5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет50/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Сабаққа қатысты ескертпелер 
Сабақтың басты мақсаты – оқушылардың қола 
дәуіріне жататын Қазақстандағы археологиялық 
ескерткіштердің, соның ішінде Орталық Қазақстан-
дағы Беғазы-Дәндібай мәдениетінің зерттелу маңы-
зын түсінуі. Сонымен қатар олар қазақстандық таны-
мал археолог Әлкей Марғұланның зерттеулері мен 
археологиялық жаңалықтарын біледі. Оқушылар ар-
тефактілер негізінде қола дәуірі адамдарының өмірі 
мен дүниетанымын сипаттайды. Сабақтың басты 
концептісі – "дәлел". 


1-тарау. 
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
35
"Миға шабуыл"
Сабақты сұрақ қою арқылы бастаңыз. Оқушы-
ларға Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мә-
дениеті есерткіштерінің суретін көрсетіп, не көріп 
тұрғандарын сұраңыз. Топтық жұмыста суреттен 
назар аударарлық екі нәрсені дәптерге жазуларын 
ұсыныңыз. Жауаптар дайын болғанда, әр топтың 
жауабын сыныппен тыңдаңыздар. Оқушылардың 
сабаққа қызығушылығын арттыру үшін, сабақ ба-
рысында қай топтың жауабы дәлірек болғандығын 
айтыңыз.
Жауаптары.
Үлкен тастармен қоршаулар жа-
салған. Бұрын бұл жерде тастан салынған құрылыс- 
тар болған. Онда адамдар жерленген болуы мүмкін. 
Оны біз осы құрылыстардың астынан табылған ар-
тефактілер негізінде нақты айта аламыз.
Сұрақтар құрастырыңдар
Оқушылар өз жұптарымен Беғазы-Дәндібай ар-
хеологиялық мәдениетіне қатысты екі сұрақ құрас- 
тыруы қажет. Олар келесі жұппен бірге ең жақсы 
сұрақтарды таңдап, талқылайды. Содан топтарға 
бірігіп, өздерінің талқылауы барысында таңдап 
алған үш сұрағын стикерге жазып, Әлкей Марғұлан-
ның және Беғазы-Дәндібай ескерткіштерінің сурет-
тері бар флипчартқа жабыстырады. Оқушылардың 
кейбір сұрақтарына жауап беру үшін мүмкіндігінше 
қосымша ақпарат беріңіз (қосымша мәтін, суреттер 
таратыңыз). 
Жауаптары: 
Беғазы-Дәндібай мәдениеті – Орта-
лық Қазақстандағы қола дәуіріне жататын ескерт-
кіштер кешені. Қазақстанның ерте тарихынан мағлұ-
мат беретін бұл қорымдар қола дәуірінің соңғы 
кезеңіне жатады. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің 
атауы Қарағанды облысындағы жер атауларынан 
құрылған. Беғазы-Дәндібай ескерткіштерінің Андро-
нов мәдениеті ескерткіштерінен біршама ерекшелік-
тері бар. Осы мәдениетті археолог Әлкей Марғұлан 
кешенді түрде зерттеген. 
1946 жылы әртүрлі аймақтарды зерттеу үшін ар-
хеологиялық экспедициялар құрылды. Ең алғашқы-
сы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы 
болды. Оны Әлкей Марғұлан басқарды. Экспеди-
ция құрамында белгілі ғалымдар М.Қ. Қадырбаев, 
К.А. Ақышев, Ә. Оразбаевтар жұмыс істеді. Осы экс-
педицияда Беғазы-Дәндібай мәдениеті ашылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет