Би: «Марал бикеш»
Орындайтын: Бишілер тобы
ІІ Жүргізуші: Жеңіс деген жақсылықтың
сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуыныш пен мерекенің бұлағы.
Хор: «Жеңіс туралы жыр»
І жүргізуші: Жеңіс!
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді далама.
Жеңіс келді әке боп,
Елдегі бар балаға.
Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән – көрік.
Жеңіс келді, алақай,
Тоя жейтін нан болып.
Мұғалім: Міне, балалар! Қасық қаны
қалғанша жаумен жан аямай шайқасқан аталарымыздың ерліктерін ешкім де, ешқашан
да ұмытпауға тиіс.
Сондықтан, бүгінгі тәрбие сағатымның тақырыбын «Ер есімі
ел есінде » деп алдық. Ондағы негізгі мақсатымыз: сендерге әрқайсысың өз
Отаныңды сүйе білуге, әрқашан оны қорғауға тиіс екендеріңді ұғындыру және Ұлы
Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой – өрістеріңді
дамытып, сондай-ақ, үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу .
Достарыңызбен бөлісу: |