5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет202/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Ғұндар
5.1.
Ғұн тайпаларының бірігуі (1-сабақ) 
Оқу мақсаты
5.1.1.3 ғұндардың қоныс аудару бағыттарын 
тарихи картадан көрсету.
Тірек сөздер
ғұндар
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге 
дейін. 1-том. – Алматы: Атамұра, 2010. 
2. Жайнаков Е. Ұлы дала мемлекеттері. – Алма-
ты: Аруна, 2010.
3. Ежелгі Қазақстан. Қазақстан балалар энци-
клопедиясы топтамасы. – Алматы: Аруна, 2011.
4. Көркемсуретті Қазақстан тарихы. I том. – Алма-
ты, 2006.
5. e.history.kz. 
Оқулық: Ғұн тайпаларының бірігуі,
126-127-бет.
Зерттеу сұрағы:
неге Мөде шаньюй: «Жер – 
мемлекеттің негізі» – деді? 
Сабаққа дайындық
Қосымша жазба деректер дайындаңыз. Тақырып 
бойынша ғұндар, олардың шаруашылығы, тұрмыс-тір-
шілігі туралы қосымша суреттер немесе танысты-
рылым дайындауға болады. 
Сабақтың деректі материалдары
Ғұндардың негізгі кәсібі жартылай көшпелі мал 
шаруашылығы болды. Бұл туралы Сыма Цянь: «Ғұн-
дар Қытайдың солтүстігінде қоныстанды. Олар шөп 
пен судың жағдайына байланысты бір жайылым-
нан екінші жайылымға көшіп жүреді. Үй малынан 
жылқы, ірі қара және қой-ешкі, кейбіреулері түйе, 
есек өсіреді», – деп жазған. Археологиялық зерттеу 
жұмыстары да ғұндардың малдың барлық түрін өсір-
генін дәлелдейді. Басқа да жазба деректерде «Ғұндар 
үйір-үйір жылқы, қора-қора қой өсірген» деген ақпа-
рат беріледі. Әсіресе, жылқы ғұндардың негізгі көлігі 
мен азығына айналды. Жылқыларының дене бітімі 
тығыз, жүріске төзімді келген. Ғұндар жылқының 
асыл тұқымдарын өсіріп, ат баптауды жетік меңгер-
ген. Олар мал етімен тамақтанды. Терісі мен жүнінен 
киім, аяқкиім жасады, жүнінен киіз басты. Жерге ру-
лық-қауымдық меншік болды. Аң аулау маңызды бо-
лып, ғұндар бала күнінен садақ тартып, аң-құс атуды 
үйренді. «Солтүстік жерлерде суық ерте түсіп, тары 
себуге қолайсыз болса да, ғұндардың жерінде тары 
егіледі» деген дерек үзіндісі және археологиялық қаз-
ба жәдігерлер ғұндарда егіншілік дамып, көбінесе 
тары өсіргенін дәлелдейді. 
Сыма Цянь бұдан әрі былай деп жазады: "Суы мен 
оты мол жер іздеп, бір жерден екінші жерге көшіп 
жүреді. Оларда ішкі және сыртқы дуалдармен қор-
шалған қалалар, тұрақты тұратын жері жоқ болса да 
және егістік өңдеумен айналыспаса да, әрқайсысы-
ның өзіне бөлініп берілген жер телімдері бар".
Ғұндардың негізгі баспанасы – киіз үй болды. Кей-
біреулері жертөлелерде де тұрды. Олар кен қазып, 
металл қорытты. Қолөнер мен бейнелеу өнерінде аң 
стилімен қатар полихромдық стиль дамыды. Металл, 
сүйек, мүйіз, тері, тас, саз, ағаштан түрлі бұйымдар 
жасады. Әсіресе, қыш-құмырашылықпен айна-
лысқан. Олар Көк Тәңірге табынып, ата-баба рухына 
сиынған. Ғұн обаларынан Қытай жібегі, айна, нефрит-
тен жасалған заттар табылған. Бұл заттар – ғұндардың 
басқа елдермен сауда жасағанының дәлелі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет