Физика материяның қозғалысын және оған сәйкес келетiн жалпы да ортақ заңдылықтарды зерттейтiн ғылым



бет1/4
Дата09.10.2023
өлшемі1,12 Mb.
#184251
  1   2   3   4
Байланысты:
1-лекция. Кинематика (1)


КІРІСПЕ
Физика материяның қозғалысын және оған сәйкес келетiн жалпы да ортақ заңдылықтарды зерттейтiн ғылым.
Табиғаттағы әрбiр нәрсе материя, олай болса, ол кеңiстiк пен уақыт бойынша үнемi қозғалыста болады.
Табиғатта материя екi түрде өмiр сүредi:

  1. зат түрiнде

  2. өрiс түрiнде.


Материяның зат түрiне - электрондар, протондар, атомдар,
молекулалар және осы бөлшектерден тұратын барлық заттар жатады.
Материяның өрiс түрiне - гравитациялық (тартылыс),
электр, магнит және т.б. өрiстер жатады.
Материяның негiзгi қасиеттерiнiң бiрi - қозғалыс.
Табиғатта түрлi қозғалыстар кездеседi

1. Механикалық қозғалыс 3. Электромагниттiк қозғалыс


2. Жылулық қозғалыс 4. Биологиялық қозғалыс және т.б.


Қозғалыстың ең қарапайым түрi – механикалық қозғалыс.
Механикалық қозғалыс деп уақыт өтуiне қарай дененің басқа денелерге қатысты кеңiстiктегi орын өзгертуiн айтады.
Жалпы физика курсы мынадай бөлiмдерден тұрады:
1 Механика
2 Молекулалық физика және термодинамика
3 Электр және магнетизм
4 Оптика
5 Атом және ядро физикасы.
Физикада және техникада халықаралық бiрлiктер жүйесi (СИ) қолданылады.
СИ жүйесiнде 7 негiзгi бiрлiк және 2 қосымша бiрлiк бар.






Қосымша бiрлiктер:
1.Жазық бұрыш –1рад (радиан),
2.Денелiк бұрыш – 1ср (стерадиан)


1 тарау. МЕХАНИКА НЕГІЗДЕРІ
Механика – денелердiң механикалық қозғалысын және өзара әсерлесуiн зерттейтiн физиканың бөлiмi. Механика екi бөлiмнен тұрады: кинематика және динамика.
Зерттелетiн денелердiң сипатына қарай механика үшке бөлiнедi.
Материялық нүктенiң механикасы. Берiлген жағдайда көлемiн, пiшiнiн ескермеуге болатын дененi - материялық нүкте деп атайды. Егер дененiң өлшемдерiне қарағанда оның жүрiп өткен ара қашықтығы көп есе үлкен болса, бұл дененi материялық нүкте деп қарастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет