5 Орфографияны оқыту әдістемесі жіне ерекшелігі


Курстық жұмыстың міндеттері



бет4/13
Дата07.02.2022
өлшемі173 Kb.
#97357
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
орфографияны оқыту әдістемес

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Орфографиялық нормалардың қалыптасу мәселелерінің маңыздылығын сипаттау, оның ерекшеліктерін анықтау;

  • Оқулықтардағы орфографиялық нормалар интерпретациясын қарастыру;

  • Орфографиялық аспектіде орфографиялық нормалардың қалыптасуын анықтау;

  • Тілдік қатынастағы орфографиялық нормалардың қалыптасуын ғылыми зерттеу.

Зерттеу әдістері. Қойылған мақсаттарға жетуде синхронды, сонымен қатар тілді зерттеудің диахронды аспектілерін есепке ала отырып жүзеге асырылады. Зерттеу жұмысында салыстыру, талдау, саралау және жалпылау тәрізді жалпы ғылыми әдістермен қатар салғастырма әдіс, дистрибуциялық талдау, формалды тілдік талдау әдісі, салыстырма-тарихи әдіс, тілдік аналогия жасау, тілдік модельдеу әдісі сияқты лингвистиканың өзіндік әдістері мен тәсілдері қолданылады.
Жұмыста жазушының тілдік ұстанымын адекватты түрде көрсететін (орфограмма, жазу мотивациясы, орфография ережелері және т.б.) түсініктер жүйесі негізінде норманы құрылымдық талдау, эксперимент, салыстыру, бақылау сияқты тілдік құбылыстардың белгілі бір даму кезеңдеріне сипатты ғылыми – зерттеу тәсілдерінің жүйесін көрсететін лингвистикалық сипаттау әдісі қолданған. Зерттеу жұмысында орфография нормаларының нұсқаларын қалыптастыратын, олардың орфография құрылымында иерархиялық өзара қарым-қатынасын көрсететін орфографиялық норма міндеттерін шешетін модельдеу әдісі де қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет