5-сыныбына арналған оқу құралы


Футбол ойынының тарихы Сөздік



бет14/25
Дата15.09.2017
өлшемі3,98 Mb.
#33270
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25

Футбол ойынының тарихы

Сөздік

даму – развиваться

өлім жазасы – смертный приговор

бірнеше мәрте – несколько раз

жанкүйерлер – болельщики

бас тартқан жоқ – не отказались

тізім – список


Футбол тарихы XII ғасырдан басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен екен. Өйткені, 1313 жылы белгілі феодал Эдуард II қала ішінде футбол ойнауға шектеу қойған. Тіпті, 1314 жылдың 13 ақпанында король Лондон қаласында футболға қарсы шаралар қолданған. 1389 жылы Ричард II патша сарайы маңында доп тепкендерді өлім жазасына кескен. Патшаға бірнеше мәрте рұқсат сұрап барған футбол жанкүйерлері әрдайым жағымсыз жауап алып отырған.
Бірақ халық футбол ойнаудан бас тартқан жоқ.
Тек 1908 жылы футбол олимпиадалық ойындар тізімінен орын алды.
1-тапсырма. Сөздерді мағыналарымен жұптастырыңдар.

1) футбол мұзда сырғанау, қақпаға шайба салу.

2) баскетбол мимен ойлану, қарсыласына мат қою.

3) волейбол суда жүзу, мәреге жүзіп жету.

4) хоккей доп тебу, қақпаға гол соғу .

5) бокс допты қолмен ойнау, торға доп салу .

6) шахмат жүгіру, мәреге жүгіріп жету.

7) суда жүзу былғары қолғаппен ұру, нокаут ету.

8) марафон допты секіріп ұру, тордан асыру.

9) шаңғы спорты шаңғы тебу, мәреге сырғанап жету.

2-тапсырма. Сұрақ-жауаптарды оқып жаттығыңдар.

1-сұрақ: Әлемде жанкүйері ең көп спорт түрі қайсы?

Әлемде ең көп жанкүйерлері бар спорт түрі – футбол.

2-сұрақ: Барлық спорт түрлерін қамтитын халықаралық жарыс қалай аталады?

Барлық спорт түрлерін қамтитын халықаралық жарыс олимпиада деп аталады.

3-сұрақ: Мұз үстінде ойналатын спорт түрі – қайсы?

Мұз үстінде ойналатын спорт түрі – хоккей.

4-сұрақ: Спортта қол жеткізген ең үлкен нәтиже қалай аталады?

Спортта қол жеткізген ең үлкен нәтиже рекорд деп аталады.

3-тапсырма. бақылау, орын алу – етістіктерін осы шақта жіктеңдер.

4-тапсырма. Төменде берілген тұрақты тіркестерді жаттап алыңдар.

1. Бағы жану – жолы болу, табысқа жету;

(Мысалы: Бұл жарыста қазақстандықтардың бағы жанды).

2. Тізе бүгу – жеңілу;

(Мысалы: Осы жолы ол қарсыласынан тізе бүгуге мәжбүр болды).

3. Төбесі көкке жету – қуану;

(Мысалы: Біздің команда жеңгенде, төбеміз көкке жетті).

4. Санын соғу – өкіну.



(Мысалы: Олар соңғы минутта жеңіліп, санын соғып қалды).

«Ханталапай» ойыны

Жаңа сөздермен таныс, сөздік дәптеріңе жазып ал.

боялуы керек – нужно покрасить тимей қалса – если не попадет

қос уыс – пригоршня қозғап кетсе – если сдвинет үйіру – кружить орта – середина, центр

ұпай – очко саналу – считаться

соғылған – сбитый үйірген ойыншы – ведущий

шашылған – разбросанные кезек – очередь
Бұл ойынға 4-5 бала қатысады. Ойынға он асық алынады. Он бірінші асық «хан» болады. Ол боялуы керек. Ойыншылар кезектерін біледі. Бірінші ойыншы қос уыстай ұстаған барлық асықты ортаға үйіруі керек. Басқа ойыншылар «ханға»

қарап тұрады.

«Хан» алшы түскенде, балалар ортадағы асықтарға хан талапай жасайды. «Хан» кімнің қолында кетсе, асықтарды сол үйіреді.

«Ханмен» бірге қолына алған асықтардың санына байланысты ұпай саналады.

«Хан» алшы түспесе, үйірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін, алшысы мен алшысын, тәйкесі мен тәйкесін бір-біріне соғады, соғылған асықтардың біреуін алып, ұпай жинайды. Бір-біріне тимей, басқа асыққа соғылса немесе басқа асықты қозғап кетсе, онда кезек басқа ойыншыға беріледі.

Осылай ойыншылар алған асығының санына қарай ұпай жинайды.

Тапсырмалар:

ІІІ деңгей

  1. Мәтіннің мазмұнын орысша айтып беріңдер.

  2. Етістіктерді теріп жазып, жалғауларын белгілеңдер.


ІІ деңгей

  1. Ойынның мазмұнын айтып беріңдер.

  2. 2 -3 етістікті тауып, жіктеңдер.


І деңгей

1. Қазақтың ұлттық ойындарын атап, ерекшеліктерін түсіндіріңдер.

«Тоғызқұмалақ ойыны»

Сөздік

табандылық – упорство

жылдамдық – 1) быстрота; 2) ловкость

сүйек тастар – кости

шешім қабылдау – принять решение

ұя – ячейка

күрделі – сложная

сайыс өткізіп – проводить состязание

жаттықтырушы - тренер



Спорттың түрі көп. Бірі – күшті болуға, екіншісі – жылдамдыққа, үшіншісі табандылыққа баулиды. Ал тағы бір түрі ойлауға үйретеді. Оларға шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ жатады.

Тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық ойыны. Бұл ойында сүйек тастары ұяларға тоғыз-тоғыздан түсіп отыруы керек. Тоғызқұмалақ – жылдам есептеуді, тез шешім қабылдауды қажет ететін күрделі ойын. Тоғызқұмалақта бір ойынды жарты күн немесе бір күн ойнайды.

Ұлы ақын Абай тоғызқұмалақ ойынының шебері болған. Абай тоғызқұмалаққа үлкен мән берген. Ол атақты ойыншыларды шақырып, жиырма- отыз күн бойына сайыс өткізіп отырған. Бұл туралы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» кітабында жақсы жазылған.

Қазір Қазақстанда тоғызқұмалақ ойынынан халықаралық жарыстар өткізіліп тұрады. Әбілда Ақшораев тоғызқұмалақтан алты рет республика чемпионы болған. Ол – тоғызқұмалақ спорты бойынша еңбек сіңірген жаттықтырушы.
Тапсырмалар:

1. Сұрақтарға жауап беріңдер.

- Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? Оған қатысып көрдіңдер ме?

- Тоғызқұмалақ ойынын Абай неге ұнатқан?

- Әбілда Ақшораев туралы не білдіңдер?

- Тоғызқұмалақ ойнап көрдіңдер ме?

2. Мәтіннен 3 етістікті тауып, жіктеп жазыңдар.

3. Мәтіннен есімдіктерді теріп жазып, түрлерін анықтаңдар.

4. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.

Теннис ойыны

Сөздік

ұқсас – похожий

нағыз – настоящий

айналады – превращается

жаппай – массовый

сән – мода

ептілік – подвижность


Теннис ойыны – спорттың өте ертеден келе жатқан түрі.

Теннис сөзі француздың «тенназ» деген сөзінен шыққан. Бұл сөз «ойнаңдар» деген мағынаны білдіреді. ХІІІ–ХҮ ғасырларда Францияда жаппай теннис ойнау сәнге айналады. Бұл ойын ептілікке, жылдамдыққа үйретеді. 1529 жылы король Генрих ҮІІІ алғашқы теннис алаңын салдырған. Ол қазіргі кезде де қолданылады.

Қазіргі теннис – әлемдегі ең танымал ойын. Бұл ойын сәнге айналған. Тенниске қызығушылар дүние жүзінде көптеп саналады.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

- Теннис ойыны туралы не білдіңдер?

- Тенниске қызығасыңдар ма?

- Өз бауырларыңа, достарыңа спорттың қандай түрімен айналысуға ақыл – кеңес берер едіңдер?
2. Берілген сөздердің екінші бағанадан орысша баламасын тауып, бағдар сызықпен көрсетіңдер.
ұқсас мода

нағыз ловкий

сән увлекающийся

епті похожий

танымал профессионал

кәсіпқой настоящий

қызығушы известный
3. Төмендегі етістіктердің болымсыз түрін жасап 5 сөйлем құраңдар.

Отыр, аш, кел, кір, оқы.

Азиада 2011

Сөздік:

астам – свыше жарыстар – соревнования

қатысады – участвуют оңтүстік – южный
VII Қысқы Азия Ойындар немесе Азиада 2011 жылы 30 қаңтар мен 7 ақпан арасында Қазақстанның екі қалаларында (Алматы мен Астана) өтеді. Жалпы алғанда, 7-қысқы Азия ойындарына Қазақстанда 17-ден астам ел қатысады, жарыстар спорттың 11-түрінен өткізіледі және 59-дан астам медаль жиынтығы ойнатылады. Тек оңтүстік мегаполистің өзіне 60 мыңнан астам турист келетінін атап өту керек.
Тапсырмалар: 1. Сөздікті пайдаланып, мәтінді түсініп оқыңдар.

2. Сұрақтар құрастырыңдар.

3. Етістіктерді мәтіннен теріп жазып, шағын ажыратыңдар.

4. Сол етістіктерді болымсыз етістікке айналдырып, сөйлем құраңдар.



Грамматикамен жұмыс: Шылау - сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы. Демеулік шылаулар 6 түрге бөлінеді. Олар сөздерді байланыстырмайды, қосымша мағына үстейді.

Оқулықпен жұмыс: 160 бет, 5- тапсырма.



Ашық тест:

    1. 2011 жылы нешінші Қысқы Азия ойындары өтті?

    2. Қысқы Азия ойындары қашан өтті?

    3. Етістіктің келер шақ жұрнақтарын атаңдар.

    4. Етістіктің болымсыз түрінің жұрнақтарын көрсетіңдер.

    5. Азиада 2011 қай қалаларда өтті?

Азия ойындары

Сөздік

мәнерлеп сырғанау – фигурное катание арман – мечта

заман – время, период жаңа дәреже – новый уровень
Елордада мәнерлеп сырғанаудан, хоккейден, конькиде жылдам жүгіру және шорт-тректен жарыстар өтеді. Қалған ойындардың барлығы Алматы қаласында өткізіледі. Ойындар елдің атын шығарып қана қоймай, қысқы спорт түрлерінің дамуын жаңа дәрежеге көтермек. Әлемге әйгілі“Медеу” мұз айдынында бір сырғанап өту бүкіл әлемнің коньки тебушілері үшін арманға айналған заман да болған.

Тапсырмалар:

1. Мәтіннен септік жалғаулы зат есімдерді табыңдар.



    1. Көптік жалғаулы сөздерді көрсетіңдер.

    2. Тәуелдік жалғаулы сөздерді табыңдар.

    3. Сын есімді тауып, сөз тіркес құрастырыңдар.

    4. өтеді, сырғанайды деген етістіктердің қай шақта, қай жақта тұрғанын анықтап және осы сөздерді өткен шаққа қойып жазыңдар.


Нәтиже сабақ


  1. Етістіктің неше шағы бар?

А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5 Е) 6

  1. Осы шақтың түрлерін тап.

А) нақ, ауыспалы В) мақсатты, ауыспалы

С) жедел, ауыспалы Д) бұрынғы, ауыспалы

Е) болжалды, ауыспалы


  1. Күрделі нақ осы шақтағы етістікті тап.

А) тұрсыз В) отырмын

С) барып отырмын Д) жүрміз Е) келеді




  1. Жедел өткен шақтағы етістікті тап.

А) ойнаймын В) ойнамақпын

С) ойнағанмын Д) ойнадым Е) ойнармын




  1. Ауыспалы өткен шақтағы етістікті тап.

А) ашасың В) ашатынсың

С) аштым Д) ашып тұрмын Е) ашпақпын




  1. Мақсатты келер шақтағы етістікті тап.

А) барарсыз В) барасыз

С) бармақсыз Д) баратынсыз Е) бардыңыз




  1. Мына сөйлемдегі етістік қай шақта тұр: Мен ертең қазақ тілі үйірмесіне барамын.

А) ауыспалы келер шақ

В) ауыспалы осы шақ

С) жедел өткен шақ

Д) бұрынғы өткен шақ

Е) мақсатты келер шақ


  1. Болжалды келер шақтың жұрнақтарын көрсет.

А) –мақ, мек В) – а ,е,й С) – ды,ді Д) – ар,ер,р Е) – ған,ген

  1. Қалып етістігін тап.

А) тұр В) бар С) кел Д) сал Е) жап
10. Бұрынғы өткен шақтағы етістікті тап.

А) келер В) келдік С) келмекпіз Д) келеміз Е) келгенбіз


ІІ. Мына етістікті жіктеңдер.

1-нұсқа Мақсатты келер шақта: тойлау

2-нұса Болжалды келер шақта: безендіру

3-нұсқа Күрделі нақ осы шақта: шақыру

4-нұсқа Жедел өткен шақта: сырғанау
ІІІ. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңдар.

Аяз атаға өлең айту, шыршаны безендіру, боранды күн, шанамен сырғанау, шаңғы тебу, жаңа жылды тойлау.


Мектеп

Сөздік


ұғым – понятие

мәңгі – вечно

белсенді – активный

сауатты – граммотный

мәдениетті – культурный

міндет – обязанность




Мектеп

«Мектеп» деген сөз араб тілінен шыққан. «Оқу орны» деген ұғымды білдіреді. Әрине сендердің алғаш оқуға барған күндерін естеріңде қалатыны сөзсіз.

Алғашқы қоңырау соғылды. Мектеп директоры, ата-аналар құттықтап, жақсы тілектер айтты.

Мектепте «Оқушыларға арналған ереже» бар: жақсы оқу, үлгі болу, белсене қатысу. Осы барлық ережені оқушы орындаса, келешекте сауатты, білімді, мәдениетті болады.

Міне, бұл – мектептің ең басты міндеті.
1-тапсырма. Суретке қарап 3-4 сөйлем жазыңдар.
2-тапсырма. Мәтінді пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңдер.
«Мектеп» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Сені кім құттықтап, жақсы тілектер айтады?

Сенің мектебіңде «Оқушыларға арналған ережелер» бар ма?

Ол ережелерді оқушы не үшін орындау керек?


3-тапсырма. Берілген есептік сан есімдерді сөзбен жазыңдар.
12 28 33 54 77 82
4-тапсырма. Мақалдарды түсініп оқып, көшіріп жазыңдар.


  1. Сәлем – сөздің анасы

  2. Әдепті елдің баласы


5-тапсырма.Сөздермен есептік сан есімдерді сәйкестендіріп жазыңдар.
Он екі 54

Отыз үш 29

Жиырма тоғыз 12

Елу төрт 33



Қырық тоғыз 49


Мен кезекшімін


Сөздік

кезекші – дежурный су құйды – полил

сүртті – вытер ашты – открыл

кең – просторный жарық – светлый

қамтамасыз ету – обеспечить талап – требование
Сынып бойынша кезекші
Қоңырау кезінде сыныпта болу, сыныпқа тәртіп қамтамасыз ету, мұғалімге сыныпты келесі сабаққа дайындауға көмектесу, сабақ біткеннен кейін сыныпты жинақтау; санитарлық талаптарға сай жағдайларды сақтау.
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Кеше сыныпта кім кезекші болды? 2. Бүгін сыныпта кім кезекші болды? 3. Кезекші не істейді? 4. Ол кімге көмектесу керек?
2-тапсырма.

а) Мағынасы бір-біріне жақын сөздердің сыңарын тауып жазыңдар.

Жуан, жіңішке, үлкен, асыл, дәу, қымбат, үғу, қалың, түсіну, жұқа, ғалым, білгір.



ә) Мағынасы бір-біріне қарсы мәндес сөздердің сыңарын тауып жазыңдар.

Қалың, қымбат, жұқа, арзан, сырты, жоқ, іші, жеңіл, бар, ауыр.


3-тапсырма. Сөйлемдерге жақша ішіндегі сөздердің тиістісін қойып оқыңдар.
Біз екінші сыныпта (ойнаймыз, оқимыз). Сынып (оқушылары, оқулықтары) тату. Кезекші гүлге (сүт, су) құйды. Айдос тақтаны (сүртті, қойды). Марат дәптерді (алды, оқыды).

Мектеп кабинеттері

Сөздік
тарих – история кесте – вышивка

құттықтау – поздравить бұйым – вещь

сырланған – покрашено ақталған – побеленный

жылдамдық – скорость тамақтану – питаться

шеберхана – мастерская кесте тігу – вышивать

Мектеп кабинеттері


Мен... мектепте,... сыныпта оқимын. Мектебім ... қабатты. Біздің мектепте кабинеттер өте көп. Бірінші қабатта ..., ..., ... орналасқан. Екінші қабатта...,...,..., кабинеттері орналасқан. Олар кең және жарық. Мектеп алаңында ...,...,... бар.
1-тапсырма. Мәтінді толықтырып, көшіріп жазыңдар.

Мен ______ мектепте, ______ сыныпта оқимын.Мектебім _____ қабатты. Біздің мектепте кабинеттер өте көп. Бірінші қабатта___________,_________,__________,___________ орналасқан.Олар кең және жарық. Мектеп алаңында _____,______ бар.


2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.


  • Сен нешінші сыныпта оқисың?

  • ................................................

  • Ал сенің мектебің қайда орналасқан?

  • .............................................

  • Мектебің неше қабатты?

  • ...............................................

  • Екінші қабатта не бар?

  • ................................................

  • Екінші қабатта қандай кабинеттер бар?

  • ....................................................


3-тапсырма. Мақалдарды аяқтаңдар.


  1. Өнер алды – __________________________

  2. Туған елдей ______болмас,

Туған жердей ______болмас.

  1. Білім – _____________________

Мектеп – ___________________

  1. Кітап білім – _______________

Білім – өмір________________

  1. Білгенім___________________ тоғыз,

Білмегенім _________________ тоғыз.
4-тапсырма. Берілген сөздерді буынға бөліп, буынның қай түрі екенін белгілеңдер.
Тұңғыш, үйреткен, ұстаз, білім, кітап, еңбек, сүйеді, баулу, құрметтейді.

Жаңа оқу жылы

Сөздік

аяқталды - закончились шығарма - сөздік

басталды - начались мазмұнды - содержательное

демалыста - здесь:каникулы қызықты - интересное
Жаңа оқу жылы

Жазғы демалыс аяқталды. Жаңа оқу жылы басталды. Оқушылар жазғы демалыста не істегендері туралы шығарма жазады.

Енді бір топ оқушы қандай кітап оқығандары туралы шығарма жазды. Айбектің жазған шығармасы мазмұнды жіне қызықты болды. Ол «бес» деген баға алды.
1-тапсырма. Сурет бойынша жаңа сөздерді қатыстырып, әңгімелеңдер.
2-тапсырма. Сөйлемдер құрап жазыңдар.


  1. Аяқталды, жазғы демалыс.

  2. Оқу, жаңа, басталды, жылы.

  3. Демалыста, жазады, оқушылар, туралы, не істегендері, туралы, шығарма.

  4. Қызықты, өте, шығармасы, Айбектің болды.

  5. Жақсы, ол алды, баға.

3-тапсырма. Берілген сөздерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрастырыңдар.


басталды

аяқталды

мазмұны

шығарма


демалыс

қызықты

4-тапсырма. Берілген сөздерді екі бағанға бөліп жазыңдар.
Жіңішке буынды сөздер. Жуан буынды сөздер.
Тарих, сырланған, шеберхана, пәндік, жарық, кең, үлкен, таза, әдемі, биік.


Біздің мұғалім


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет