Біз серуенге бардық
Күн жексенбі еді. Балалар мұғаліммен бірге серуенге шықты. Ауа райы салқынады. Олар көлдің қасына келді. Көлдің жағасындағы жапырақтардың басы сарғайған. Балалар табиғатпен танысты. Дала, көл, тау, өзен – бәрін көрді. Серуенге шыққан балалар үйлеріне көңілді қайтты.
1–тапсырма. Мәтінді оқып, қай жыл мезгіліндегі серуен екенін анықтаңдар.
тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Аптаның қай күні еді?
Балалар қайда шықты?
Ауа райы қандай болды?
Ағаштардың жапырақтары қандай?
Балалар немен танысты?
Олар үйге қалай қайтты?
тапсырма. Суреттер арқылы сөйлемдерді толықтырыңдар.
1.бұлтты.
2. бақта өседі
3. жылы жаққа ұшады.
Жаз келді
Сөздік
хош иіс – аромат күнге күю – загорать
қапырық – душный таяз – мелко, мелкий
шомылу – купаться қайық – лодка
жүзу – плавать шашу – здесь: брызгать
Жаз
Жаз келді. Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Маусымның 22-сінде күн мен түн теңеледі. Жаз айында табиғат қысқы ұйқысынан оянып, бақтарда әр түрлі құстар ән салады. Жаз айының ауасы да ерекше. Хош иісті ауаны жұтып көшеде, бақтарда қыдыра бергің келеді. Балалар айлы, ашық бұлтсыз кеште далада ойнауды ұнатады. Жаз айында адамдар ерте тұрып, кеш жатады. Өйткені бұл кезде жұмыс көп болады.
Мен жазда ауылға барғанды жақсы көремін. Ауылда жақсы демаласың, туыстарыңды көресің.
тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар қойып, әңгімелесіңдер.
тапсырма. Берілген сөздерден сөз тіркестерін құраңдар.
Серуендеді, аулады, өзен, демалды, күнге күйді, ыстық, шашты.
тапсырма. Берілген сөздерді және сөз тіркестерін аударып, сөйлемдер құрастырыңдар.
В воде, у воды, на берегу, в середине реки, глубоко, мелко, плавать, загорать, кататься на лодке.
Жазғы табиғат
Достарыңызбен бөлісу: