Көптеген жылдар бойы әсіресе 20 ғасырдың 60-70 жылдары басты назар математика, нақты ғылым мен техникалық ілім беруге аударылды. Себебі қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуына байланысты белгілі бір бағытта мектеп және жоғары оқу орнын бітірушілердің жақсы дайындығы талап етілді.
Өткен ғасырдың тоқсаншы жылдары басында қоғамның нарықтық экономикаға көшуіне байланысты заңгерлік, экономикалық мамандықтардың мәртебесі жоғары болып саналды, гуманитарлық білімге деген сұраныс пайда болды. Бұл оқу жоспарында бөлінген сағат санының гуманитарлық цикл, әсірее тілдерді оқытуға артуына, ал нақты ғылым мен математика пәндері бойынша кемуіне әкелді. Десе де, математика қазіргі кездің өзінде мектептік оқу пәндерінің жүйесінде маңызды орынға ие.
Нақты ғылым пәндерімен салыстырғанда математика нақты нәрселерді емес, объективті шындықтың кеңістік формалары мен сандық қатынастарын зерттейді. Демек, математика абстрактілі объекілерді зерттейді, және ол математикаға әмбебаптық пен формальды логикалық бағыт береді.
Математикалық білімнің әмбебаптығы оның әдістерінің әсерлігі, тереңдігінен байқалады. Ны бәрінен бұрын математикалық модельдеу мен ғылымның басқа облыстарында, оның ішінде нақты ғылымдада кеңінен қолдануынан байқаймыз.
Әр түрлі құбылыстар мен процестердің сандық байланысын сипаттайтын математикалық модельдеу осы күні білімнің кез келген саласында жүргізілетін зерттеулердің ажырамас бөлігі болып табылады. Оның ролі мәліметтерді компьютерлік өңдеу мүмкіндіктерінің кеңеюіне байланысты артып келеді. Математикалық білім адамның интеллектуалдық дамуын қамтамаыз етуде үлкен мәнге ие.
Математикаға және басқа пәндерге оқыту оқушының алған білімді жан жақты қолдану мүмкіндіктерін көрсете алатындай етіп ұйымдастырылуы қажет.
Математикалық білім беру, оның мазмұны мен деңгейі математика, жаратылыстану және техникалық ғылымдар салаларында, математикадан сабақ берумен байланысты практикалық қызметтің сәйкес сфераларында жұмыс жасайтын мамандарды дайындауға мүмкіндік туғызу керек. Сондықтан математикалық білім беру жалпы білім беру жүйесінде басты орындардың бірінде тұр. Осыған байланысты математикалық білім берудің мазмұнын таңдаудың тиімді жолдарын табу және математиканы оқытудың сапасын көтеру өзекті мәселердің бірі болып табылады.