1. 45 2. 40 3. 10 4. 30.
Қалыптастырушы бағалауға арналған 47-тест тапсырмалары (§47)
Толықтырыңдар:
1. 80% ____ ондық бөлшегіне тең.
2. 120% ____ ондық бөлшегіне тең.
3. Өнімнің 60% -ы жиналған, енді ____% -ын жинау керек.
4. 1000 тг- нің 1%-ы ____тг.
5. 1% -ы 20 000 тг-ге тең сан ________.
Қалыптастырушы бағалауға арналған 48-тест тапсырмалары (§48)
Толықтырыңдар:
1. 300 санының 3% -ы____.
2. Егер барлық көгөністің 2%-ы 15 ц болса, онда барлық көгөністің массасы ____ц.
3. 15 т –ның 75% -ы ____т.
4. 10 000 санының 12,5% -ы _____.
5. 12,5% -ы 1250 санына тең сан _____.
Қалыптастырушы бағалауға арналған 49-тест тапсырмалары (§49)
Толықтырыңдар:
1. Жиһаздың бағасы 240 000 тг , осы баға 20%-ға арзандатылды. Арзандатылған баға ____ тг.
2. Жиһаздың бағасы 234 000 тг , осы баға 10%- ға арзандатылды. Арзандатылған кейінгі баға ____ тг.
3. Үстелдің бағасы 56 400 тг және диван бағасының 60%-ын құрайды, онда диванның бағасы ________тг.
4. Шкафтың бағасы 90 000 тг, ал балаларға арналған жиһаздың бағасы оның 96%-ын құрайды. Балаларға арналған жиһаздың бағасы ______тг.
5. 2800 тг тұратын жиденің бағасын 280 тг-ге арзандаталды. Онда жиденің бағасы ____%-ға арзандатылды.
Достарыңызбен бөлісу: |