5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет232/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Эссе сұрағы: 
Халықтардың ұлы қоныс аударуын неліктен ғұн тайпаларымен байланыстырады?
Тақырыпқа қатысты тұжырым:
Мысалы:
Дерек (қандай дерекке сілтеме берілді):
Түсіндірме:
Байланыс:


145
6.
Сарматтар 
Тарау мақсаттары
• археологиялық ескерткіштерді салыстыру;
• сарматтардың қолданбалы өнерінің ерек-
шеліктерін сипаттау;
• картадан сарматтардың орналасуын көрсету;
• сармат қоғамындағы әлеуметтік топтардың 
ерекшеліктерін түсіндіру;
• сармат тайпаларының халықаралық аренадағы 
орнын анықтау.
Негізгі дағдылары
Оқушылар:
• сарматтар туралы археологиялық және жазба 
деректермен жұмыс жасай отырып, дәлел келтіруге;
• түрлі деректерден тақырыпқа сәйкес қажетті 
ақпараттарды анықтап, қолдануды, тұжырым жасауды;
• мемлекеттердің аумағын, маңызды географиялық 
нысандарын картадан көрсетуді
• өз пікірлеріне дәйектер келтіруді; 
• мәтінмен жұмыс жасауды, оның негізгі идея-
сын анықтауды;
• сабақ барысында алған білімі мен түсініктерінің 
негізінде оқиға желісін құрастыруды үйренеді.
Ойланып көрейік
"Сарматтар", "Сарматия" сияқты атаулар ежелгі 
дәуірдегі жазба деректерде кездеседі. Грек дерек-
терінде сарматтар б.з.д. ІV ғасырдан аталады. "Сар-
маттардың археологиялық ескерткіштері олардың 
қоғамы мен өмірі туралы қандай ақпарат береді?" 
деген сұрақты талдау барысында сармат тайпала-
рында орын алған археологиялық ескерткіштер-
ге шолу жасауына болады. Мұғалімнің ақпараттық 
көмегі арқылы оқушылар тиісті қорытынды шыға-
рып, пікір алмасуға, талқылауға қатысады. Оқушы-
лар Сынтас, Бесоба, Аралтөбе обаларынан табылған 
әрбір заттың мемлекеттің тарихынан сыр шертетінін 
анықтайды. "Сармат қоғамында орын алған әскери 
демократия несімен ерекшеленеді?" деген сұрақты 
қарастырған уақытта оқушылар әскери демократия-
ның негізгі белгілерін атап өтуі тиіс. Сол арқылы сар-
мат тайпаларындағы орын алған әскери демократи-
яның ерекшеліктерін сарапқа салады. Мысалы, соғыс 
өнерін жетік меңгерген сарматтар Риммен әскери 
қақтығыстарға түсіп отырды. Император Август тұ-
сында жасалған Рим әлемінің картасындағы 24 об-
лыстың тоғызыншысы "Сарматия" деп аталған. 
Сарматтар еуропалық скифтермен және азиялық 
сақтармен қатар өмір сүрді. Геродоттың жазуын-
ша: «Савраматтар, дах, массагет, исседондармен 
туысқан». Батыс Қазақстанды мекендеген кезде сақ, 
исседон, дах тайпаларымен көрші орналасты. Бұл 
тайпалармен тілі мен мәдениеті ұқсас болғандықтан, 
тығыз қарым-қатынас жасады. Кіші Плиний мен Пом-
поний Мела: «Сарматтар – бірнеше туысқан тайпа-
лардан құралған халық», – деп жазған. Страбон «Гео-
графия» еңбегінде «роксолан, аорс, сирак, алан» атты 
сармат тайпаларын атайды. Тарихи деректер негізін-
де б.з.д. ІІ ғасырда сармат тайпалары Дунай мен Еділ-
дің аралығында үстемдік еткені белгілі. 
Сарматтар бүкіл әскери іс пен соғыс өнеріне әсер 
еткен үлкен жаңалық әкелді. Олар Парфия және Ұлы 
Рим империясының тұрақты әскерімен соғыста жи-
наған тәжірибенің негізінде әскери іс пен ұрыс жүр-
гізу өнерін жетілдіріп, жау шебін жарып өтетін ауыр 
қаруланған атты әскерді – «катафрактариді» пайда-
ланды. Бұл жаппай салт атты жауынгердің қолданған 
қаруына үлкен өзгерістер енгізіп, әскер басқару мен 
ұрыс жүргізудің түбегейлі жаңа қағидаларын қалып-
тастырды.
Сарматтардың ескерткіштері Батыс Қазақстан ай-
мағында кездеседі, олар көбінесе өзен алқаптарын-
да орналасқан. Солардың ішінен Бесоба, Аралтөбе, 
Сынтас қорымдарын атауға болады. Осы ескерт-
кіштерден табылған мәйіттер, қару-жарақтар, әше-
кейлер сарматтардың қоғамы, дүниетанымы мен 
қолөнері туралы құнды ақпарат береді. Үйретілген 
иттер қолданылды. Страбонның жазуынша, олардың 
баспаналары киізбен жабылған дөңгелекті арбалар 
болды. Күнделікті тұрмыста қыш, тері, темірден бұй-
ымдар жасаған. Әсіресе, теріден торсық, саба, көнек 
ыдыстарын жасау кең таралған.
Сарматтардың қоғамдық құрылысында мүлік 
теңсіздігі орын алды, алайда әскери демократия бел-
гілері де байқалды. Сармат қоғамындағы әйелдердің 
рөлі зор болды, ерлермен бірге соғысқа қатысып
жасақ құрамына кірген. Бұл сарматтардағы әскери 
демократияның ерекшелігін көрсетеді. 


146
6-тарау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет