Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы. Қазақ АКСР-ы аумағының қалыптасуы. Қазақ жерлерінің біртұтастығын қалпына келтірудегі қазақ зиялыларының рөлі.
Бөлімі:
|
Әскери коммунизм саясатынанЖаңаэкономикалықсаясатқакөшу
Зерттеусұрағы: Қазақстанүшінжаңаэкономикалықсаясаттыңартықшылықтарықандайболды?
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Завева Г
|
Күні:
|
04.12
|
Сыныбы:8
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қазақ АКСР-ы аумағының қалыптасуы. Қазақ жерлерінің біртұтастығын қалпына келтірудегі қазақ зиялыларының рөлі.
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
8.3.1.7 ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау;
8.4.1.1 деректер мен дәйектерді салыстыру арқылы жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын алған өзгерістерді талдау
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлығы: ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын біледі
Басым бөлігі: ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын түсінеді
Кейбірі: деректер мен дәйектерді салыстыру арқылы жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын алған өзгерістерге талдау жасап,қорытынды жасай алады
|
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
5 мин
|
Ұйымдастыру.
суреттерді байланыстыра отырып бүгінгі тақырыбымыз не жайында екендігін оқушылар болжау жасайды.
Нені көріп тұрсыңдар?
Қандай сұрақтар туындады?
Қандай қорытынды шығара аласыз?
Оқушыларға сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру.
|
Оқушылар өз жұмыстарын сынып алдында таныстырып, бір-бірін сұрақ-жауап алуын ұйымдастырыңыз.
|
Өзін-өзі бағалау
|
Презентация
|
35мин
|
Зерттеу және талдау.
Т Қазақ Автономиялық кеңестік Республикасы құрылуына белсене атсалысқан ұлт зиялыларының (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ә.Ермеков, М.Сералиннің) ролін анықтап, қазақ жерінің қалпына келтіруінің маңызын ашып, пікірлерін дәлелдеуді тапсырыңыз. Мысалы,АКСР-дің шекарасының белгіленуі.
Б Картамен жұмыс түрін ұйымдастырыңыз.Қазақ АКСР-дің территориясын, астанасын кескін картаға түсіртіп, басты маңызын жаздыртыңыз. Мысалы,ежелгі қазақ жері қалпына келтірілді.
Қазіргі Қазақстан мен Қазақ АКСР-нің карталарын салыстырып, территориялық өзгерістері мен сабақтастығын анықтатыңыз.
Критерийлері:
Шекарасы;
Орталығы;
Әкімшілік бөлінісі.
Б 1925 жылғы Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезіндегі «қырғыз» атауының «қазақ» атауына ауыстырылған қаулысын оқытып, қаулының маңыздылығы неде? сұрағы арқылы талқылау ұйымдастырыңыз. Оқушылар қазақ атауының қайта жандануы, тарихи әділдіктің орнауын түсінуі керек.
Б Қорытындылау
Сабақты қорытындылау мақсатында ПТМС формуласы арқылы «Қазақ Кеңестік автономиясы құрылуының тарихи маңызы зор» тұжырымдамалық сөйлемді талдауды ұсыныңыз.
Позиция: Мен солай санаймын ...
Түсіндіру: Себебі ...
Мысал: Мен мұны мынадай дәлелдер/дәйектер арқылы дәлелдей аламын....
Салдар: Айтылған жайт бойынша мынандай қорытынды жасаймын...
|
Топпен жұмыс
|
Топтар бірін бірі бағалайды.
|
|
5 мин
|
(М/Б)
Рефлексия
(Б) Үй тапсырмасы
⸹24 оқу. 93-беттегі ТАПСЫРМАЛАРДЫ дәптерге жазып орындап келу.
|
оқушылардың бүгінгі сабақ тақырыбын қаншалықты меңгергенін және келесі сабақта қай оқушымен, қандай сұрақ төңірегінде жұмыс жасауды жоспарлау мақсатында кері байланыс жүргізу.
|
Өзін-өзі бағалау
Бағалау. Мұғалім оқушыларға оқу мақсатына жеткенің немесе жетпегенін айтады
|
Стикер
Интерактивті тақта
|
Достарыңызбен бөлісу: |