Қызыл сүйек кемігі − қанөндірудін орталық ағзасы, онда гемопоэздің бағанды полипотентті жасушалары орналасады. Бағанды жасушалар қанның барлық пішіндік элемен-теріне бастама береді және оның өзін-өзі жаңартуға қабылеті болады. Құрылысы бойынша осы жасушалар кішкене лимфоциттерге ұқсайды және оларды иммуноцитохимиялық әдісі арқылы ажыратуға болады.
Қызыл сүйек кемігінің кесіндісі.Бояуы: гематоксилин және эозин. х900. 1− қанның пісіп жетілген жасушалары;
2 − мегакариоциттер;
3 − қанның даму барысындағы жасушалары.
Тимус(айырша, немесе зоб безі) − лимфоцитопоэздің және имму-ногенездің орталық ағзасы. Сүйек кемігінің Т-лимфоциттер ізашарла-рынан тимуста Т-лимфоциттердің антигенгетәуелсіз дифференци-ровкасы жүреді. Т-лимфоциттер жасушалық иммунитеттің реакция-ларын жүзеге асырады және гуморалды иммунитеттің реакция-ларын реттеп отырады.
Тимус (айырша, немесе зоб безі) − лимфоцитопоэздің және имму-ногенездің орталық ағзасы. Сүйек кемігінің Т-лимфоциттер ізашарла-рынан тимуста Т-лимфоциттердің антигенгетәуелсіз дифференци-ровкасы жүреді. Т-лимфоциттер жасушалық иммунитеттің реакция-ларын жүзеге асырады және гуморалды иммунитеттің реакция-ларын реттеп отырады.
Лимфалық түйіндер лимфа тамырлардың бойында орналасады, олар лимфоци-топоэздің және иммуноло-гиялық қорғаныстың ағзалары. Олардың бойында Т- және В-лимфоциттердің антигенгетәуелді дифферен-цировкасы жүреді. Лимфа-түйіндерінде организмді бөгде антигендерден қорғай-тын жасушалық және гуморалдық иммунитеттің реакциялары жүзеге асыры-лады