5. Ұлттық- мәдени деңгейдің құрастырушы бөліктері 15. Ұлттық -мәдени деңгейді танытуда ым, қимыл, ишараның алатын орны



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#93274
1   2   3   4
Байланысты:
15-16 дәріс

Механикалық қимылдар тыңдаушыға сөздің мағынасын түсінуді қиындататын, оған кедергі жасайтын мәселені сөз еткенде немесе айтушының өзіне сенбейтіндігін сезгенде, я болмаса оның сөз болып тұрған мәселеге қатысты толқып тұрғанынан пайда болады. Ондай қимылдарға мұрынды ұстау немесе тарту, галстукты түзету, түймесін айналдырып тұру, өзінің жасап тұрған қимылына үйлеспейтін сөздерді қайталау т.б.жатады. Мұндай қимыл-әрекеттер тыңдаушыға жағымды әсер қалдырмайды.
Ритмикалық қимылдар сөз ритмикасымен байланысты. Бұған сөйлеп тұрған кезде адамның сөз ыңғайына қарай қолын қозғауын жатқызуға болады. Сондай-ақ олар сөздің жай немесе тез айтылуын, екпіннің, паузаның, дауыс ырғағының орынды берілуін қадағалайды. Мысалы, «Көп сөз бос сөз, аз сөз рас сөз», деген мақалды айтқанда, жартысына дейін қолымызды оң жаққа, екінші жартысын айтқанда сол жаққа қарай жедел қозғап, екі ортасын айырудың белгісін жасаймыз. Дыбыс та нақ-нақ шығады. Ал «Бал, бал дегенмен ауыз дәмді болмайды» дегенде дауысты дыбыстарды созып, жайлап, басымызды изеп айтуға тырысамыз.
Сондай-ақ біздің сөзіміз, көбінесе, адамның көңіл күйіне байланысты болып келеді. Сөйлеп тұрған сәттегі адамның толқуы, қуанышы, жек көруі, жақсы көруі, қамығуы, жабырқауы, торығуы, налуы, шатасуы, абыржуы – бәрі оның таңдаған, іріктеген сөздерінен ғана емес, сөйлеу барысында пайдаланған ым, қимыл, ишарасынан да көрінеді. Осындай адамның сезімінің әртүрлі реңктерін беретін қимылдарды көңіл күйлік ым-қимылдар деп атайды. Мұндай қимылдардың кейбіреулерінің тұрақты мағынаға ие болып кеткендері де бар. Мысалы, ағаштан жасалған затты соғу, кеудесін ұру, оң иықтан асыра түкіру, мысық алдынан өткенде теріс қарап жүру, иықты қиқаңдату, адамды қуғысы келгенде есікке сұқ саусақты безеу т.б.
Келесі қимылдың түрін бейнелі қимылдар дейді. Бейнелі қимылдар мынадай жағдайларда пайда болады:
 ойға алған айтылысты көрнекі түрде толық беру үшін сөздің жетпей қалған кезінде;
 айтушының даусының қатты шығуы, көңіл күйінің алабұртып тұруы, өзін-өзі игере алмауы, тыңдаушының өзін түсінетініне сенімінің болмауы т.б. осы сияқты себептерге байланысты сөзбен ғана айту жеткіліксіз болғанда;
 әңгімесіне тыңдаушының назарын аударғысы келгенде немесе оның өзін тыңдап, қабылдау әсерін күшейткісі келгенде, я болмаса, тыңдаушы ықыласын күшейту үшін оған қосымша көрнекіліктер арқылы әсер еткісі келгенде т.б.
Бейнелі қимыл белгілі бір іс-әрекеттің қалай орындалатынын көрсетеді. Айталық, жазатын қаламы жоқ адам қаламының жоқтығын қимылмен, яғни ауаға жазып көрсетеді. Ол: «Мен жазу үшін, әуелі…(ауаға жазып көрсетіп) сатып алуым керек», - дейді. Тыңдап тұрған адам әңгіме «қалам» туралы екенін түсінеді.
Алайда бейнелілік мағынасын беретін көмекші құралдарды шамадан тыс көп қолданып, сұхбаттық тілдесімдегі басты элемент тілді, сөзді ұмытуға болмайды.
Енді

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет