5-сыныбына арналған оқу құралы



бет25/25
Дата15.09.2017
өлшемі3,98 Mb.
#33270
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Көмек
Мен мамама еремін,

Қол ұшымды беремін.

Суға толы шелегін

Көтерісіп келемін!


Қалт етпей қас-қабағы,

Мамам мені бағады.

«Әуп-әуп!» - десем, күш алып,

Жымың-жымың қағады.


Бірге барып бұлаққа,

Су тасыстым бір апта.

Шелек менен жоғары

Келе жатыр бірақ та... (Несіпбек Айтов)


Тапсырмалар:
III-деңгей. 1. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.

2. Ана туралы айтыңдар.

II-деңгей. 1. Өлеңнің ішінен баяндауышты теріп жазыңдар.

2. Сурет бойынша 2-3 сөйлем құрастырыңдар.

І-деңгей. 1. Өлеңнің ішінен бітеу буынды сөздерді теріп жазыңдар.

2. Сурет бойынша әңгіме құрастырыңдар.



Қазақша сөйлейміз
1-тапсырма. Бір-біріңмен сөйлесіңдер.
- Әлия, сен жалғызсың ба?

- Жоқ, мен сабақта жалғыз емеспін.

- Сен қайдасың?

- Мен қазір сабақтамын.

- Сендер көпсіңдер ме?

- Иә,біз көппіз.

- Сабаққа дайынсыңдар ма?

- Иә, біз сабаққа дайынбыз.

- Әлия, сен еңбекқорсың ба?

- Әрине, мен еңбекқормын.

- Жарайсың, Әлия! Сен жақсы оқушысың.
2-тапсырма. Диалогтан жіктік жалғаулы сөздерді теріп жазыңдар.
3-тапсырма. Төмендегі сөздердің сөз құрамын анықтаңдар.
Оқушылар, кезекшілер, оқытушылар, тәрбиешілер, балалықты, жастықты, достықты.
4-тапсырма.

а) Мағынасы бір-біріне жақын сөздерді тауып жазыңдар.


Үлгі: мойнына алмау – тану
Көзі, әйнегі, оқушылар, өтірік, соңғы, қайтуға, шын, рас, жаман, қажет, әділ, шәкірттер, кетуге, нашар, керек, мойына алмау, тану, ақырғы, жалған.
ә) Қарсы мәндес сөздердің сыңарын тауып жазыңдар.
Үлгі: шын - өтірік
Шын, мойындау, аяқтау, жақсы, сену.
5-тапсырма. Жаңылтпашты жаттаңдар.
Айта-айта жақ талды,

Қайта-қайта жатталды.

Қайта-қайта жақ талды,

Айта-айта жатталды.



Тіл туралы мақал

Сөздік


қарым – қатынас – отношение

меңгер – овладевай

талап – требование

міндет – обязанность

Тіл – адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын құралы. Тілді меңгеру, шешендік өнерге жетілу адамға оңайлықпен келмейді. Халқымыз «Өнер алды – қызыл тіл», «Басқа пәле – тілден» дейді. Кез-келген адамнан шешендік өнерді талап ету артық; шешендік – табиғи дарындылық; ерінбей, жалықпай, үзбей ізденген – үлкен еңбектің жемісі. Сөйлеу мәдениетіне жетілу баршамызға ортақ міндет. Жақсы сөздің жанға жылы тиіп, адамды тамаша сезімдерге бөлейтіндігі, тек осындай сөздермен ғана белгілі. Мысалы, «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады», «Жақсы сөз – жанға азық».


1-тапсырма. Мақал-мәтелдерді түсініп алыңдар.
Ең тәтті де – тіл, Оқусыз білім жоқ,

Ең ащы да – тіл. Білімсіз күнің жоқ.

Күш жеңбегенді сөз жеңеді. Күш білімде.

Жақсы сөз – жанның тынысы. Талаптыға нұр жауар.


2-тапсырма. Мақал-мәтелдерді дұрыс аяқтаңдар.
Сөз қадірін білмеген таяқ еттен өтеді.

Айтылған сөз бас жарады.

Өнер алды өз қадірін білмейді.

Сөз сүйектен өтеді атылған оқпен тең.

Тіл тас жарады, тас жармаса қызыл тіл.

Мәтінді орыс тіліне аударамыз

Сөздік


бай – богатый

халық – народ

кішкентай кезінен – с малых лет






Ана тілі

Ана тілі – бұл әкенің, ананың тілі. Әр халықтың өз ана тілі болады. Қазақ халқының ана тілі – қазақ тілі. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді.

Қазақ тілі – бай тіл. Қазақ халқы – ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың.
1-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңдар.

2-тапсырма. Мәтіннен септік жалғаулары бар сөздерді теріп жазыңдар. 2,4 сөйлемді көшіріп жазып, бастауыш пен баяндауыштың астын сызып, сұрағын жазыңдар.
3-тапсырма. Сөздікті пайдалана отырып, төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңдар. Сөз тіркестерінен сөйлем құраңдар.
Жазылған кітап, кітап алғызды, сурет салғызды, бөлме тазаланды, келген кісі.

Жұмысқа көмектесті, ән айтып береді, білгісі келеді.



Мектеп – біздің анамыз

Сөздік
тұңғыш – первый (-ая, -ое) негізі – основа

ғалым – ученый құру – строить планы, ставить

жаңа – новый(-ая, -ое) (сети)
Жаңа типті қазақ мектебі

Қазақтың тұңғыш тамаша педагогы, демократ–ғалымы, ақын әрі жазушы Ыбырай Алтынсарин Торғай даласындағы ауылдарды аралап, мектеп ашуға қаражат жинады.

1863 (бір мың сегіз жүз алпыс үш) жылдың аяғында Ыбырай жобалаған мектептің құрылысы аяқталды.

Ы.Алтынсарин өзі қазақ арасында тұңғыш рет ашқан мектепті сол кездегі орыстың озық педагогикасы тұрғысынан құрды. Ыбырай жаңа типті қазақ мектебін ашты. Ол қажымастан еңбек етіп, үлкен табысқа жетті. Ы.Алтынсарин қазақ даласында қазақ балалары үшін ашылған мектептің негізін салушыларының бірі болды.


1. Ыбырай Алтынсарин кім?

2. Ол не үшін қаражат жинады?

3. Жаңа типті мектеп қай жылы ашылды?

4. Ол қандай мектеп ашты?


1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып шығып, өз сөздеріңмен әңгімелеп беріңдер.
2-тапсырма. Жұмбақтың шешуін табыңдар, сол сөзді септеңдер.

Жұмбақ
Білімнен мол сый – асы,

Балғындардың ұясы.



3-тапсырма'>(М...п)
3-тапсырма. Өлеңді оқып, тәуелдік жалғауы жалғанған сөзді тауып, есте сақтаңдар.
Мектебіме
Мектебім – айтар әнім, Өзіңнен алғанымды,

Сан рет қайталадым. Өзіңе қайтарамын.



Ұқыпты оқушы боламын

Сөздік


ұқыпты – аққуратно

тырысу – стараться

ұмтыту – стемиться вперед

мақтау – хвалить




Надя жақсы оқушы

Біздің Надя тәртіпті, әрі сабақты жақсы оқиды. Сабақтан кешікпейді. Кітаптарын таза ұстайды, жыртпайды. Жолдастарымен тату. Оны жолдастары жақсы көреді. Оның достары көп. Үлкен кісілерге әр уақытта сәлем береді. Үйде анасына көмектеседі. Үйді жинайды. Дүкенге барып, тамақ әкеледі. Кішкентай інілеріне, сіңлілеріне көмектеседі. Олардың сабағын тексереді. Біздің Надя 5-сыныпта оқиды. Ол – қайырымды, әрі оқу озаты.



1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініп, сұрақтар құрастырыңдар.
2-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңдар, ө, ү, і, ы, қ дыбыстары бар сөздерді теріп жазыңдар.

Ұқыпты оқушы
Кітапты қаптап тастаймын- Таза болсын беттері,

Жыртылмасын. Кірлемесін.

Мұқабасы бүктеліп, Көрген кісі кітабы

Қырқылмасын. Кір демесін.


3-тапсырма. «Бала», «кітап» сөздерін септеңдер.
4-тапсырма. Берілген сөздердің түбір, қосымшасын табыңдар.
Балалар, бақшасына, балаларға, кітаптарын, дүкенге, інілеріне, жолдастары.

Күн тәртібі

Сөздік

күн тәртібі – распорядок дня

дос болғысы келмейді – не хотят дружить

күнделік – дневник

үздік оқушы – передовой ученик



үлгірімі

- Апа, -деді Досалы, -менімен балалар неге дос болғысы келмейді?..

- Үлгірімі нашар оқушымен кім дос болады?

- Жақсы оқу үшін не істеуім керек?

- Ә, ә, ойлана бастадың ба?! Үздік оқушы күнделікті жұмыс кестесін жасайды. Сонымен жұмыс істейді.

Досалы қолына қалам алып, жазу үстеліне отырды. Күн тәртібін жасауға кірісті.


1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріп, өз күн тәртібіңді құрастыр.


  1. Досалы апасына не деді?

  2. Апасы Досалыға не деді?

  3. Досалы үздік оқушы болу үшін не істеді?


2-тапсырма. Сөз тіркестерінен сөйлем құрастырыңдар.
Сабақ үстінде, дос болу, шошып кету, нашар оқушы, үздік оқушы, сабақ даярлау, жұмыс кестесі, күн тәртібі, ұйқы буып, түні бойы.
3-тапсырма. Қарсы мәндес сөздерді теріп жазыңдар.
Ү л г і: нашар – үздік
Нашар, жалғыз, беру, жақсы, жылау, күлу, жоқ, үздік, көбейту, алу, бар, азайту, дос, жаман, жау, көп.
4-тапсырма.Сөйлесуді жалғастырыңдар.
- Балам –ау, сен неге ашуланып отырсың? –деп сұрады анасы Ерланнан.

- Сабағымды дайындап үлгере алмай отырмын. Өзімді ұйқы буып барады, - деді Ерлан жыламсырап.

- Кешке дейін далада ойнадың, енді әрине, үлгермейсің.

Бұл – нашар әдет, - деді анасы.

- Басқа балалар да ойнайды ғой, менің не істеуім керек? – деп жылап жіберді Ерлан. ...

Сөздік'>Әдепті балалар

Сөздік


даңғыл - проспект

әдепті - примерный

араласпау - не вмешиваться

бос уақыт - свободное время



2 - тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңдар. Бір сөзге фонетикалық талдау жасаңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.
Біздің елімізде ақылды, әдепті балалар өте көп. Үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда, олар шуламайды. Автобуста, трамвайда, троллейбуста үлкендерге орын береді.
3 - тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Біздің елімізде қандай балалар көп?

2. Үлкен кісілер әңгімелескенде, олар не істейді?

3. Балалар үлкендерге автобуста, трамвайда, троллейбуста орын бере ме?
4- тапсырма. Үлгі бойынша сөйлем құрастырыңдар. Қазақ тіліне тән дыбыстардың астын сызыңдар.
Үлгі: Мен кеше Сәрсенмен таныстым.

Керекті сөздер: мен таныстым, ол айтты, біз сөйлестік, оның ермегі.
5 - тапсырма. Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер.

- Сәлеметсің бе!

- Сәлеметсің бе!

- Сенің атың кім?

- Менің атым - ... .

- Ал сенің атың ше?

- Менің атым - ... .

- Сен қай мектепке оқисың?

- Мен ... мектепке оқимын.

- Қай сыныпта оқисың?

- 5 сыныпта оқимын.

- Сыныпта неше оқушы бар?

- Сыныпта ... оқушы бар.

- Бүгін сендерде қазақ тілі нешінші сабақ?

- Бізде қазақ тілі ... сабақ.

- Сен кіммен отырасың?

- Мен ... отырамын.

- Мен сенімен танысқаныма өте қуаныштымын!


Ана тілім – қанатым

Сөздік
әнім – моя пеня арым – моя честь

демім – мое дыхание мұра – наследие

жаным – моя душа шам – свет
1 – тапсырма. Мәтінді оқыңдар, аударыңдар. Мәтіннен 7 жуан, 7 жіңішке айтылған сөздерді теріп жазыңдар.
Біздің елімізде қазақтар, орыстар, немістер, ұйғырлар, татарлар тұрады. Немістің ана тілі – неміс тілі, ұйғырдың ана тілі – ұйғыр тілі. Кейбір адамдар бірнеше тіл біледі. Ол – дұрыс. Бірақ ана тілімізді қалған тілдің бәрінен жақсы білуге тиіспіз. «Өзгі тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» деген белгілі ақын Қадыр Мырза Әли.
2- тапсырма. Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырып жазыңдар.
Ел, қазақ, ана тілі, адам, мұра, білемін, үйренемін.
3- тапсырма. Сұрақтың орнына тиісті сөзді жазыңдар.
1. (Кім?) ауылға бардым. уақыт

2. (Кімдер?) ауылда тұрады. балалар

3. (Не?) маған ұнайды. мен

4. (Кімдер?) сабақта қазақша сөйлейді . атам, әжем

5. (Не?) қызықты өтеді. ауыл
4 – тапсырма. Мақалдарды оқып, мағынасын түсіндіріңдер.
Мақалдар

Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.

Өнер алды – қызыл тіл.

Ана тілі – дана тіл

Сөздік


ана тілі – родной язык

дана тіл – мудрый язык

ата – баба – предки

өзге – другие

Мен Қазақстанда тұрамын. Мен қазақпын. Ана тілім – қазақ тілі. Менің досым бар. Ол орыс. Оның ана тілі – орыс тілі.

Әр адам өз ана тілін білуі керек. Мен ана тілімді құрметтеймін. Ана тілім – ата-бабамның тілі. Ана тілі – дана тіл.

Өзге тілдерді үйрену үшін адам өз ана тілін жақсы білуі қажет. Мен ана тілімді жақсы білемін.




  1. тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға толық жауап беріңдер.




  1. Сен қайда тұрасың?

  2. Сенің ұлтың қандай?

  3. Сенің ана тілің қандай тіл?

  4. Ана тілі қандай тіл?




  1. тапсырма. Оқып өзара сөйлесіңдер.

  • Менің ұлтым – қазақ.

  • Сенің ұлтың қандай?

  • Менің ұлттым - ... .

  • Менің ана тілім – қазақ тілі.

  • Сенің ана тілің қандай?

  • Менің ана тілім – ... .

  • Мен ана тіліммен басқа орыс, ағылшын тілдерін білемін. Ал сен ше?

  • Мен ... тілдерін білемін.




  1. тапсырма. Көшіріп жазыңдар. Мәтінді жалғастырыңдар.

Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Бұл – көпұлтты мемлекет. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.




  1. тапсырма. Жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді бір бағанға, жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздерді екінші бағанға жазыңдар.

Білім, ұстаз, мектеп, оқушы, балалар, оқулық, күнделік, дәптер, үстел, қағаз, парақ, сурет, сызғыш, өшіргіш, қалам, баға, сегіз, қоңырау, тақта, кең, бос.



Тіл туралы мақал–мәтелдер


Сөздік

халық даналығы - народная мудрость

көрген-білгені - все, что увидел

сынайды - критикует

өнер мен білім - искусство и знание

Мақал-мәтелдер – халық даналығының бір көрінісі. Онда аз сөзбен көп мағына беріледі. Мақал-мәтелдер жақсы адам болып шығудың ережесі секілді.

Мақал-мәтелдердің көлемі қысқа болады. Олар шағын өлеңдер секілді. Мақал-мәтелдер ойда тез және жеңіл сақталады.


  1. тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер:

1. Мақал-мәтелдер дегеніміз не?

2. Мақал-мәтелдер нені сынайды?

3. Мақал-мәтелдердің тақырыптары қандай?




  1. тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер құрастырыңдар.

Халық даналығы, көп мағына, жақсылық, тәрбиелейді, жамандық, жалқаулық, өнер-білім, адамгершілік.




  1. тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесіңдер.

- Мақал-мәтелдер адамды неге тәрбиелейді?

- Мақал-мәтелдер адамды жақсылыққа тәрбиелейді.

- Мақал-мәтелдердің көлемі қандай?

- Мақал-мәтелдердің көлемі қысқа.

- Мақал-мәтелдер қалай айтылады?

- Мақал-мәтелдер тез және жеңіл айтылады.

- Мақал-мәтелдердің тақырыптары қандай?

- Мақал-мәтелдердің тақырыптары: өнер-білім, адамгершілік, жақсы мен жаман, достық, Отан туралы т.б.

Ана тілім – әнім

Сөздік


ар – совесть

тағдыр – судьба

қасиет – достоинство мақтаныш – гордость

заман – эпоха

құдіретті – всемогущий

әлдилеу – баюкать

қалыптасу – сформироваться

тырысу – стараться

баға жетпес – неоценимое



1 – тапсырма. Өлеңді түсініп, жаттап алыңдар.
Ана тілім – әнім

Ана тілім – менің Жанымнан да қымбат

Әлдилеген әнім. Ана тілім маған.

Ана тілім – демім, Ана сөзін тыңдап,

Ана тілім – жаным Үлгі-өнеге алам.

Ана тілім – анам,

Аппақ қардай арым.

Мұра еткен бабам

Жарқыраған шамым

(Қ. Қайымов)


2 – тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар. Мәтіннен тақырыпты ашатын тірек сөздерді теріп жазыңдар.

Ана тілі

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамда ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы – сөздік қор – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға қалып отыратын баға жетпес мұра.


3 – тапсырма. Өлеңдерді оқып шығып, жаттап алыңдар. «Ана тілі» тақырыбы бойынша өлеңдер сайысын өткізіңдер.


  1. Ана тілің – арың бұл, 2. Ана тілін білмеген –

Ұятың боп тұр бетте. Ақылы жоқ желікбас.

Өзге тілдің бәрін біл, - Ана тілін сүймеген –

Өз тіліңді құрметте! Халқын сүйіп жарытпас

(Қ. Мырзалиев) (Б. Сарноғаев)





6 – тапсырма. Үлгі бойынша 5 – тапсырмадағы қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар.
Үлгі : тілің – тіл – түбір, -ің – тәуелдік жалғау, II жақ, жекеше түр.

Анамның тілі – аяулы үні

Сөздік


өмірге келдім – появился на свет

арайлы таңым – нежная заря

самалдай желпіп – веять легким ветерком

жырымен ертіп – согревая песней

үйретті тынбай – учила без устали

айбыным – мое величие






  1. тапсырма. Өлеңді әнімен айтыңдар.

Әнін жазған Ә. Тінәлиев

Сөзін жазған Ш. Смаханұлы



Анамның тілі – аяулы үні
Өмірге келдім,

Анамды көрдім,

Деді ол: «Жаным,

Арайлы таңым».

Самал боп желпіп,

Жырымен ертіп,

Үйретті тынбай

Бал тілін маған.


Қайырмасы:

Анамның тілі – айбыным менің,

Анамның тілі – ай-күнім менің.

Сүйемін байтақ елімді туған,

Сүйемін мәңгі өмірді думан.
2- тапсырма. «Анамның тілі, аяулы үні» өлеңінен кімді? кімнің? кіммен? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді тауып жазыңдар.
3- тапсырма. Оқыңдар, өзара сөйлесіңдер.
- Сен қандай мектепте оқисың?

- Мен орыс мектебінде оқимын.

- Сенің ана тілің қай тіл?

- Менің ана тілім – қазақ тілі.

- Сен ана тіліңді білесің бе?

- Иә, мен ана тілімді білемін.

- Сен ана тіліңді кімнен үйрендің?

- Мен ана тілімді атамнан, әжемнен, әкемнен, шешемнен үйрендім.

- Сен қазақ тіліңде кітап оқисың ба?

- Иә, менің жақсы көретін кітабым – «Қазақ ертегілері». Оны маған атам сыйлаған.


Менің тілім

Cөздік
біреу-ақ – только один неге олай – почему так

көп көру үшін – чтобы много видеть істеу үшін – делать

аз сөйлеу үшін – чтобы мало(меньше)

говорить




Кішкентай Әсия әжесінен:

- Әже, менің көзім екеу, құлағым да екеу, екі қол, екі аяғым бар, ал тілім біреу-ақ, неге олай?- деп сұрады. Әжесі оған:

- Көздің екеу болғаны, көп көру үшін; құлақтың екеу болғаны, жақсы есту үшін; қолдың екеу болғаны, жұмысты жақсы істеу үшін; аяқтың екеу болғаны, көп жүру үшін. Ал тілдің біреу болғаны, аз сөйлеу үшін,- деді.
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Көз не үшін керек?

2. Құлақ не үшін керек?

3. Қол не үшін керек?

4. Аяқ не үшін керек?

5. Тіл не үшін керек?
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауын жалғаңдар.
Ү л г і: қарындаш+ым

1. Менің қарындаш ... үстелде жатыр. 2. Сенің қалам ... менде. 3.Оның дәптер ... партада жатыр. 4. Сендердің кітаптар ... сумкада. 5. Олардың бөлме ... әдемі және үлкен. 6.Сіздің немере... неше жаста?

5. Қазақ тіліне жазбаша аударыңдар.
3-тапсырма. Қазақ тіліне жазбаша аударыңдар.
1. Это твоя ручка. 2. Это его ручка. 3. Это моя книга. 4. Это твоя книга. 5. Это ваш дом. 6. Это ваша ручка.

Қорытынды сабақ


  1. тапсырма. Тест тапсырмаларын орындаңдар.




  1. Дұрыс жазылған сөйлемді анықта.

а) бүгін болады қазақ тілі сабағы.

ә) болады бүгін тілі сабағы қазақ.

б) бүгін қазақ тілі сабағы болады.

в) қазақ тілі болады бүгін сабағы.

2. Қырғыздың ана тілі қандай тіл?

а) қазақ тілі

ә) қырғыз тілі

б) қытай тілі

в) ұйғыр тілі

3. Сабақта сендер не істейсіңдер?

а) тамақ ішеміз

ә) би билейміз

б) кітап жазамыз

в) кітап оқимыз

4. Сөйлемді жалғастырыңдар.

Мен қазақ тілін ..... .

а) барамын

ә) үйренемін

б) оянамын

в) келімін

5. Сөйлемді дұрыс аударыңдар.

Оқушы тақтаға сөйлем жазды.

а) ученик вытер доску

ә) ученик у доски читает стихотворение

б) ученик на доске пишет мелом

в) ученик на доске написал предложение.




  1. тапсырма. Тиісті әріптерді қойып жазыңдар.

1. Оқушылар с...баққа барды. 2. Мұғалім кү...делікке баға қойды. 3.Айнұр кітап оқыды. 4. Бір оқушы ...ақтаға шықты. 5. Бүг...н бес сабақ болады. 6. Айбота сөй...ем құрастырды. Сөйлем тіл туралы болды.




  1. тапсырма. Мәтінді жалғастырыңдар.

Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Бұл – көпұлтты мемлекет. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.



Пайдаланған әдебиет:

  1. Бектуров Ш., Бектурова А. Қазақ тілі. Алматы: «Атамұра», 2004 ж.

2. Қосымова Г. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі. Алматы: «Атамұра», 2005 ж.

3. Доспанова Ж. Практикалық қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.

4. Тлеулесова А. Адамгершілік баспалдағы. Оқу-әдістемелік нұсқау. Павлодар, 2006 ж.

5. Қазақша-орысша сөздік. 1-том. Алматы: «Арыс», 2007 ж.

6. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы. № 5, 2011ж.

7. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы. № 9, 2011ж.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет