5-сыныбына арналған оқу құралы



бет17/25
Дата15.09.2017
өлшемі3,98 Mb.
#33270
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25

Сөздік
тәртіпті – дисциплинированный (-ая, -ое) қызығушылық - интерес

ұйым- организация ұстаз – учитель, наставник

білім – знание сыныптас - одноклассник

Біз ең тәртiптi, ең тату, ең ұйымшыл, ең сыпайы, ең алғыр, ең бiлiмдi сыныппыз. Сыныпта барлығы 25 оқушы. Олардың 13-i қыз, ал 12-сi ұл! Бәрi өнерлi. 15 бала дебат мүшесi, 5 домбырашы, 2 бишi, 3 дзюдошы, 1 қазақ күресі балуаны және соның iшiнде 4 әншi бар. Сынып жетекшiмiз, бiздiң екiншi анамыз – Боранкүл апай. Жақсы ұстаз – дана, ақыл ғой, әдiлеттi және қатал, жақсы сабақ түсiндiретiн педагог. Ол бiзге тәртiптi, ұйымшыл, бiр-бiрiмiзге жанашыр болуды үйретедi! Бiздiң сыныпта көптеген ғажайып балалар бар, әркайсысының өзiнiң қызығушылықтары бар: бiреулерi спортпен, кейбiреулерi бимен айналысады.



1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Сан есімдерді теріп жазыңдар.
2-тапсырма. Антоним сөздерді жазыңдар.
Жылы - ..., таза - ..., жарық - ..., кең - ..., жұмсақ - ..., көп- ..., әдепті ..., жақсы - ..., қою - ..., дос-..., күн-..., үлкен-....
3-тапсырма. Сынып сөзін септеңдер.
4-тапсырма. «Менің сыныптас досым» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.
Оқу, білім туралы мақал-мәтел

Жаңа сөздермен таныс, сөздік дәптеріңе жазып ал.


мақал-мәтел – пословицы-поговорки

тура - прямой

пікір - мнение

ауыспалы – переменный


Мақал – нақыл сөз. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде ұйқаса құрылып, кейде қара сөзбен де айтылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді Мысалы: “Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”, “Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”, “Ел – ырыстың орманы, ер – ырыстың қорғаны”, “Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”. Мәтел – өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” – мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” – мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы мақал-мәтелге айналған: “Ұлымды іздеп, дүниені көздеп” (Абай), “Жалғанды жалпағынан басып өтіп” (Жамбыл) т.б.

1-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп алыңдар. Онда не туралы айтылған?


Өмір – үлкен мектеп.

Өмірдің өзі – ұлы ұстаз


Жердің сәні – егін,

Ердің сәні – білім.


Өнер – ағып жатқан бұлақ,

Ілім – жанып тұрған шырақ.


Оқу – білім азығы,

Білім – ырыс қазығы.




Алтын алма, білім ал.

Ұстаздан шәкірт озар.


Оқымаған бір бала,

Оқыса екі бала.


Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.


Ғылым – теңіз, білім – қайық.

Кітап – алтын қазына.




2-тапсырма. Берілген мақалды аяқтаңдар:
Кітап – білім .... Кітап – адамның ....Тазалық-денсаулық – ....Тәні саудың – жаны ....

3-тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер:


  1. Мақал қандай сөз?

  2. Мақал қандай мағынада айтылады?

  3. Мәтел қандай мағынада айтылады?


4-тапсырма. Мақал сөзін септеңдер.

Менің сүйікті ұстазым



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет