Консервативтік бағыттағы қозғалыстар: өткенді көксеу, дәріптеу, оны сынсыз қабылдау, сонымен қатарлы дәстүрлі саяси формалар мен институттарға ерекше сенім арту:
Реформистік бағыттағы қозғалыстар: олар капиталистік қоғамды бірте – бірте реформалауды мақсат етеді:
Демократиялық қозғалыстар: өзекті мәселелерді демократиялық тұрғыда шешуге бағытталған әр түрлі либералдық, діни, бейбітшілік және т.б. ұйымдардың қызметі:
Неоконсервативтік қозғалыстар: мемлекеттік капитал мүддесіне бағыну, қызмет ету, жеке- дара белсенділікті, әлеуметтік- теңсіздікті қолдау, дәстурлі моралдық мұраттарды дамытуды көздейді:
Революциялық бағыттағы қозғалыстар: бұлар қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымында сапалы өзгерістер жасау арқылы дамудың прогрессифті жолына түсуді көздейтін жұмысшы және коммунистік қозғалыстар.
Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады.
Экологиялық бағыттағы ұйымдар.Оларға жататындар «Невада-Семей» қозғалысы, «Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті, «Табиғат» комитеті, т.с.с..