5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


Жайылым – табиғи өрістік жер алқабы. Мал  еркін жайылып бағылатын жер. Жартылай көшпелі



Pdf көрінісі
бет265/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Жайылым
– табиғи өрістік жер алқабы. Мал 
еркін жайылып бағылатын жер.
Жартылай көшпелі
– көктем, жаз, күз мезгілін-
де жайылымның ыңғайына қарай жылжып көшіп 
отырып, қыста дайын қора-жайы бар қыстауларда 
қыстайтын мал шаруашылығы. Мал шаруашылығы-
ның бұл түрі ерте темір дәуірінде дала мен таулы 
аймақтарда қалыптасқан.
Жәдігер
– адамдардың өткен өміріне қатысты 
түрлі мәліметтер. Тарихи орындардан табылған құнды 
ақпараттар көзі болып табылатын бұйымдар, деректер.
Жекеменшік
– жерге, жылжымайтын мүлікке 
және т.б. меншіктің негізгі нысандарының бірі. Же-
кеменшік мүліктің белгілі бір субъектіге тән екенін 
көрсетеді. 
Жерошақ
– от жағып, үстіне қазан асуға, нан 
пісіруге арналған шұңқыр. Жерошақ тақыр жер-
ден қазылады, қазандық, түтіндік шығарып, алдын 
кеулеп ояды. Қазылған шұңқырдың ұзындығы – 
60–70 см, тереңдігі – 30–40 см, кеңдігі қазанның ау-
мағына байланысты болады. 
Жертөле
– жерді қазып, бұтақтармен өріліп, 
шыммен жабылған жер үй.
Жорық
– 1) әскерлердің алыс өңірлерге шабуыл 
жасауы; 2) әскери бөлімдер мен құрамалардың 
белгілі бір бағытты бетке алып, көлікпен немесе 
жаяу ұйымдасқан түрде саппен қозғалуы.
Жүген
– ер-тұрман әбзелі. Ауыздық пен тізгін 
арқылы ат басын ырыққа көндіру үшін қолданы-
лады. Жүгеннің "өрме жүген", "қайыс жүген" деген 
түрлері бар.
Жылнама
– оқиғалардың болған жылы, күні 
бойынша баяндайтын аса маңызды жазба дерек-
тер. Ерте заманда абыздар, тарихшылар, дін қыз-
меткерлері, патша хатшылары жыл ішінде болған 
елеулі тарихи оқиғалар мен тарихи құбылыстарды 
рет-ретімен тіркеп, жазып отырған. 
Жібек жолы
– Еуразия құрлығындағы сауда, ке-
руен жолдарының жалпы атауы. Тарихи жол жібек 
саудасына байланысты «Жібек жолы» атанды. Ал 
кең-байтақ Шығыс пен Батыс өлкелерін бай-
ланыстырып тұрғандықтан, «Ұлы» сөзі қосылып,
«Ұлы Жібек жолы» деп аталды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет