5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет74/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Тірек сөздер
темір
тайпалық одақ
пеш-көрік
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дей-
ін. I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Қазақстан тарихы (очерктер). – Алматы: Дәуір, 
1994. 
3. http://lms.nci.kz. СББР № 107. Қазақстан ау-
мағындағы тайпалық одақтар және алғашқы мем-
лекеттер.
Оқулық: Қазақстан аумағында темірдің игерілуі, 
48-49-бет.


2-тарау. 
Ежелгі көшпелілер өмірі
49
толықтыру үшін келесі жұптарға өз ойларын ай-
туға мүмкіндік беріңіз. Осылай сыныптық талқылау 
ұйымдастырыңыз. Талқылау нәтижесінде сынып 
оқушылары ортақ шешімге келеді. Қажет болған 
жағдайда бағыттаушы сұрақтарды қойыңыз. Оқушы-
ларға: "Қалай ойлайсыңдар, сендер анықтаған ай-
ырмашылықтар қай дәуірде орын алған?" – деген 
сұрақты қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын 
ашуға қадам жасаңыз.
Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен таныс- 
тырғаннан кейін: «Неліктен б.з.д. VІІІ ғасыp мен б.з. 
VІ ғaсыp аралығы темір дәуірі деп аталады?» деген 
сұрақ қойыңыз. Оқушылардың болжам жауаптарын 
тыңдаған соң, «Тeмір дәуіріне саяхат» атты мәтін-
ді оқуды тапсырыңыз. Мәтінді оқуға 5 минут уақыт 
беріңіз. Бұл мәтінді оқығаннан кейін оқушыларда 
бастапқы сұрақ бойынша білім қалыптасады. Бұ-
дан әрі оқушылар «Адамдар темірді қалай өндірді?» 
атты мәтінмен танысады.
 
Адамдар темірді қалай өндірді
Тапсырма жұппен орындалады. Сынып оқушыла-
рына тапсырманы орындату үшін арнайы критерий-
лер ұсынуға болады. Олар:
• берілген уақытты тиімді пайдалану;
• сыныптасын тыңдау;
• өз пікірін дәлел арқылы білдіру;
• өзгенің пікірін құрметтеу.
Қолдану дағдысын жүзеге асыру мақсатында 
оқушылардың назарын оқулықтағы суреттерге ау-
дарыңыз. Темірді балқыту үдерісін сипаттап беруді 
сұраңыз. Шебер дайын болған заттарды жинақтап
ұстахананың бір бөлігінде сақтады. Оны тапсырыс 
берушілер алған. Кейде шебер құралдарды өзіне қа-
жетті заттарға айырбастап отырды. Кен тасын балқы-
ту үдерісі нәтижесінде дайын өнімдер: қылыш, сем-
сер, балта, кетпен, орақ, жебе ұштары т.б. жасалды. 
Бұл тапсырма оқушылардың ойлау және шешім қа-
былдау дағдысын дамытады. Келесі кезекте оқушы-
ларға жеке орындауға үш тапсырма беріңіз. 
• Берілген суреттер бойынша үш сұрақ құрасты-
ру.
• «Ұстаханадағы бір күн» деген тақырыпта 50–70 
сөзден тұратын шағын әңгіме құру.
• «Тарихи ақпарат» деген газетке темірді игерудің 
маңыздылығы туралы мақала жазу.
Тапсырмалар саралау бойынша құрастырылған. 
Бұл оқушыларға өз деңгейіне байланысты таңдау 
мүмкіндігін береді. 
Кері байланыс
Оқушыларға сабақтың тақырыбына қатысты 
3-5 минуттық әңгімелерін жеке немесе шағын 
топтарда дайындауды тапсырыңыз. Егер топтарда 
дайындалса, топтарға бір спикер сайлауды 
тапсырыңыз. Спикерлер әрдайым ауысып отырса, 
оқушылардың барлығын оқытуға мүмкіндігіңіз 
туады. Оқушыларға 5 минуттық сөз дайындауға 
беретін тақырыбыңыздың өзектілігіне мән беріңіз.
Себебі, тақырып оқушыларды сыни тұрғыда ойлауға 
жетелеп, шығармашылыққа итермелесе сабақ сәтті 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет