3. Сөздердің байланысу тәсілдері.
21.Меңгеріле байланысқан сөз тіркесін тап:
а) өмірге құштарлық;
ә) оқушының кітабы;
б) ағаштың бұтағы;
в) біз көрдік;
г) апта сайын келу;
22.Қабыса байланысқан сөз тіркесін тап:
а) қызық кітап;
ә) менің әдетім;
б) далаға шықты;
в) мектеп оқушылары;
г) үйге шақырды;
23.Матаса байланысқан сөз тіркесін тап:
а) жазушының өмірі;
ә) жолға шықты;
б) Жәнібек келді;
в) жүрегі ұшты;
г) жылы сөз;
24.Қиысуды тап:
а) Мен студентпін;
ә) қызықты әңгіме;
б) жазушының өмірі;
в) үздік оқушы;
г) жауынды жаз;
25.Есімді сөз тіркесінің қатарын ата:
а) ағаш күрек, қызықты әңгіме;
ә) алтын сағат, хат жазды;
б) үйге келді, оқып отыр;
в) қызыл орамал, жүріп кетті;
г) келген Айнұр, Айнұр келді;
26.Зат есіммен қабыса байланысқан есімді сөз тіркесін тап:
а) темір пеш, етікші бала;
ә) биік тау, ағаш күрек;
б) түлкі тымақ, қызық әңгіме;
в) таудай талап, еріншек бала;
г) ақылды қыз, жақсы ырым;
27.Сан есіммен қабыса байланысқан есімді сөз тіркесін тап:
а) оныншы мектеп;
ә) қоралы қой;
б) шаруа қол;
в) бүгін бала;
г) алтын сағат;
28.Сілтеу есімдігімен қабыса байланысқан есімді сөз тіркесін көрсет: а) осы ауыл;
ә) жиырма оқушы;
б) қасқыр ішік;
в) қызық әңгіме;
г) қызыл көрпе;
29.Қабыса байланысқан есімшелі сөз тіркесті тап:
а) айтылған сөз;
ә) осы қала;
б) мың қой;
в) жақсы талап;
г) етікші бала;
30.Қабыса байланысқан үстеулі сөз тіркесін көрсет:
а) ертең мұғалім;
ә) қол сағат;
б) осы бала;
в) қызық роман;
г) еріншек студент;
31.Кәсіп, дәрежені білдіретін қабыса байланысқан сөз тіркесін тап:
а) бас инженер;
ә) су жылан;
б) алма ағаш;
в) ат қора;
г) кір сабын;
32.Заттың өлшемдік мағынасын білдіретін қабыса байланысқан есімді сөз тіркесін тап: а) екі саба қымыз;
ә) кір сабын;
б) нар түйе;
в) қыз бала;
г) жазушы Мұқанов;
33. Жалпылау есімдігімен қабыса байланысқан есімді сөз тіркесін ата:
а) барлық жұрт;
ә) осы өзен;
б) келген студент;
в) осы ауыл;
г) мына бала;
34.Матаса байланысқан сөз тіркесін ата:
а) біздің ауыл;
ә) үйге келді;
б) темір пеш;
в) осы ауыл;
г) калхоз малы.
35.Матаса байланысқан сөз тіркескері қандай қатынаста жұмсалады?
а) анықтауыштық
ә) ешқандай; пысықтауыштық;
в) толықтауыштық;
г) предикаттық.
36.Атрибуттық меншікте матаса байланысқан тіркесті ата:
а) калхоздың аты;
ат колхоздікі;
б) бүгін келді;
в) қалаға келді;
г) өзіңе жақсы.
37.Зат есім тәуелденіп, ілік жалғаулы сөзбен матаса байланысқан-да меншіктілік қатынасты білдіретін тіркесті тап:
а) менің жолдасым;
ә) екінің бірі;
б) балалардың бесеуі;
в) онның жартысы;
г) сенің айтарың.
38.Есімшелер әрі заттың, әріқимылдық мағынада жұмсалатын матаса байланысқан сөз тіркесін тап: а) оның көрген-білгені;
ә) менің жолдасым;
б) ауылдың жастары;
в) үйдің шатыры;
г) екінің бірі.
39.Сан есім изафеттік тіркестің екінші сыңары болып ілік жал-ғаулы зат есіммен матаса байланысқан есімді тіркесті тап:
а) оқушылардың екеуі;
ә) менің дәптерім;
б) келген оқушы;
в) сіздің сағатыңыз;
г) үйдің шатыры.
40.Матаса байланысқан есімді сөз тіркесі бар сөйлемді көрсет:
а) Абай ең әуелі әкесіне бармай, Күңкенің үйіне кірді.
ә) Хасен қазір колхозшы.
б) Жомартта әлі үн жоқ.
в) Айтатын арызымыз бар.
г) Шеген маған үш түрлі өсиет айтты.
Достарыңызбен бөлісу: |