видеоларға қосымша өңдеулер енгізіп жүктеуді үйрендім.



Каталог: uploads -> doc -> 0aef
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0aef -> Сабақтың тақырыбы: Базарда Сабақтың мақсаты
0aef -> Сабақтың аты С. Мәуленов «Менің Республикам»
0aef -> Тәлімгерлік үдерісін эвалюациялау инструментін ұсынып отырмын
0aef -> Сабақ. «Ертегілер еліндегі шалқан» Білім беру саласы : «Әлеуметтік орта» Оқу қызметі: «Көркем әдебиет» Тақырыбы: «Ертегілер еліндегі шалқан»
0aef -> Химия сабағынан сегізінші сыныпқа арналған тест
0aef -> Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу