5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


Оқулық: Қаңлылардың қалалық мәдениетінің дамуы



Pdf көрінісі
бет180/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Оқулық: Қаңлылардың қалалық мәдениетінің дамуы
112-113-бет.
Зерттеу сұрағы:
қаңлыларда қала мәдени-
етінің дамуы немен байланысты болды?
Сабаққа дайындық
Ұлы Жібек жолының картасын тақтаға, сауда тауар-
ларының түрлі түсті суреттерін сынып қабырғасына 
іліңіз. Көк-Мардан қаласының суретін түрлі түсті етіп 
шығарыңыз. Қаңлы тұрғын үйінің сипаттамасы беріл-
ген кеспеқағаздарды қиып дайындаңыз. Маркер, ват-
ман, түрлі түсті қағаздарды топқа таратыңыз. 
Сабақтың деректі материалдары
Археологтар қаңлыларға жататын 
Жанбас-қала, 
Қорғанша-қала, Базар-қала, Қойқырылған-қала
және т.б. ескерткіштерді ашты. Бұл қалалар – үлкен 
бекіністер. Мысалы, Қойқырылған-қала дөңгеленіп 
салынған, оның жалпы диаметрі – 87,5 м, тоғыз мұна-
расы бар. Оның қазіргі сақталған биіктігі – 8 м. Қазір 
Оңтүстік Қазақстаннан табылған ерте орта ғасырлар-
дағы көптеген қалалардың түп-тамыры сонау қаңлы 
дәуірінде пайда болған қоныстар. Б.з.д. І мыңжыл-
дықтың ортасынан б.з. І мыңжылдықтың ортасына 
дейін Арал өңірінде өзіндік ерекшелігі бар Жетіасар 
мәдениеті өркендеген. Бұл мәдениет жүз елуден 
астам бекіністі қала орындарын қамтиды. Барлық қа-
лалар күшті және дамыған қорғаныс құрылыстарының 
жүйесімен бекітіліп, ішіне түгелдей секция үйлер са-
лынған. 
Құрылыс салуға көлемі үлкен шикі кірпіш, күйдіріл-
ген кесектер пайдаланылған. Күмбездерді көтергенде 
трапеция сияқты шикі кірпіш қаланып, тұрғын жайлар-
дың төбесін жапқанда, есік жақтауларына және басқа-
ларына ағаш құрылымдар қолданылған. Зерттеушілер 
бекіністер құрылысынан қоғамдық міндеттер атқа-
рылған, әлдебір жоралғылар өткізуге арналған жайлар-
ды да бөліп көрсетеді. Бұл жайлар көлемімен, өзгеше 
сәкілері болуымен ерекшеленеді. Қалалар, әдетте же-
келеген суландыру жүйесінің төңірегінде бес-жетіден 
топталған. Олардың арақашықтығы 10–12 шақырымға 
жетеді.
(Ақпарат e-history.kz сайтындағы материалдар не-
гізінде дайындалды.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет