5 сынып. Қасірет шегіп, қан кешіп, Жеңіске жеткен күн еді…



бет10/12
Дата25.12.2021
өлшемі43,91 Kb.
#104848
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
интернет сабактар

Көркем сөз: «Сен фашиссің, мен
қазақпын».  Қасым Аманжолов

Оқитын: Феруза Ниғыметова

  Сен-фашиссің,


мен-қазақпын,

Сен айтқандай азиатпын

Сен аспаннан жұлдыз қақтың,

Мен далада түйе бақтым.

Енді мынау қарайсың тек,

Дәрменің жоқ, көзіңмен жеп.

Арланасың, қорланасың,

Тұтқын болдым тағыға деп.

Егерде мен түссем қолға,

Қамар ең-ау темір торға.

Олай болмай, бұлай болды:

Біздің бақыт, сіздің сорға.

Сен-фашиссің, мен-қазақпын,

Сен айтқандай *азиатпын*.

Таңқаларсын*философым*

Ғажабыны табиғаттың.



І жүргізуші:  

Ендігі кезекті оқушылардың тақпақтарына береміз

Соғыстың құны – кесілген білек,

Соғыстың құны – тесілген жүрек.

Соғыстың құны – лаулаған орман,

Соғыстың құны – уланған арман.

Соғыстың құны – өртенген   аспан,

Соғыстың құны – төгілген жас қан…

Сүйінші!

Арылтып жаудан жерімді,

Табанға жаншып өлімді.

Жеңіспен желпіп өмірді,

Оралды ерлер көңілді,

Десеңдер бұл қай күн.

9 май күн!

Сүйінші, халқым, Сүйінші!

Сүйіншіге сүйінші!

Шаттан, ата – анамыз,

Шаттан, аға – бабамыз.

Кек қайтарып фашистен,

Соғыс бітті жеңіспен

Адам – тарих! Адам кешкен жолын ұқ,

Неше ұрпақ күнтізбектен алындық.

Бүкіл жерді бүркеп ұстап зұлымдық,

Қанша тер мен қан ұрттады зұлымдық.

Сұрапылдан дауа таппай шерленген,

Әлем демін әрең алды шеңберден.

Ажыратып қанды қара шеңгелден,

Жарып шықты қарғыс пенен тозақтан.

             Бармысыңдар,майдангерлер

Бармысыңдар,майдангерлер,

Сол соғыстың соңғы әні.

Әлі күнге күркірімен,

Оянатын бомбаның.

         Армысыңдар ардақтылар,

         Қалғандарым санаулы.

         Сонау жылы жер жастанды,

         Жастығың да жала

 9-мамыр, Жеңіс жыры,

 Саумал сыйлар жаз ай

Өкініш сол-саусақ жетер,

Саны қалған азайып.

Балғын қолдар болса-дағы,

Жетелейтін жүр-жүрлеп.

Жаңа ерліктер туғызам деп

Жерге сіңді бір-бірлеп.

Қиылды.Қанаты тәтті арманның,

Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.

Әлемде ең сұмдық күн ана үшін –

Майданға азаматтар аттанған күн.

Бұл басты. Ашық сәні қашты аспанның,

Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.

Анаға ең ауыр күн тіршілікте –

Боздап кеп. Боздағымен қоштасқан күн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет