1-тарау. Жалпы ережелер
1. Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6 тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. «Информатика» пәнін оқыту мақсаты білім алушыларды негізгі біліммен, тиімді пайдалануға арналған заманауи ақпараттық технологиялармен жүретін жұмыс дағдылары және қабілеттерімен қамтамасыз ету болып табылады.
3. Негізгі міндеттері:
1) білім алушылардың ақпараттық процестердің қоғамдағы түсінігін, ақпараттық технологияларды адам іс-әрекетінің әр түрлі салаларында пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын қалыптастыру;
2) білім алушылардың ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және одан әрі жұмысында тиімді пайдалана алу мүмкіндігін қалыптастыру;
3) білім алушыларға жүйені талдау, шешімдерді әзірлеу, программалық қосымшалар жасау, өздерінің өнімдерін бағалау үшін, олардың компьютермен жұмыс істеудің базалық қағидаларды түсіну түсініктерін дамыту;
4) талдау, абстракция, модельдеу мен программалау арқылы білім аушыларға әр түрлі тапсырмаларды шешуді үйрету;
5) білім алушыларда логикалық, алгоритмдік, сонымен қатар, жалпылау мен үйлестік, тапсырмаларды құрамдас бөлікке ажырату мен ортақ заңдылықтарды бөлу, қойылған тапсырмаларды шешуге тиімді және рационалды тәсілдер табу мүмкіндіктерін қосатын есептік ойлауды дамыту;
6) білім алушыларда ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл қазақстандық әлеуметтің мүддесін көздеу;
7) жасанды интеллект, Blockchain, Startup, Crowdfunding терминдерін түсіну;
8) білім алушылардың академиалық тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуға септік жасау.
2 – тарау. «Информатика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
4. «Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 10-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;
2) 11-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
5. Оқу пәнінің мазмұны бағдарламаның пән бойынша оқыту бөлімдерінен тұрады. Әр бөлім бөлімшелерге бөлінген. Бөлімшелер күтілетін нәтиже, дағды немесе білік, білім немесе түсінік түрінде оқыту мақсаттарын қамтиды.
6. «Информатика» оқу пәні бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы базалық мазмұны 4 бөлімді қамтиды:
1) компьютерлік жүйелер;
2) ақпараттық нысандарды құру және түрлендіру;
3) ақпараттық процестер және жүйелер;
4) қосымшаны құру;
6) компьютерлік жүйелер және ақпараттық қауіпсіздік
7. «Компьютерлік жүйелер» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) бұлттық технологиялар;
2) ақпараттық қауіпсіздік.
8. «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру» бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) дизайн теориясы;
2) видео контент құру;
3) веб-жобалау;
4) 3D – модельдеу.
9. «Ақпараттық процестер мен жүйелер» бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) ақпараттық технологияларды дамытудың заманауи үрдістері.
10. «Қосымшаларды әзірлеу» бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) мобильдік қосымшалар;
2) IT STARTUP (ай-ти стартап).
11. 10-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны:
1) «Компьютерлік жүйелер»
Ақпараттық қауіпсіздік: «ақпараттық қауіпсіздік», деректер «құпиялылығы» және «тұтастығы»; қауіпсіздік шаралары - деректерді резервтік көшіру және шифрлау; жеке тұлғаны сәйкестендіру әдістері;
2) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру»
Дизайн теориясы: «дизайн», «қолданылуы», визуалды дизайнның классификациясы; Ақпаратты қабылдау принциптері; «жақсы дизайн» қағидаттары (ыңғайлылық, қарапайымдылық және т.б.); графикалық файл пішімдері; графикалық файлдарды түрлендіру; сайттың дизайн-макетін әзірлеу.
Бейне контентін құру: видео түсірілімнің негізгі қағидалары және бейнелерді өңдеу; бейнемен жұмыс істеу бағдарламалары; бейне клиптерді өңдеу.
Веб-жобалау: сайттар конструкторы; веб-беттегі мультимедиа; сайтты алға жылжыту әдістері; сайтты жариялау.
3) «Ақпараттық процестер мен жүйелер»
Ақпараттық технологияларды дамытудың қазіргі заманғы үрдістері: машиналық оқытудың принциптері, нейрондық желілер; жасанды интеллект қолдану салалары; Blockchain технологиясының мақсаты мен жұмыс принципі..
12. 11-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны:
1) «Компьютерлік жүйелер»
Бұлттық технологиялар: файлдарды ортақ пайдалану.
Ақпараттық қауіпсіздік: ақпаратты және зияткерлік меншікті қорғау; электрондық цифрлық қолтаңба, мақсат, қолдану алгоритмі.
2) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру»
3D – модельдеу: виртуалды және кеңейтілген шындық; олардың адам денсаулығына әсері; бірінші тұлға көрінісімен 3D панорама (виртуалды саяхат) жасау.
3) «Ақпараттық процестер мен жүйелер»
Ақпараттық технологияларды дамытудағы заманауи үрдістер: Қазақстанда цифрландыру процесінің қазіргі заманғы үрдістері; электрондық үкімет порталы.
4) «Қосымшаларды әзірлеу»
Мобильді қосымшалар: мобильді қосымшалар интерфейсі; мобильді қосымшаларды әзірлеу және орнату.
IT Startup: Crowdfunding платформаларының жұмыс қағидалары; маркетингтік жарнама, өнімді өткізу және сату жолдары.
Достарыңызбен бөлісу: |