5 Орфографияны оқыту әдістемесі жіне ерекшелігі


Зерттеудің теориялық құндылығы мен практикалық мәнділігі



бет6/13
Дата07.02.2022
өлшемі173 Kb.
#97357
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
орфографияны оқыту әдістемес

Зерттеудің теориялық құндылығы мен практикалық мәнділігі. Қазақ тіл білімінде тілдік қатынастағы орфографиялық нормалардың қалыптасу теориялық мәселе ретінде қалыптасуы мен дамуына өзіндік үлес қосады. Орфографиялық норманың қалыптасу мәселелерін тілдік, коммуникативтік, прагматикалық, когнитивтік, лингвомәдени, этикалық тұрғыдан қарастыру оның негізгі белгілерінің түгелденіп біртұтас құбылыс ретінде қалыптасуына негіз болады. Сөздің коммуникативтік сапасын объективті түрде айқындаудың, мәтінді интерпретациялаудың, тілдік нормаларды кодификациялаудың теориясын жасау жолындағы әрі қарайғы ғылыми зерттеулерге мұрындық болады.
Аталмыш зерттеудің нәтижелері мен қорытындылары, материалдары жоғары мектептерде орфография, орфоэпия, коммуникация теориясы бойынша оқылатын лекциялық курстарда пайдаланылады.
Зерттеудің материалдары мен теориялық пайымдауларын жоғары мектеп үшін жазылатын орфография мен орфографиялық норма жөнінде оқулықтар мен оқу құралдарын, бағдарламаларын жасауға пайдалануға болады. Сондай-ақ зерттеу жұмысында айтылған тұжырымдар мен ұсыныстардың нормативті сөздіктерде кодификациялау ісінде қолданылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет