1.2. Менеджмент және педагогикалық менеджмент, негізгі түсініктері
«Менеджмент» терминінің анықтамасы көптеген авторлар А.Мескон, М.Альберт, Ф.Хедоури өз тұжырымдамаларында былайша береді: менеджмент –бұл басқа адамдардың еңбегін, ой өрісін, тәртіп уәждерін қолдана отырып, алға қойылған мақсаттарға жете білу ептілігі [7].
«Менеджмент» түсінігінің мазмұны әр алуан, терең және келесі аспектілерде қарастырылуы мүмкін[25]:
- басқару туралы ғылым, ұйым мақсаттарының ең тиімді жетістіктеріне ықпал ететін жаңа көзқарастардың, әдістердің,
технологиялардың ғылыми ізденісі аясына іске асады;
- белгілі нәтижелерді, кәсіпкерлік қызмет барысында пайда алуға бағытталған фирмамен тәжірибелік басқару ретінде;
- үрдіс ретінде, яғни бөлек әрекет немесе операция емес, бірақ ұзақ,кезеңдік қызмет;
- өзіне белгілі жиынтықты, фирма бөлімшелерінің , сондай-ақ басқару субьектілерінің құрылымын енгізетін басқару ұйымы ретінде. (Жалпы айтқанда, менеджмент бойынша әдебиетте басқару субьектілері деп тек басқарушы қызметтерін атқаратын адамдар ғана емес, басқарушы құрылымдар да танылады);
- басқару аппаратының әртүрлі деңгейлері ретінде. Басқару проблемалары бойынша әдебиетте ғана емес, басқарудың жоғары деңгейін, жоғары басшылықты белгілейтін «топ-менеджмент» деген термин кеңінен таралды. (Мекемелердің шарттық кестелерінде қазір кеңсе-менеджерлері, яғни хатшылар; жайлылық бойынша менеджерлер, яғни тазалаушылардың лауазымдарын кездестіруге болатынын атап кету керек. Осылай шетел терминдерін дұрыс орнымен пайдаланылмауы олардың бастапқы мазмұнының жоғалуына әкеп соғады);
- нарықтың басқару тұжырымдамасы ретінде және басқалары.
Менеджмент түсінігі ұзақ уақыт бойы тек негізгі мақсаты пайда табу болып табылатын ұйымдарға қатысты пайдаланылып келгені белгілі. Мысалы, И.Н.Герчикованың оқулығында «менеджмент дегеніміз – нарық жағдайында қызмет атқаратын фирманың кез келген шаруашылық қызмет барысында менеджменттің экономикалық механизмінің ұстанымдарын, функцияларын және әдістерін пайдалана отырып, материалдық және еңбек қорларын тиімді пайдалану жолымен белгілі бір алға қойған мақсаттарға жетуге бағытталған, кәсіби жүзеге асырылатын қызметтің дербес түрі» деп тұжырымдалды [25,б.16].
Автордың пікірі бойынша, менеджмент дегеніміз – нарық, нарықтық экономика жағдайындағы басқару, оған келесілер қажет:
-фирманың нарық сұранысы мен қажеттіліктеріне, нақты тұтынушылардың талаптарына бағдарлануы және сұранысқа ие болатын және фирмаға жоспарланып отырған пайда түсіретін өнім түрлерін өндіруді ұйымдастыру;
- өндіріс тиімділігін арттыруға үнемі талпыну: шығындарын азайтып, оңтайлы нәтиже алу ;
- фирманың немесе оның бөлімшелері қызметінің соңғы нәтижелеріне жауапкершілік артатын тұлғаларға еркін шешімдер қабылдауды қамтамасыз ететін шаруашылық дербестік;
- нарық жағдайына қарай мақсаттар мен бағдарламаларды үнемі түзетіп отыру;
- айырбастау үдерісінде фирма қызметінің немесе оның шаруашылық дербес бөлімшелерінің қызметінің нарықтағы соңғы нәтижесін табу;
- негізделген және оңтайлы шешімдерді қабылдау барысында көп нұсқаулық есептеулер жасау үшін компьютерлік техникасы бар заманауи ақпараттық базаны пайдалану қажеттілігі.
Осының нәтижесінде автор «менеджмент» атқаратын қызмет сипатына қарамастан, өз қызметін пайда түсіру (кәсіпкерлік табыс) мақсатында жүзеге асыратын фирмалар мен кәсіпорындарға ғана қатысты деп қорытынды жасайды [25,б.21]. «Менеджмент» және «басқару» терминдерін салыстыра отырып, И.Н.Герчикова басқару ұғымының аясы өз мазмұнына қарай неғұрлым кеңірек, себебі адам қызметінің әртүрлі салаларына, қызметтің әртүрліаяларына, басқарудың әртүрлі органдарына байланысты пайдаланылады, ал « менеджмент» түсінігі тек нарық жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруға қатысты деп көрсетеді.
Ұзақ уақыт бойы педагогикалық теория мен тәжірибеде , басқару жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің оңтайлы әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-педагогикалық қызмет атқаруын қамтамасыз ету үшін, оның барлық буындарында түрлі деңгейдегі басқару субьектілерінің жүйелі, жоспарлы,саналы және мақсатты түрде әсер етуі деп түсіндірілген болатын ( М.И.Кондаков,П.В.Худоминский және т.б.). Ю.В.Васильев педагогикалық басқарудың мәнін түсіндіргенде ол қоғамның талаптары мен мақсаттарын есепке ала отырып жүзеге асырылады және педагогикалық ғылым анықтайтын өз нысандары, үрдістер мен заңдылықтар сипатымен басқарудың басқа түрлерінен бөлек деп көрсеткен.
Басқарудың тұрақтылығы мен обьект-обьектік сипаты ХХ ғасырдың 50- 60 жылдарында өзгерістерге ұшырай бастады. Басқарудың мәні тек оңтайлы жұмыс атқару, тұрақтандыруды ұстап отыру ғана емес, сонымен қатар ұйым қызметі мен оның қызметкерлерінің қызметін сандық және сапалық жағынан жетілдіру деп ұғындырылды. Педагогикада гуманистік парадигмалардың, субьектілік көзқарастың күшеюі тек оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесіне ғана емес, сонымен қатар білім беру мекемесін басқаруға өзгерістер енгізді. Оқыту мен тәрбиелеу үдерістерінің анықтамаларында да, басқару үдерісін анықтағанда да негізгі түсінік ретінде «өзара әрекет» пайдаланыла бастады, ол білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының белсенді субьективтік ұстанымын білдірді. Басқару – жүйенің оңтайлы жұмыс істеуі және оны қоғамның әлеуметтік тапсырысына сәйкес келетін сапалық тұрғыдан жаңа қалпына ауыстыруды қамтамасыз етуге бағытталған субьектілердің мақсатты түрде белсенді өзара әрекет етуі (К.Я.Вазинаның, Ю.А.Конаржевскийдің, М.М.Поташниктің , П.И.Третьяковтың, Н.Д.Хмельдің, Т.И. Шамованың және т.б. жұмыстарынан).22 беттен жалғасы.
Педагогика оқулығында мектепішілік басқарудың дұрыс ақпарат негізінде қорытынды жасау, алға қойған мақсатқа сай шешімдер қабылдау, басқару нысанын ұйымдастыру, бақылау жасау, реттеуге бағытталған қызмет деп таниды. Осының нәтижесінде мектепішілік басқаруды олар «оңтайлы нәтижеге қол жеткізу мақсатымен педагогикалық үрдістердің обьективті заңдылықтарын түсіну негізінде бүтін педагогикалық үрдіске қатысушылардың мақсатты, саналы өзара әрекет етуі» деп анықтайды. Оқулықта менеджмент теориясы « ең алдымен, тұлғалық бағытымен баурайды, мұнда менеджер(басқарушы)қызметі өз қызметкерлеріне шынайы құрмет, сенім арту, оларға табысқа жету жағдайларын жасау негізінде құрылады. Менеджменттің дәл осы жағы, мектепішілік басқару теориясын айтарлықтай толықтырады. Менеджмент идеяларын ұғыну, оларды мектептану мәселелері саласына ауыстыру дербес бағыт – мектепішілік менеджмент зерттемесіне негіздеме береді» деп түсіндіреді.
Біздің ойымызша, педагогикалық басқарудың «адами» құрамдас бөлігінің маңызы менеджмент саласындағы теориялық және тәжірибелік зерттеулерге алдымен зерттеушілерді, содан кейін тәжірибешіл – педагогтардың назарын аудартты, себебі басқару туралы бұл ғылымы ең басынан қойылған мақсатқа басқа адамдардың еңбегін, уәждері мен қажеттіліктерін пайдалану арқылы жету үдерістеріне бағытталған болатын. Менеджмент саласындағы зерттеу көзқарастары мен басқарудың тәжірибелік әдістері өз кезегінде психологиялық және педагогикалық ғылымдарды өз негізіне алды, оларда адамның дамуына, оның қызметін ұйымдастыруға оны уәждеу және ынталандыру және т.б.байланысты мәселелер тереңінен қарастырылған. Осының арқасында бұл теориялық пәндер, тәжірибелік қызметтің салалары бір-бірін өзара байытады. Мысалы, сапа менеджменті саласындағы белгілі ресейлік маман Ю.П.Адлер, менеджмент жүйесінде ең тиімді статистикалық немесе сапаны басқару әдістеріне қарағанда, басты рөлді адам оның пәнге және еңбек мақсатына деген көзқарасы атқарады деп көрсеткен [8,14-16 б.].Осылайша, көптеген авторлар менеджментті адам құндылығының негізін қалаушы концептуалды идеясы деп тануға негізделген заманауи басқару философиясы ретінде қарастыра бастады.
Менеджмент пен педагогикалық басқарудың жақындасуына коммерциялық, кәсіпкерлік құрамдас бөлік қазіргі уақытта, көп мөлшерде бұрын кәсіпкерлік емес деп танылған әлеуметтік, соның ішінде, білім беру мекемелерінің ажырамас бөлігі болып келе жатқаны да себепкер болды.Бүгінгі таңда, нарықтық жетістіктер білім беру мекемесінің қызметін атқарып анықтайтын тек сыртқы факторлар ғана емес, сонымен қатар, осы қызмет етудің ішкі табиғи бөлігін құрастырушы болып табылады. Біздің ойымызша , іс жүзінде басқа әдістемелік негіздеріне қарамастан, педагогикалық менеджмент әкімшілік телебасшылық-кезеңде қалыптасқан басқару жүйесін толық жоққа шығармайды, бірақ нәтижелі тәсілдерді сақтап, оларды жаңа жағдайларға бейімдеп сапа тұрғысынан жаңа деңгейге көтереді.
Біздің ойымызша іс жүзінде басқа әдістемелік негіздеріне қарамастан, педагогикалық менеджмент әкімшілік-басшылық кезеңде қалыптасқан басқару жүйесін толық жоққа шығармайды, бірақ нәтижелі тәсілдерді сақтап, оларды жаңа жағдайларға бейімдеп, сапа тұрғысынан жаңа деңгейге көтереді.
Нақтылап айтқанда, «педагогикалық менеджмент» терминінің дәл анықтамасы әлі жоқ, ол «білім беруді басқару», «педагогикалық басқару» және осы проблема бойынша жұмыс авторларымен пайдаланылатын басқада көптеген түсініктермен дұрыс сараланған жоқ.
В.П.Симонов педагогикалық менеджментті оқу – тәрбиелеу және оқу – тану үдерісін басқарудағы қағидаттар, әдістер, ұйымдастыру нысандары технологиялық амалдар кешені ретінде анықтайды [90,56 б.].Педагогикалық менеджмент нақты мұғалімнің басқарушылық қызметі жаңа әлеуметтік – педагогикалық жағдайларда өмір сүруге дайын баланың жеке басын дамыту мақсаттарына бағытталады деп бір жақты таяз түсіну қалыптасқан, оның барысында педагог келесілерді жүзеге асырады:
- басқаратын обьектінің қалпын өзгерту бойынша шешім қабылдау үшін ақпаратты түрлендіру;
- оқыту мен тәрбиелеу үдерісін қағидаттар әдістер, құралдар мен нысандардың өзара байланысты жүйесіндей басқару;
- оқушылардың еңбегін, зиятын, уәждері мен қажеттіліктерін пайдалана отырып, қойған мақсаттарға жету;
- білім беру тұжырымдамалары негізінде қабылданатын, жүзеге асырылатын және адам факторын есепке ала отырып, оқу тәрбиелеу мақсаттарының жүйесін оқушылардың жету үдерістерін ұйымдастыру және т.б.
Байқағанымыздай бұл педагогикалық менеджмент дефиницияларын да педагогикалық қызметтің маңызды бағыттары, білім беру үдерісінің сапасына тікелей әсер ететін білім беру мекемесінің жұмыс атқару салаларына назар салмаған: ғылыми – зерттеу және әдістемелік жұмыс, педагогтардың біліктілігін арттыру, оқушылардың ата-аналары мен жұмыс және т.б. педагогикалық менеджмент мәнін бұлайша тарылту авторлардың көпшілігі басқаруды оқу негізінен мекеме басшысының ұйымдастыру – әкімшілік қызметі ретінде қарастыруынан туындаған. Білім беру мекемесін басқарудың теориясы мен тәжірибесінде оқушылардың қызметін тікелей басқаруды жүзеге асыратын бірінші буын менеджерлері ретінде оқытушылардың кәсіби қызметінің мәселелері лайықты дамуымен негіздемесін алған жоқ.[114]. Осы саладағы олқылықтарды толықтыруға ұмтылу, зерттеушілердің зейінін көбінесе, педагогтың басқару қызметіне негіздейді.
Бүгінгі күнде басқарудың маңызды субьектісі ретінде оқушының өзінде қарастыру қажет.Педагог жүзеге асыратын менеджмент функциялары тек олар оқушы тарапынан өзін – өзі басқарудың (өздігінен менеджмент) барабар әрекеттерімен қолдау тапқан жағдайда ғана тиімді болып, қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді. Оқушының өзін – өзі басқару іскерліктерін меңгеруі қазіргі уақытта, білімдер, іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру, жан-жақты тұлғаны тәрбиелеу, бейімділіктер мен қабілеттіліктерді дамыту мен қатар, білім беру үдерісінің маңызды мақсаты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |