5-практика. Культиваторды жобалау және есептеу
негіздері
Практикалық сабақтың тапсырмалары:
1.Жұмыс органдардың алым ені мен санын есептеу;
2. Жұмыс органдарды жобалау.
1. Жұмыс органдардың алым ені мен санын есептеу
Культиваторлар атқаратын жұмысына қарай үш топқа бөлінеді: жаппай (сүрілік), қатараралықты өңдейтін (отамалы) және арнайы культиваторлар.
Топырақты жаппай өңдейтін культиваторлар, жазық кескіш және қопсытқыштардың алым енін келесі формуламен анықтайды
,
мұнда - трактордың тарту күші,
- трактордың тарту күшін пайдалану коэффициенті,
0,8-0,95;
- топырақтың 1 м алым еніне келетін меншікті кедергісі,
10.1 кесте.
Қатараралықты өңдейтін культиватордың алым ені күтіп-баптап отырған өсімдікті отырғызған агрегаттың алым еніне сәйкестендірілуі керек:
,
мұнда - бір уақытта өңделетін қатар саны;
- қатараралық қашықтық.
Арамшөптер тамырын толық кесілуін және табандар арасында топырақтар тұрып қалмауын қамтамасыз ету үшін культиваторлар мен жазық кескіштер жұмыс органдарын екі қатарға орналастырады.
Топырақты жаппай өңдейтін культиваторларда серіппелі тірекке бекітілген қопсытқыш табандарды үш қатарға, ал қатты бекіткенде екі қатарға орналастырады.
Отамалы культиваторларда отауыш табандарды екі немесе үш қатарға орналастырады. Топырақты біркелкі тереңдікте және тегіс өңдеу үшін жебе тәрізді табандарды бір жақты отауыш табандар алдында орналастырады.
Жүріс бағытындағы табандар қатар арасындағы қашықтық (сурет 1):
,
мұнда - табан жүзінің ашылу бұрышы;
- топырақтың металға үйкеліс бұрышы, .
Сурет 1 - Культиватордың отауыш табандарын орнату сүлбесі
Отауыш табандардың көмкеруі С арамшөптердің толық кесу шартынан анықталады:
мұнда - культиватордың тура бағыттау кездейсоқ ауытқу
бұрышы, .
Көмкерудің үлкен мәні жұмыс органдарының ұзын жеке жетектерге орнатылғанда қабылданады. Алымы кіші қопсытқыш табандарды көмкерусіз орнатады, себебі, бұл табандардың қопсытқан топырақ ені табан алым енінен үлкен.
Топырақты толық қопсытуды қамтамасыз ететін қатардағы табандар ара қашықтығы:
мұнда - қопсытқыш табан алым ені, м;
- ең үлкен өңдеу тереңдігі, м;
- деформациялану аймағының конустық бетінің бұрышы,
;
- жұмыс органның топыраққа кіру бұрышы.
1 кесте - Топырақтың меншікті кедергісі
Достарыңызбен бөлісу: |