5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет230/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Өздеріңді тексеріңдер 
Оқушылар бөлім бойынша алған білімдерін қол-
данып, ғұн басшылары: Мөде, Чжи Чжи, Аттилаға 
қатысты «Кім? Не? Неге? Қашан? Қайда?» деген 
сұрақтарға жауап беру арқылы үш маңызды оқиғаны 
еске түсіреді. Оқиғалар арасында байланыс орнатуға, 
тұлғаларды не біріктіретіні туралы ойлануға тыры-
сады. Кесте толтыру кезінде Мөде шаньюй туралы 
бағанды үлгі түрінде көрсетуге болады. Оқушылар 
Мөде, Чжи Чжи, Аттила туралы бағандарды толты-
рып, ғұндарды біріктіріп, "аумақтың біртұтастығын 
сақтау идеялары өзара ұқсас" деп айтуы мүмкін.
Бас-
шы-
сы
Кім?
Неге? Қашан? Қайда?
Қалай?
Мөде Ғұн 
импери-
ясының 
негізін 
қалаушы
Біртұтас 
ғұн 
мем-
лекетін 
құрғы-
сы келді
Мөде 
шаньюй 
ғұн
мем-
лекетін
б.з.д. 
206 
– 174 
жыл-
дары 
басқар-
ды
Ғұндар 
Байкал 
көлінен 
Тибетке 
дейін 
және 
Шығыс 
Түр-
кістан-
нан 
Хуанхэ 
өзеніне 
дейінгі 
ау-
мақты 
иеленді
Мөде 
бастаған 
ғұн әскері 
Саян,
Алтай, 
Жоғарғы 
Енисей 
өңірлері 
тайпа-
ларын
талқан-
дап, жер-
лерін қо-
сып алды
Қосымша тапсырмалар
1. Тарау бойынша алған ақпараттар негізінде 
оқушыларға шығармашылық жұмыстар беруіңізге 
болады. «Ғұндар – қазақ халқының арғы атасы» деген 
тақырыпта ой-толғау жазуды сұраңыз.
Критерийлері:
– сабақ барысында меңгерген білімдерін пайдала-
ну;
– оқиғалардың себеп-салдарын ажырата білу;
– өз ойын жинақты әрі нақты түрде білдіре алу.
2. Шығармашылық жұмыс. Оқушыларға бірнеше 
нұсқаны ұсынуға болады:
1-топ: Ғұндардың қару-жарақтарының, атты 
әскерінің немесе соғыс қимылының суретін салу.
2-топ: Ұлы Қытай қорғанының макетін құрастыру.
Топтар жұмыстарын таныстырып, бірін-бірі баға-
лайды, өзіндік ой-қорытынды жасайды. 
3. Кейбір оқушылар тарау бойынша алған ақпарат-
тары негізінде Аттила туралы шығармалардың кем 
дегенде біреуімен танысады.
4. Ақпараттық органайзер оқушының алған факто-
логиялық білімін тексеруге көмектеседі. Оның мазмұ-
нын тақырыпқа сай өзіңіз бейімдей аласыз. Мысалы, 
негізгі жылдар, шайқастар, тұлғалар, географиялық 
атаулар, шайқастардың нәтижелері және т.б.
5. Белгілі бір тақырып бойынша постер жасау үшін 
мынадай критерийлерді басшылыққа алу қажет:
– көрсетілетін тақырып нақты әрі өзекті болуы 
тиіс;
– негізгі идеялар ықшамдалып, оған сәйкесінше 
дәйектер келтіруі тиіс;
– сөздер, сөйлем мөлшері шектеулі болуы тиіс;
– тақырыпқа сай иллюстрациялар/тірек-сызбалар/
инфографика бейнеленуі тиіс. 
6. Зияткерлік карта ойды жүйелеуге, қорытынды-
лауға қолдау көрсетеді. Оның басты идеясы – әртүрлі 
ойлардың қаншалықты бір-бірінен өрбіп шығатын-
дығын көрсету. Зияткерлік картаны жасау критерий-
лері:
– көрнекілік;
– негізгі ойлардың анықталуы;
– оқиға желісінің ретімен өрбуі;
– тиісті мәліметтердің/фактілердің болуы;
– зияткерлік картаның тілі түсінікті, ақпараты нақты, 
жеңіл оқылатын болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет