Қоғамдағы қозғалыстар: түсінігі,құрылымы,белгілері



бет1/6
Дата22.12.2021
өлшемі0,75 Mb.
#127412
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Презентация Microsoft PowerPoint
Өнер философиясы compressed

Қоғамдағы қозғалыстар наразылық және адамдардың ойлауы :қазіргі күйі 1.Қоғамдағы қозғалыстар:түсінігі,құрылымы,белгілері 2. Заманауи қоғамдағы әлеуметтік қозғалыстардың рөлі

Қоғамдағы қозғалыстар:түсінігі,құрылымы,белгілері

  • Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Саяси қозғалыстың ерекшелігі ол үкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі.
  • Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады.
  • Жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады.
  • Экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар себеп болады. Мысалы: Жаңаөзендегі (1989 ж.)әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда «Бірлік» деген ұйым құрылды.
  • Ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы: «Азат», «Желтоқсан».
  • Саяси қозғалыстар көпшілік партияны құру жолыдағы алғашқы саты болуы мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұйымы,жұмысының біріңғай бағдарламасы,басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте,оның әділеттілік,бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттық жаңарып өркендеуі, айналадағы ортаны қорғау, т.с.с. жалпыхалықтық, азаматтық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптасады. Бұл ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып, бастарын қосады, тіпті өзара айтарлықтай айырмашылықтары бар қоғамдық таптарды да біріктіруі мүмкін. Көбінесе қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет