5 Лекция. Құрылықтың флоралық жіктелуі. Голарктикалық патшалық. Палеотропикалық патшалық. Неотропикалык патшалық



бет4/4
Дата19.10.2023
өлшемі32,72 Kb.
#186658
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
432551577056 №5 Лекция

Неотропикалық патшалық


Неотропикалық бұл патшалық толығымен жаңа дүниеде орналасқан, оның флорасының палеотропикалықпен ортақ шығу тегі бір көптеген жалпы тұқымдастар бар деп саналады. Осындай тұқымдастар – аннон, лавр, мирта, орхидея, пальма, т.б. Сондайақ жалпы түрлер де жеткілікті (шамамен 450-ден кем емес). Мұның барлығы біраз уақыт барысында Ескі жəне Жаңа дүниенің тропиктері аралығында тығыз миграциялық байланыстың бар екендігін дəлелдейді. Тропиктік Батыс Африка флорасы мен тропиктік Оңтүстік Америка флорасының аралығы да осындай, мəселен, Бромели тұқымдастарының таралуын айтуға болады.
Неотропиктік флора ұзақ уақыт бойы жеке, өзінше дамыды. Бұған шамамен, 30 эндемиктік тұқымдас пен көптеген эндемиктік түрлер дəлел бола алады. Эндемиктік тұқымдастар арасында 1 канна түрінен тұратын канна тұқымдасын атап өтуге болады. Ориноко өзеніне тəн пальмалардың алуан түрлері, Бразилия таулы үстіртіндегі құрғақ аудандарда өсетін Коперник ерекше жоғары. Патшалық өсімдікке бай. Америкалық орхидеяларға ұзын жəне жіңішке жемістер, құнды тағамдық өсімдіктер, ваниль жатады.
Неотропикалық патшалық Кариб, Гвиана таулы үстірті, Амазонка, Бразилия жəне Анд сияқты 5 облысқа жіктеледі.
Ең ежелгі жəне өзіндік флора Гвиана таулы үстіртінің облы сында шоғырланған. Мұнда шамамен 100 эндемиктік түр өседі, эндемиктік түрлердің 70%-ын құрайды, ал биік тауларда - 95%-ға дейін бар деп есептеледі.
Амазонка өзенінің флора Амазонка облысында тек бір эндемиктік тұқымдастан, 500 эндемиктік туыс пен 3000 эндемиктік түрден тұрады. Облыс өсімдігіне тəн ерекше белгі – жаңбырлы, ылғалды тропик ормандары болып табылады, дəл осы ормандарға А. Гумбольдт «гилен» атауын берді. Əлемнің ешбір жерінде бұл ормандар Амазонка өзенінің алабындағы сияқты кең ауқымды ауданды алып жатпайды жəне осындай өсімдік түрлерінің байлылығымен ерекшеленбейді. Мұнда 60-тан аса эндемиктік пальма түрлері шоғырланған, ағаштардан бертолеция (45 м-ден биік ірі ағаш), қауын ағашы (папайя), себаны атап өтуге болады. Үлкен ағаштардан бұршақ, лаврдың көптеген өкілдері бар, бамбук, мимоза алуан түрлі. Амазонка өзенінің алабындағы көлдермен эндемиктік су өсімдіктерінің таралуы тығыз байланысты. Олардың ішінде алып жапырақтары (диаметрі 1,5 м-ге дейін) мен ғажайып гүлдері бар корольдық виктория (Victoria regia) кеңінен танымал. Тропикалық өсімдіктерден гевея каучукты ағашы мен какао ағашын атауға болады.
Бразилия таулы үстіртіндегі – Бразилия облысының флорасы ерекше. Алайда, мұнда эндемиктік тұқымдастар жоқ. Бірақ шамамен, 400 эндемиктік туыс бар. Өсімдік жамылғысында құрғақ тропик ормандары, сирек ормандар, бұталар мен саванналар көрініс табады. Тамаша эндемик болып, ашық қылқан жапырақты ормандарды түзетін араукария түрлері (Araucaria) табылады.
Анд облысының флорасы 1 эндемиктік тұқымдастан жəне бірнеше жүздеген эндемиктік туыстардан тұрады. Таксондар саны бойынша флора онша бай емес, оның құрамына неотропиктен шыққан таксондар, сондай-ақ солтүстіктен (голарктикалық) жəне оңтүстіктен (голантарктикалық) қоныс аударушылар құрайды. Эндемиктерден 1500-3000 м биіктікте өсетін, тамырында хинин болатын хин ағашын (cinhona) атап өтуге болады. Жапырағы кокаинге бай кок ағашы (eruthroxulon coca) өседі. Анд көптеген мəдени өсімдіктердің отаны (картоп, қызанақ, үрме бұршақ).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет