1) Қанөндірілуінің унитарлы теориясы және қанның бағанды жасушасы туралы түсінікті қалыптастыру.
2) Постэмбрионалды қанөндірілуінің ерекшеліктерін білу.
3) Қызыл сүйек кемігінің жағындысында эритроидті, лейкоциттік және тромбоциттік қатарларының жасушаларын айыра білу.
4) Дифференцировка барысындағы қанөндіру жасушалардың ультраструктуралық және гистохимиялық өзгерістерінің негізгі зандылықтарын білу
5) Миелоидті және лимфоидті қатарының жасушалар дамуының сатыларын білу (миелопоэз және лимфопоэз).
6) Иммуноциттер туралы түсінікті қалыптастыру және иммуцитопоэздің негізгі сатыларын білу.
Қажетті бастапқы білім деңгейі:
1) Қанөндірілуінің унитарлы теориясы. Даму барысындағы жасушалардың класстары.
2) Постэмбрионалды қанөндірілуінің локализациясы. Қанөндірудын және иммуногенездің орталық және перифериялық ағзалары туралы түсінік.
Постэмбрионалды гемопоэз эритроциттердің, гранулоциттердін, тромбоциттердің, моноциттердің дамуын қамтамасыз ететін арнайы гемопоэз тінінде −миелоидті тінінде, сондай-ақ Т-және В-лимфоциттердің, плазмоциттердің дифференцировкасы мен көбеюін қамтитын лимфоидті тінінде жүзеге асырылады. Постэмбрионалды гемопоэз физиологиялық жолмен ыдыраған дифференциалды жасушалардын орнын толтыратын қанның физиологиялық регенерация процессі болып табылады. Миелопоэз түтікті сүйектердің эпифизінде және көптеген кеуекті сүйектердің қуыстарында орналасатын миелоидті тінінде (сүйек кемігінің ретикулярлы тіні және гемопоэз жасушалары) жүреді. Сонда эритроциттер, гранулоциттер, моноциттер, қан пластинкалары, лимфоциттердің ізашарлары дамиды. Миелоидті тінде қанның және дәнекер тіннің бағанды жасушалары орналасады. Лимфопоэз лимфоидті тінде жүреді (строманың ретикулярлы элементтері және гемпоэз жасушалары). Лимфоидті тін тимуста, көкбауырда, лимфалық түйіндерінде және т.б орналасады. Ол келесі функцияларды атқарады: лимфоциттерді түзеді, плазмоциттердің пайда болуын қамтамасыз етеді, жасушаларды және ыдыраған өнімдерді жойып отырады.